"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығына және "

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 414 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қыркүйекте № 36920 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге заңды тұлғаларды аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстардың мынадай түрлерін орындауға заңды тұлғаның құқылығын ресми тануы мақсатында жүргізіледі:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу;

      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;

      3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;

      4) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;

      5) газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;

      6) сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;

      7) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу.";

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қауіпті техникалық құрылғыларға;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына үміткер заңды тұлғада:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлауға, қайта даярлауға арналған, нормативтік техникалық құжаттары, оқу-әдістемелік материалдары, құралдары;

      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша оқу жоспарлары және оқыту бағдарламалары;

      3) оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыру жүйесі;

      4) компьютерлік техникамен, көрнекі құралдармен жарақталған меншік құқығындағы немесе өзге заңдық негіздегі оқу сыныптары (аудиториялары), оқушылардың өндірістік практикасына арналған базасы;

      5) жоғары техникалық білімі бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін даярлау мен тексеруден өткен кәсіби оқытушылар (мамандар).";

      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-1-тараулармен толықтырылсын:

      "5-1-тарау. Газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар

      7-1. Газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:

      1) тұрақты жұмысқа рәсімделген, осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар жоғары техникалық білімі бар және газбен жабдықтау жүйелері мен қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлаудан, қайта даярлаудан өткен кемінде екі маман;

      2) тұрақты жұмысқа рәсімделген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 479 бұйрығымен бекітілген "Тарату газ құбырын пайдалану және жөндеу" кәсіптік стандартының талаптарына сәйкес техникалық білімі және газбен жабдықтау объектілерінде үш жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесі бар және газбен жабдықтау жүйелері мен қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлаудан, қайта даярлаудан өткен кемінде бес маман (газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі кемінде екі шолушы және/немесе слесарь, газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі кемінде екі слесарь, кемінде бір дәнекерлеуші);

      3) мамандардың және меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде бұзбайтын бақылау зертханасының болуы;

      4) жұмыс түрлері бойынша технологиялық регламенттер және қауіпсіз жұмыс әдістері бойынша нұсқаулықтар;

      5) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде өндірістік ғимараттар мен жабдықтар (цех, шеберхана), станоктық парк, механизмдер, құралдар, бақылау-өлшеу аспаптары;

      6) өндірістік бақылау қызметтерінің болуы;

      7) коррозиядан қорғау қызметтерінің болуы;

      8) қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы газ болған кезде тұтынушыны хабардар ету жөніндегі нұсқаулықтардың болуы;

      9) заңды тұлғада өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйыммен шарттың немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған өзінің оқу орталығының болуы;

      10) авариялық-диспетчерлік қызметтің:

      еңбек шарттары және мамандарға арналған бұйрықтар (кемінде бір диспетчер, екі апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі слесарь және бір мастер);

      қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы радиостанциямен, сиренамен, көк түсті жарқылдауық маякпен және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған көлік құралы;

      меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде диспетчерлік бақылау пунктінің болуы.

      11) газ тарату жүйесінің меншік құқығында немесе өзге заңды негізде болуы;

      12) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12627 тіркелді) бұйрығымен бекітілген Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларына сәйкес өндірістік персонал үшін арнайы киімнің болуы.

      5-2-тарау. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар

      7-2. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:

      1) тұрақты жұмысқа рәсімделген, газбен жабдықтау объектілерінде үш жылдан астам техникалық білімі және практикалық жұмыс тәжірибесі бар және газбен жабдықтау жүйелері мен қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлаудан, қайта даярлаудан өткен кемінде бір маманның болуы;

      2) жұмыс түрлері бойынша технологиялық регламенттер және қауіпсіз жұмыс әдістері бойынша нұсқаулықтар;

      3) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде өндірістік ғимараттар мен жабдықтар (цех, шеберхана), станоктық парк, механизмдер, құралдар, бақылау-өлшеу аспаптары;

      4) өндірістік бақылау қызметтерінің болуы;

      5) метрологиялық бақылау туралы қызметтердің болуы;

      6) заңды тұлғада өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйыммен шарттың немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған өзінің оқу орталығының болуы;

      7) меншік құқығындағы газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттері үшін тұрмыстық баллондарының сынақ стендінің болуы;

      8) топтық резервуарлық қондырғыларға қызмет көрсету үшін авариялық-диспетчерлік қызметтің:

      еңбек шарттары және мамандарға арналған бұйрықтар (кемінде бір диспетчер, екі апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі слесарь және бір мастер);

      қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы радиостанциямен, сиренамен, көк түсті жарқылдауық маякпен және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған көлік құралы;

      меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде диспетчерлік бақылау пунктінің болуы.

