"Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 263-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 қыркүйекте № 36851 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өнімді сертификаттау кезінде:

      1) өнімді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде сыныптау топтамасына тиесілігін, өнімге техникалық құжаттаманың (жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану) сәйкестігін, шығу тегін, осы партияға тиесілігін, сондай-ақ жиынтығында өнімнің техникалық регламентке және стандарттау жөніндегі құжатқа, тауарға ілеспе құжаттамаға, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, заттаңбаға, затбелгіге және өнімді сипаттайтын басқа да құжатқа сәйкестігін растау үшін жеткілікті болатын белгілері, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша оның сәйкестігін тексеруге;

      2) өнімнің адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, қағидаларда белгіленген талаптарға, сондай-ақ өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары сақталған жағдайда сәйкестікті міндетті растау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде тексерілетін басқа да талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға мүмкіндік беретін өнімнің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі, сынақ әдістері пайдаланылады.

      Басқа тексерілетін сипаттамалардың (көрсеткіштердің) құрамы нақты өнімді сертификаттау мақсаттарына сүйене отырып айқындалады.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда сәйкестендіру кезінде импорттаушының өнімді таңбалаудағы қажетті ақпарат бөлігінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауы ескеріледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Өтінім беруші СРО-ға өтінім берген жағдайда құрамы мен мазмұны осы өнімге арналған техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленетін өнімге қажетті өнімге техникалық (жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану) құжаттаманы ұсынады.";

      14-тармақта:

      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өнімге техникалық құжаттаманы (жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану);";

      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өнімге техникалық құжаттаманы (жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану);";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Өтінім бойынша шешімде СРО өтініш берушіні сертификаттау жүргізілетін өнімді сертификаттау схемасы және осы объектіні сертификаттаудың белгіленген тәртібіне негізделген сертификаттаудың барлық негізгі шарттары, қажетті өнімге техникалық (жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану) құжаттаманың тізбесі, тексерілетін көрсеткіштердің тізбесі, зертхананың атауы, сондай-ақ кезеңдік бағалау шарттары (егер өнімді сертификаттау схемасында көзделсе) туралы хабардар етеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігіне сертификаттау кезінде өнімнің техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің қажетті дәлелдемесін қамтамасыз ететін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өнімді сертификаттау схемасы пайдаланылады.

      Өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне сертификаттау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде және Еуразиялық экономикалық одақтың өзге де құқықтық актілерінде және (немесе) сәйкестігін растау жүзеге асырылатын құжаттарда белгіленген сертификаттау схемасы қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Өнімнің Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін декларациялау кезінде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес өнімнің техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің қажетті дәлелдемесін қамтамасыз ететін декларациялау схемасы пайдаланылады.

      Өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін декларациялау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде және Еуразиялық экономикалық одақтың өзге де құқықтық актілерінде белгіленген декларациялау схемасы қолданылады.";

      28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Өнімді, процесті, қызметті сәйкестендіру – белгілі бір өнімді, процесті, қызметті айрықша белгілері бойынша біржақты тануды және (немесе) өнімді сәйкестікті міндетті растауға жататын объектілерге жатқызуды қамтамасыз ететін рәсім.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Сәйкестендіру кезінде мыналар тексеріледі:

      мәлімделген өнімді техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына жатқызудың дұрыстығы;

      өнімнің таңбалануының (жазуларының) техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігі;

      өнімнің таңбалауда (жазуларда) және техникалық құжаттамада (жобалау және (немесе) конструкторлық, және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану) және өнімнің сәйкестігін тікелей немесе жанама растайтын өзге де құжаттамада көрсетілген ақпаратқа сәйкестігі;

      өнімнің мәлімделген партияға және дайындаушыға тиесілігі;

      техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген сәйкестендіру көрсеткіштері бойынша (өнімге сынақ жүргізу қажет болған жағдайда) сынақтардың нәтижелері.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Өнімді сәйкестікті міндетті түрде растауға жататын немесе жатпайтын объектілерге жатқызу мақсатында СРО өтініш берушінің өтініші бойынша СРО құрамында қызметін жүзеге асыратын сарапшы-аудитордың өз саласы шегінде мынадай жұмыстарға аттестаттау жүргізуін ұйымдастырады:

