БҰЙЫРАМЫН:
1. "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау туралы ережеде:
223-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 5-тармағының 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларымен айқындалған жарналардан жалтарған пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы міндеттемелері бойынша берешекті өндіріп алу үшін:
өндіріп алушы - мүліктің меншік иелерінің бірлестігі, пәтер иелерінің кооперативі, кондоминиум объектісін басқару субъектісі куәландырған, нөмірленген, тігілген құжаттардың көшірмелері:
кондоминиум объектісін басқаруға арналған ағымдағы жарналардың, шығыстардың, жинақ жарналарының, орынтұрақ орындарын, қоймаларды ұстауға арналған жарналар мен шығыстардың, мақсатты жарналардың және олардың мөлшерінің бекітілгені туралы (пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелері жиналысының хаттамасынан жарналар өндіріп алушы куәландырған үзінді);
берешек сомасын есептеу туралы, жарналарды, шығыстарды төлеу мөлшері мен мерзімдері, оларды енгізу жөніндегі міндеттеменің туындаған күні туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есептеумен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді).
өндіріп алушы - уақытша басқарушы компания куәландырған тұрғын үй инспекциясымен жасалған шарттың көшірмесі;
берешек сомасын есептеу туралы, жарналарды, шығыстарды төлеу мерзімдері және оларды енгізу жөніндегі міндеттеменің туындаған күні туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есебімен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді).".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі | Е. Сарсембаев |