      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12627 тіркелді) бұйрығымен бекітілген Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларына сәйкес өндірістік персонал үшін арнайы киімнің болуы.";

      8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) заңды тұлғада басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйыммен жасалған шарты болуы.";

      9-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) заңды тұлғада басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйыммен жасалған шарты болуы.";

      осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Талаптар қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарда:

      3-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) газдануды бақылау сигнализаторы – үй-жайдың ауасындағы газдың бақыланатын шоғырлануының белгіленген деңгейіне жеткен кезде дыбыс және жарық сигналдарын беруді, сондай-ақ газ тұтыну желісінің ішкі газ құбырында газ беруді автоматты түрде өшіруді қамтамасыз ететін өлшеу құрылғысы;";

      3-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) мамандандырылған ұйым – газбен жабдықтау жүйесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйым;";

      3-тармақтың 39 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) техникалық қызмет көрсету – газбен жабдықтау жүйесінің объектілерін пайдалану кезінде бұйымдардың (техникалық құрылғылардың) жұмысқа қабілеттілігін қолдау жөніндегі операциялар кешені немесе операция;";

      188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "188. Толтырушы ұйымдарды, толтыру станциялары мен сынау пункттерін "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заныңың 72-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу құқығына аттестаттайды.

      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тиісті шифрге таңбаны тіркейді, ол бойынша баллонға техникалық куәландыру жүргізген ұйым сәйкестендіреді.

      Таңбасы бар ұйымдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінде бес жыл мерзімге белгілер (бедерлеу) жасауы қажет, ол аяқталғаннан кейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінде қайта тіркеу талап етіледі.

      Көрсетілген таңба бедері жоқ баллондарды қолдануға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 188-1, 188-2, 188-3, 188-4, 188-5, 186-6, 188-7, 188-8 және 188-9-тармақтармен толықтырылсын:

      "188-1. Газ баллондарына арналған таңбалардың шифрлары толтырушы ұйымдармен, толтыру станциялары мен сынақ пункттерінде техникалық куәландыру кезінде беріледі, тіркеледі, есепке қойылады және газ баллондарын (цистерналарын) таңбалау үшін қолданылады.

      Таңба шифрлары 00-ден 99 дейінгі сандық бөліктен және латын әліпбиінің бас әрпінен тұратын әріптік бөліктен тұрады, "I" және "О" әріптерін қоспағанда, олардың бір және нөл сандарына ұқсастығына байланысты.

      188-2. Таңба шифры диаметрі 12 мм шеңберде қатарға орналастырылған бір өлшемдегі төрт таңбадан тұрады. Шифрға екі цифр және екі бас әріп (шифрдың әріптік бөлігі) кіреді.

      Таңбалар шифрларының цифрлық бөлігін бөлу осы талаптарға 22-1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      188-3. Таңбалар шифрларын жүйелеу осы Талаптардың 22-2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

      188-4. Металл таңбалар МЕМСТ 1050-2013 "Легирленбеген құрылымдық сапалы және арнайы болаттардан жасалған металл өнімдері" мемлекетаралық стандарттарына және "Жалпы техникалық шарттар, МЕМСТ 5950-2000 "Аспаптық легирленген болаттан жасалған шыбықтар, жолақтар мен орамдар. Жалпы техникалық шарттар" сәйкес болаттан жасалған өзек түрінде дайындалады.

      Таңбаның әріптік және цифрлық элементтерінің түрлері мен өлшемдері МЕМСТ 25726-83 "Қол әріптік және цифрлық таңбалар. Түрлері және негізгі өлшемдері" сәйкес анықталады.

      188-5. Таңбалар шифрларын және олардың бедерлерін есепке алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінде, осы талаптарға 22-3-қосымшаға сәйкес таңбалар шифрларын тіркеу журналдарында 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      188-6. Кәсіпорында баллондарды техникалық куәландыруға жауапты тұлғаларға таңбалар беру есебі жүргізіледі. Таңбаны беру берілген күнін көрсете отырып, қол қою арқылы жүзеге асырылады.

