Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 309 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 қыркүйекте № 36913 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Оларды өткізу бойынша айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын ветеринария, оның ішінде фармацевтикалық субстанциялар (активті фармацевтикалық субстанциялар) саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттардың; протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен ветеринариялық техниканы қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың; ветеринария, оның ішінде фармацевтикалық субстанциялар (активті фармацевтикалық субстанциялар) саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттарды және протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен ветеринариялық техниканы қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылар тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 261 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19065 болып тіркелген);

      2) "Оларды өткізу бойынша айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын ветеринария, оның ішінде фармацевтикалық субстанциялар (активті фармацевтикалық субстанциялар) саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттардың; протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен ветеринариялық техниканы қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың; ветеринария, оның ішінде фармацевтикалық субстанциялар (активті фармацевтикалық субстанциялар) саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттарды және протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен ветеринариялық техниканы қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылар тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32585 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі