БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Пробация қызметі сот үкімі немесе қаулысы келіп түскен күнінен бастап:
1) он күнтізбелік күннен кешіктірмей қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаға сотталғанды шақырады;
2) сотталғанға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;
3) сотталған адамды сот үкімін, қаулысын алғаны туралы хабарламамен және әкімдіктің қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкімімен оларды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қолын қойғызып таныстырады;
4) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың орындалуын сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындау орнына бару арқылы, оның ішінде техникалық мүмкіндік болған кезде олардың орындалуын ішінара тіркеп-белгілеу арқылы бақылайды;
5) әкімдіктен жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі және орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде онымен профилактикалық әңгімелесу жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Пробация қызметі тоқсанына кемінде бір рет қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарында таратады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Пробация қызметі сотталғанды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға жолдаған кезде оған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарды орындау үшін анықтама-жолдама береді.
Анықтама-жолдамада сотталғанның сауалнамалық деректерi, оның тұрғылықты жерi мен негiзгi жұмыс (оқу) орны, оның ҚР ҚК-нің қандай бабы бойынша сотталғаны, қоғамдық жұмыс мерзімі (сағатпен), сотталғанның жергілікті атқарушы органға келу күні, ҚР ҚАК-нің 58-бабына сәйкес оны есептеу тәртібі көрсетіледі.";
8-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-параграф. Жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылған сотталған жүкті әйелдердің және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру тәртібі";
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Сотқа дейінгі пробация мынадай күдіктілерге, айыпталушыларға:
1) кәмелетке толмағандарға;
2) мүгедектігі бар адамдарға;
3) әйелдерге:
елу сегіз жастағы және одан асқан әйелдерге;
жүкті әйелдерге;
үш жасқа дейінгі жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырғандарға;
4) ерлерге:
алпыс үш жастағы және одан асқан ерлерге;
үш жасқа дейінгі жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге қатысты ерікті негізде қолданылады.";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15311 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 62-бабының 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 62-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың жазаның осы түрін орындауға тартуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді".
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жергілікті атқарушы орган сот үкімін немесе қаулысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) сотталған адамның тұрғылықты жерінде орналасқан белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстар түрін, сондай-ақ еңбек жағдайларының қауіпсіздігін ескере отырып, оларды қоғамдық орындарда орындау үшін объектілерді айқындайды;
2) сотталған адамның деректерін, ақы төленбейтін қоғамға пайдалы жұмыстардың түрін, оларды орындауға арналған объектіні, орындау шарттарын, жауапты ұйымды, күніне төрт сағаттан аспайтын, ал тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандарға - күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын жұмыспен өтеу уақытының ұзақтығын, демалу уақытын көрсете отырып, қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім шығарады;
3) пробация қызметіне сот үкімін немесе қаулысын алғаны туралы хабарлама және қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкімді жібереді.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жергілікті атқарушы орган:
1) сотталған адамды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеудешемен, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды орындау үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және өзге де құралдармен қамтамасыз етеді;
2) ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты жібереді;
3) сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі туралы пробация қызметіне хабарлайды.";
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң және нормашығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Қоғамдық жұмыстарды орындау үшін АНЫҚТАМА-ЖОЛДАМА
Қазақстан Республикасы ҚАК-тың 57, 58, 59-баптарына сәйкес
20___жылғы "___" _________ ______________________________________
(сот атауы)
сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің _____ бабы бойынша __________
сағат қоғамдық жұмыстарға сотталған ________________________________
((тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),туған жылы,
__________________________________________________________________
тұрғылықты жері, негізгі жұмыс (оқу) орны)
жазасын өтеу үшін жіберіледі.
М.О.
_________________________ (органның атауы)
Бастығы (аға инспекторы, инспекторы)
_________________________ __________________
(атағы, тегі, аты-жөні) (қолы)
20__жылғы "___" _________
-------------------------------------- кесу сызығы---------------------------------------
Жолдаманы алғаннан кейін хабарламаны толтырып, мөрмен растап және дереу
Пробация қызметіне жіберілсін.
Хабарлама
20_жылғы "___" ____________ _________ №___________________
__________________________________________ пробация қызметіне
Сотталған _____________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
__________________________________ қоғамдық жұмыстарды орындауға
(жұмыстың атауы)
20__жылғы "___" _________ кірісті.
М.О.
_________________________ (органның атауы)
Басшы
_________________________ _________________
(тегі, аты-жөні) (қолы)
20__жылғы "___" _________
Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидасына қосымша Нысан |
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандардың кеудешесі нысанының үлгісі.
Жарық шағылыстыратын бір жолағы бар және "ҚОҒАМҒА ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРУ", "ОТДАТЬ ДОЛГ ОБЩЕСТВУ" деген жазуы бар қызғылт сары түсті кеудеше (сурет).
Сурет.
Ескертпе: 1 – алдыңғы жағы; 2 – арқа жағы.