      Таңбалар кәсіпорын бойынша баллондарды техникалық куәландыруға уәкілетті адамдарды тағайындау туралы бұйрық болған кезде ғана беріледі. Тиісті бұйрықсыз таңбаларды басқа адамдарға беруге жол берілмейді.

      Кәсіпорын таңбалар мен олардың берілуін есепке алу құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      188-7. Кәсіпорын ауысқан немесе басқа өңірде филиал ашылған жағдайда осы талаптарға 22-1-қосымшаға сәйкес жаңа аумақтық тиесілілігіне сәйкес таңбаның жаңа шифрын алу қажет.

      188-8. Баллондарды техникалық куәландыруды жүзеге асырған кәсіпорын қызметін тоқтатқан кезде қалған таңбалар жойылуға жатады. Жоюды кәсіпорын жою туралы актінің екі данасын жасай отырып жүзеге асырады. Актінің бірінші данасы таңбаны берген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ұсынылады, екінші данасы кәсіпорын иесінде қалады.

      Жойылған таңбалардың шифрлары қалпына келтірілмейді.

      188-9. Тозған таңбаларды сол шифрмен қалпына келтіруге болады.";

      474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "474. Газбен жабдықтау жүйесінің объектілеріндегі инциденттер мен аварияларды оқшаулау және жою үшін газбен жабдықтау ұйымдары демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәуліктік режимде жұмыс істейтін мамандандырылған бөлімшелерін (авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қызметтері, авариялық-диспетчерлік қызметтер, авариялық бекеттер) құрады. Авариялық-диспетчерлік қызмет пен олардың филиалдарының штатын, материалдық-техникалық жарақталуын, сондай-ақ техникалық және жедел-пайдалану құжаттамасымен жасақталуын техникалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес газбен жабдықтау жүйесінің ұйымдары айқындайды.";

      480-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "480. Авариялық бригада инциденттер мен аварияларды және олардың салдарын уақытында оқшаулау үшін арнайы авариялық машинамен, жабдықталған радиостанциямен, дабылмен, көк түсті жылтылдайтын маякпен және жасақталған құрал-саймандармен, бақылау материалдарымен, құралдарымен, жабдықтарымен және аспаптармен шығады.

      Жер бетіндегі және жер астындағы аварияларды оқшаулауға шыққан кезде авариялық бригаданың планшеттері (бағыттық карталары) және қажетті орындаушылық-техникалық құжаттамасы (газ құбырының жоспарлары, дәнекерлеу схемасы) болады.

      Газ қызметінің авариялық-жөндеу машиналарын материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 тіркелді) бұйрығымен бекітілгін Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптардың қосымшасында көрсетілген ең төмен тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Талаптар 22-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Талаптар 22-2-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Талаптар 22-3-қосымшамен толықтырылсын;

      Талаптардың 32-қосымшасы алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
К. Турсынбаев

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
вице-министрі 2025 жылғы
22 қыркүйектегі
№ 414 Бұйрыққа
1-қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы жұмыстарды
жүргізуге аттестатталатын
заңды тұлғаларға қойылатын
талаптарға қосымша

Газ қызметінің авариялық-жөндеу машиналарын материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырудың ең төмен тізбесі

Құрал

Арнайы авариялық автомобиль үлгісі

АЖШ

АГЖШ

1.

1. Жабдық
Жылжымалы компрессорлық станция
Жер жұмыстарына арналған арнайы техника (бұрғылау үшін)
Қар-мұз және кристалды-гидратты тығындарды жоюға арналған қондырғы-құрылғы
Қысымы орташа ацетиленді ауыспалы генератор АВС
Оттегі баллондары

 
-
-
-
-
-

 
1
1
1
1
1

2.

2. Аспаптар
Газ талдағыш
Сезгіштігі жоғары трасса іздегіш
Сезгіштігі жоғары газ индикаторы
Ауыспалылық электромегафоны
Манометрлер:
серіппелі, жиынтық
сұйық У –тәрізді 500 және
2000 мм су.бағ.
немесе дифференциальды манометрлер

 
1
1
1
1
1
1
1

 
1
1
1
1
1
1
1

3.