      1) өтініш беруші ұсынатын техникалық құжаттаманы (жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану) және өнімнің сәйкестігін тікелей немесе жанама растайтын өзге де құжаттаманы талдау негізінде, сондай-ақ өтініш беруші ұсынатын бірыңғай Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауарларды сыныптау туралы кеден органдары беретін алдын ала шешім негізінде өнімді сәйкестендіру;

      2) стандарттау жөніндегі құжатқа сәйкес өтініш беруші ұсынатын өнім үлгісін көзбен шолып тексеру;

      3) техникалық регламенттерге, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімімен бекітілген Бірыңғай құжаттарды бере отырып, кеден одағы шеңберінде сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне сәйкес сәйкестікті міндетті растау объектілеріне жатқызу бойынша өнімді талдау.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша СРО техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде техникалық реттеу тізілімінде тіркеумен осы Қағидалардың 2-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өнімді сәйкестендіру актісін ресімдейді.

      Бұл ретте өнімді сәйкестендіру актісінде көрсетілген өнімнің ЕАЭО СЭҚ ТН коды СРО аккредиттеу саласына енгізілген өнімнің ЕАЭО СЭҚ ТН кодының кемінде төрт бірінші белгісіне сәйкес келуі тиіс.

      Өтініш беруші "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапты болады.";

      мынадай мазмұндағы 31-1 және 31-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "31-1. Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімді сәйкестендіру актісін толтыру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1-жол – аккредиттеу субъектісі қызметінің бағытын көрсете отырып, СРО тіркеу нөмірлері (кодтық деректемелері) (ҚР СТ 7.17 ұлттық стандартына сәйкес беріледі);

      2-жол – техникалық реттеу тізіліміндегі өнімді сәйкестендіру актісі туралы электрондық жазбаға жылдам өтуге арналған оптикалық оқылатын матрицалық код (QR-код);

      3-жол – өнімді сәйкестендіру актілерінің тізіліміне мәліметтер енгізілген күн (саны – екі араб цифрымен, айы – екі араб цифрымен, жылы – төрт араб цифрымен);

      4-жол – сәйкестендіру нәтижелері туралы актінің тіркеу нөмірі;

      5-жол – өнімді сәйкестендіру актісін берген сәйкестікті растау жөніндегі органның толық атауы, оның заңды мекенжайы, сондай-ақ қызметті жүзеге асыру орнының нақты мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі мен тіркелген күні, сондай-ақ телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайы;

      6-жол – өнімнің атауы және белгіленуі және (немесе) өнімді дайындаушы берген өнімнің атауы (бар болса), өнімнің мақсаты, өнімді қолдану жөніндегі ұсынымдар, сәйкестікті міндетті растау объектісі болып табылатын өнімге бір мәнді жатқызу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өнімнің басқа да негізгі тән қасиеттері мен сипаттамалары;

      өнім туралы оның сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер (бар болса);

      өнім дайындалған құжаттың (құжаттардың) белгісі және атауы (стандарт, ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) (бар болса);

      7-жол – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің коды (кодтары);

      8-жол – дайындаушының толық атауы, оның орналасқан жері (заңды мекенжайы) және өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – өнімді дайындайтын заңды тұлға мен оның филиалдары үшін немесе тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін;

      9-жол – өнімді сәйкестікті міндетті растау объектілеріне жатқызған жағдайда, осы өнімге қолданылатын техникалық регламенттердің атауы және сәйкестікті бағалау нысаны көрсетіледі;

      өнімді міндетті сәйкестікті растауға жатпайтын объектілерге жатқызған жағдайда: "техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін міндетті түрде растауға жатпайды" деп көрсетіледі;

      10-жол – өтініш берушінің толық атауы, оның заңды мекенжайы және қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – заңды тұлға үшін немесе қызметті жүзеге асыру орнының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және мекенжайы (мекенжайлары) (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін, сондай-ақ тіркеу бизнесі үшін өтініш берушінің сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;

      11-жол – сәйкестікті міндетті растау объектілерін және нақты өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін құқықтық актілер және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттар, техникалық құжаттама (жобалау, және (немесе) конструкторлық, және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану);

      12-жол – сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      13-жол – сарапшы -аудитордың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса).

