БҰЙЫРАМЫН:
1. "Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9577 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымдық кітапты жүргізу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық кітап (бұдан әрі – АТК) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. АТК осы Қағидаларға 1-қосымшаға асыл тұқымдық кітап жүргізілетін жануарлардың тұқымдарының тізіміне енгізілген жануарлар тұқымдары бойынша жүргізіледі.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. АТК бойынша малдың нөмірі үш белгіден тұрады (жылқылар туралы деректерден басқасы):
1) бірінші белгі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес асыл тұқымдық кітапқа асыл тұқымды жануарлар туралы деректерді енгізу кезінде облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға берілген марканы білдіретін бір әріптен тұрады;
2) екінші белгі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұқымдарға берілген марканы білдіретін бір, екі, үш немесе төрт әріптен тұрады;
3) үшінші белгі АТК бойынша берілген жануардың реттік нөмірін білдіретін бірден беске дейінгі цифрдан тұрады.
Жылқылар туралы деректерде нөмірлегенде бірінші және екінші белгілер қойылмайды.
Жануарларды нөмірлеу тұқымдар бойынша таза тұқымдар мен аралас тұқымдар үшін бөлек жүргізіледі.
Бір тұқым шегінде тұқымдық жануарлар мен ұрғашы жануарларды нөмірлеу бөлек жүзеге асырылады. АТК-да еркек шошқалар туралы деректер тақ сандармен, ал мегежіндер туралы деректер жұп сандармен нөмірленеді.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік өтетін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 8 қазандағы № 359 бұйрығына қосымша |
|
| Асыл тұқымдық кітапты жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Асыл тұқымдық кітапқа асыл тұқымды жануарлар туралы деректерді енгізу кезінде облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға берілген маркалар
№ | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атауы | Облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға берілген марка |
1. | Алматы қаласы | A |
2. | Астана қаласы | Z |
3. | Шымкент қаласы | Y |
4. | Абай облысы | U |
5. | Ақмола облысы | C |
6. | Ақтөбе облысы | D |
7. | Алматы облысы | B |
8. | Атырау облысы | E |
9. | Батыс Қазақстан облысы | L |
10. | Жамбыл облысы | H |
11. | Жетісу облысы | V |
12. | Қарағанды облысы | M |
13. | Қостанай облысы | P |
14. | Қызылорда облысы | N |
15. | Маңғыстау облысы | R |
16. | Павлодар облысы | S |
17. | Солтүстік Қазақстан облысы | T |
18. | Түркістан облысы | X |
19. | Ұлытау облысы | K |
20. | Шығыс Қазақстан облысы | F |