3. Құрал-сайман
Соманды кілттер (екі жақты, бүйірлі, бөлшектеу), жиынтық
Түтікті иін-тіректі кілттер, жиынтық
Слесарь балғасы, оның ішінде түрлі түсті металдан немесе жезден жасалған, жиынтық
Күректер, қайлалар, балталар, ағаш аралар, жиынтық
Слесарь қыспалары
Құбыр кескіш
Бұранда кескіш құрал-сайман, жиынтық
Құдық қақпақтарын ашуға арналған ілмектер
Егеулер, қашаулар, бұрауыштар, пассатиждер, рулетка, болаттан жасалған мәуесектер және басқалар, жиынтық

 
1
1
1
1
1
1
1
2
1

 
1
1
1
1
1
1
1
2
1

4.

4. Мүкәммал, арнайы киім, қорғаныш құралдары
Мүкәммалды қоршау қалқандар, жиынтық
Сигналды белгілер, ескерту кестелері және олардың астына қоятын тұғыр, жиынтық
Жалаушалары бар қабық талшықтардан жасалған арқандар, 100 м, жиынтық
Жарылыстан қорғай отырып жасалған жылжымалы шамшырақтар (шамдар) (бригаданың әр мүшесіне)
Күндізгі жарық тәрізді шамды прожектор
Қалтаға салынатын шаммен белгі беру шамы (бригаданың әр мүшесіне)
Металдан жасалған жылжымалы баспалдақ (4-6 метр)
Диаметрі 50-700 миллиметр құбырларға арналған бандаждар, жиынтық
Домкрат
Шлангілі газтұмшалар (бригаданың әр мүшесіне)
дәрігерге дейінгі көмек құралдары мен дәрі-дәрмектер (медициналық зембілдер, брезент, ақжаймалар, таңу құралдары, йод, шарап және мүсәтір спирті, медициналық оттегі, Зеленин тамшысы және шүйгіншөп тұнбасы, натрий гидрокарбонаты, бор қышқылы), жинақ
Өртке қарсы құралдар (көмір қышқылды от сөндіргіштер (ОУ-1, ОУ-3), жинақ

 
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1

 
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1

5.

5. Материалдар
Құбырлардың, бекітпе арматураның, диаметрі әртүрлі компенсаторлардың қосалқы бөлшектері
Фитингтер, жалғамалар, бұқтырмалар, бұрандар, сомын, шпилькалар, бұрандалы металдан жасалған тығындар
Ағаш және резеңке конус тәрізді тығындар
Тығыздағыш төсемдер (қалыңдығы 3-5 миллиметр резеңке, паранитті, фтор қабатты)
Тығыздағышты толтырма
Зығыр майлау
Қыртысты зығыр
Брезент, дәке
Полихлорвинилді оқшаулау таспасы
Бензин, битум, сабын
Тұрмыстық газ аспаптарына арналған қосалқы бөлшектер
Шунт жасайтын бөгеттер
Инертті газ (баллонды)

Бір жұмыс ауысымы үшін қажетті мөлшерде

Бір жұмыс ауысымы үшін қажетті мөлшерде

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
вице-министрі 2025 жылғы
22 қыркүйектегі
№ 414 Бұйрыққа
2-қосымша
Газбен жабдықтау жүйелері
объектілерінің қауіпсіздігі
жөніндегі талаптарға
22-1-қосымша

Таңба шифрларының цифрлық бөлігін бөлу

Атауы

Таңбаның сәйкестендіру нөмірлерінің цифрлық бөлігі

Таңбаны сәйкестендіру нөмірлерінің резервтік цифрлық бөлігі

Ескертпелер

1

2

3

4

5

1.

Астана қ.

01

21

41

61

81


2.

Алматы қ.

02

...

...

...

...


3.

Шымкент қ.

03






4.

Абай облысы

04






5.

Алматы облысы

05






6.

Ақмола облясы

06






7.

Ақтөбе облысы

07






8.

Атырау облысы

08






9.

Батыс Қазақстан облысы

09






10.

Жамбыл облысы

10






11.

Жетісу облысы

11






12.

Қарағанды облысы

12






13.

Қостанай облысы

13






14.

Қызылорда облысы

14






15.

Маңғыстау облысы

15






16.

Павлодар облысы

16






17.

Солтүстік Қазақстан облысы

17






18.

Түркістан облысы

18






19.

Ұлытау облысы

19

...

...

...

...


20.

Шығыс Қазақстан облысы

20

40

60

80

00


  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
вице-министрі 2025 жылғы
22 қыркүйектегі
№ 414 Бұйрыққа
3-қосымша
Газбен жабдықтау жүйелері
объектілерінің қауіпсіздігі
жөніндегі талаптарға
22-2-қосымша

Таңба шифрларын жүйелеу

      Таңбалардың шифрлары осы қосымшаның кестесіне сәйкес сандар мен әріптердің бес комбинациясы негізінде құрылады.

      Таңбалар шифрлардың цифрлық бөлігі осы Талаптардың 22-1-қосымшасында көрсетілген аумақтық тиесілігіне қарай сәйкестендіру нөмірлері негізінде автоматты түрде беріледі. Таңбалар шифрлардың әріптік бөлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінде белгіленеді.

      Сызықшаларды, нүктелерді, бөлшектердің орналасуын және басқаларын қоса алғанда, басқа белгілерді пайдалануға, сондай-ақ осы Талаптарда көзделмеген шифрларды қолдануға немесе сандарды орындарға ауыстыруға жол берілмейді.

      Басқа белгілерді, оның ішінде сызықшаларды, нүктелерді, бөлшектердің орналасуын және басқаларын пайдалануға, сондай-ақ осы Талаптарда көзделмеген шифрларды қолдануға немесе сандарды орындарға ауыстыруға жол берілмейді.

      Әр әріптің ауысуы 576 шифр береді, таңбадағы шифрларының барлығы 2880. Резервтік сәйкестендіру нөмірлерін ескере отырып, таңбалар шифрларының жалпы саны 14 440 құрайды.

      Кесте

Атауы

Таңбалар шифрларының цифрлық бөлігі

Таңбашифрларының әріптік бөлігінің басталуы

Таңбалар шифрларының әріптік бөлігін аяқтау

Комбинациялар

Бірінші комбинация

Екінші комбинация

Үшінші комбинация

Төртінші комбинация

Бесінші комбинация

1.

Астана қ.

01
21
41
61
81

АA

ZZ

01AA – 01AZ
01BA – 01BZ
01CA – 01CZ

01ZA – 01ZZ

AA01 – AZ01
BA01 – BZ01
CA01 – CZ01

ZA01 – ZZ01

A01A – A01Z
B01A – B01Z
C01A – C01Z

Z01A – Z01Z

0AA1 – 0AZ1
0BA1 – 0BZ1
0CA1 – 0BZ1

0ZA1 – 0ZZ1

0A1A – 0A1Z
0B1A – 0B1Z
0C1A – 0C1Z

0Z1A – 0Z1Z

2.

Алматы қ.









3.

Шымкент қ.









4.

Абай облысы









5.

Алматы облысы









6.

Ақмола облясы









7.

Ақтөбе облысы









8.

Атырау облысы









9.

Батыс Қазақстан облысы









10.

Жамбыл облысы









11.

Жетісу облысы









12.

Қарағанды облысы









13.

Қостанай облысы









14.

Қызылорда облысы









15.

Маңғыстау облысы









16.

Павлодар облысы









17.

Солтүстік Қазақстан облысы









18.

Түркістан облысы









19.

Ұлытау облысы









20.

Шығыс Қазақстан облысы









  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
вице-министрі 2025 жылғы
22 қыркүйектегі
№ 414 Бұйрыққа
4-қосымша
Газбен жабдықтау жүйелері
объектілерінің қауіпсіздігі
жөніндегі талаптарға
22-3-қосымша

Таңба шифрларын тіркеу журналы

Таңбалар шифрлары берілген кәсіпорынның атауы

Кәсіпкерлік субъектісінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі

Байланыс деректері (телефон нөмірі, пошталық мекенжайы)

Шифрлар таңбалар және оның тіркелген күні

Баллондар толтырылатын газдардың атауы

Аттестаттың нөмірі және берілген күні

Таңбаларды жою туралы белгілер (негізі, күні)

Жаңа таңбалар шифрын беру (қайта тіркеу)туралы Департамент хатының нөмірі мен күні

Ескертпе

Мөр бедер орны

1











2











..