      31-2. Берілген өнімді сәйкестендіру актісінің күшін:

      1) СРО – олардың негізінде өнімді сәйкестендіру актісі ресімделген құқықтық актілерге және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда;

      2) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы – сәйкестендірудің дәйексіз нәтижелері анықталған жағдайда жояды.

      Өнімді сәйкестендіру актісінің қолданылуын тоқтату туралы шешім техникалық реттеу тізіліміне тиісті жазба енгізіле отырып және өтініш берушіні хабардар ете отырып, техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде ресімделеді.

      Өнімді сәйкестендіру актісінің қолданылуы техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізілген күннен бастап тоқтатылды деп есептеледі.";

      41-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Өндіріс жағдайын талдау кезінде мыналар тексеріледі:

      1) өнімге техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың және техникалық (жобалық және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану) құжаттардың болуы, оларды өзектілендіру;";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Сертификатталған өнімге қоса берілетін ілеспе техникалық (жобалық және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану), пайдалану құжаттамасында (техникалық паспорт, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, өнімнің сәйкестігін тікелей немесе жанама растайтын құжаттар), сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттамада сәйкестік сертификатының нөмірі мен оның қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, жүргізілген сертификаттау туралы ақпаратты көрсетуге жол беріледі.";

      70-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Дәлелдемелер ретінде техникалық құжаттама (жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану) және өнімнің сәйкестігін тікелей немесе жанама растайтын өзге де құжаттама, өз зерттеулерінің (сынақтарының) және өлшемдерінің нәтижелері және (немесе) өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін негіз болған басқа да құжаттар пайдаланылады.";

      87-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Зертхана жұмыс нәтижелерін өнімді зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамасы (бұдан әрі – сынақ нәтижелері) түрінде ресімдейді және береді, сондай-ақ хаттаманы қоса бере отырып, техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде толық көлемде тіркейді.";

      127-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-жол – өтініш берушінің БСН (заңды тұлға үшін) немесе ЖСН (жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін) атауы және мекенжайы, сондай-ақ өтініш берушінің өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау немесе өнімнің жекелеген партияларын белгіленген нысандағы сәйкестік сертификаттарының бірге алып жүру құқығы көрсетіледі;";

      мынадай мазмұндағы 127-1-тармақпен толықтырылсын:

      "127-1. Табиғи тастан жасалған бұйымдарға сәйкестік сертификатын толтыру кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 13-жолда, оның ішінде IAF MLA бірлескен белгісін қолдана отырып, қосымша мынадай мәліметтер көрсетіледі: табиғи тастың түсі мен мөлшері, тау жыныстарының беріктігі, өңдеу механизмі, кен орнының атауы мен мекенжайы, тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда бар болса) шығу күнін көрсете отырып, кен орнына шығуды жүзеге асырған сарапшы-аудитор, егер кен орны Қазақстан Республикасынан тыс жерде болса, сынақтар жүргізу үшін іріктелген өнім партиясының (партияны сертификаттау кезінде) немесе өнім үлгілерінің (сериялық өндірісті сертификаттау кезінде) шекарасынан өту күні көрсетіледі.";

      128-тармақта:

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-жол – БСН (заңды тұлға үшін) немесе ЖСН (жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін), өндірістік алаңдарды қоса алғанда (өндірістік алаңдар болған кезде), өтініш беруші ұйымның атауы мен мекенжайы;";

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-жол – БСН (заңды тұлға үшін) немесе ЖСН (жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін), өтініш берушінің толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы);";

      129-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-жол – БСН (заңды тұлға үшін) немесе ЖСН (жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін), қызметті орындаушының атауы және өтініш беруші ұйымның мекенжайы;";

      мынадай мазмұндағы 129-1-тармақпен толықтырылсын:

      "129-1. Осы Қағидаларға 4-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша процестің сәйкестік сертификатын толтыру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1-жол – СРО тіркеу нөмірлері (кодтық деректемелер) (ҚР СТ 7.17 ұлттық стандартына сәйкес беріледі) және аккредитация субъектісінің қызмет бағыты көрсетіледі;

      2-жол – сәйкестік сертификатының бірегей идентификациялық нөмірі, QR-код түрінде, ол техникалық реттеу ақпараттық жүйесінде кездейсоқ тәртіппен автоматты түрде қалыптастырылады, он төрт таңбадан тұрады және келесі түрде белгіленеді:

      1) алғашқы екі таңба – Қазақстан Республикасы ISO – Халықаралық стандарттау ұйымының коды бойынша әріптік код (екі бас әріп – KZ);

      2) үшіншіден он төртіншіге дейінгі таңбалар – бірегей әріптік-сандық код;

      3-жол – сәйкестік сертификатының тіркеу күні (күн – екі араб цифрымен, ай – сөзбен, жыл – араб цифрларымен);

      4-жол – сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі техникалық реттеу ақпараттық жүйесі арқылы беріледі;

      5-жол – сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі СРО белгілейді. Дата 3-жолдағы сияқты жазылады;

      6-жол – сәйкестікті бағалау органының БСН-і, атауы және орналасқан жері, сертификат берген СРО атауы. Ағымдағы аккредитация аттестатында көрсетілген атау мен СРО атауы арасында сәйкессіздік болмауы тиіс;

      7-жол – процесс атауы. Егер процестің соңғы нәтижесі өнім болса, онда өнімнің атауы көрсетіледі (ҚР СТ 3111 сәйкес органикалық өнім өндіру процесі үшін процесс мәртебесі: өтпелі кезең немесе органикалық деп қосымша көрсетіледі), дайындау мекенжайы;

      8-жол – өтініш берушінің БСН-і, атауы және мекенжайы;

      9-жол – сертификаттау жүргізілген нормативтік құқықтық актілердің және (немесе) стандарттау құжаттарының белгілеулері, сондай-ақ стандарттау құжатының бөлімі мен (немесе) бөлім тармағы көрсетіледі (қажет болған жағдайда);

      10-жол – СРО сәйкестік сертификатын берген негізінде қабылданған құжаттар (сынақ хаттамасы және (немесе) аудиторлық есеп (аудит қорытындысы);

      11-жол – сәйкестік сертификатын берген СРО басшысының немесе оның уәкілетті тұлғасының аты-жөні мен тегі;

      12-жол – сертификаттау жүргізген сарапшы-аудитордың аты-жөні мен тегі;

      13-жол – өнімді сертификаттаудың қолданылатын схемасы көрсетіледі (болған жағдайда), кезеңдік бағалауды жүзеге асыратын ұйым туралы ақпарат және СРО енгізу қажет деп есептейтін басқа ақпарат.

      Қызмет түрі мен процестің сипаттамасы бойынша ақпараттың көлемі 7-жолда көрсетілген мәліметтердің сыйымдылығынан асып кеткен жағдайда, бұл ақпарат осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес рәсімделген процестер бойынша сәйкестік сертификатына қосымшада көрсетіледі. Қосымша сәйкестік сертификатының ажырамас бөлігі болып табылады. Қосымшаның әр беті нөмірленеді, оған сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі, СРО басшысының немесе оның уәкілетті тұлғасының және сертификаттау жүргізген сарапшы-аудитордың аты-жөні, тегі жазылады.";

      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Өнімнің сәйкестік сертификатын және оған қосымшаларды қайта шығару (қайта рәсімдеу) осы Қағидалардың 9-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақтарында көзделген рәсімдерді орындамай және сәйкестік сертификатының жарамдылық мерзімін өзгертпей келесі жағдайларда рұқсат етіледі (қолданылған сертификаттау схемасына байланысты):

      1) өнімнің сәйкестік сертификаты мен оған қосымшаларында қателерді (баспа қатесін) анықтау;

      2) өтініш берушіге қатысты ұйымдық-құқықтық нысанды, орналасқан жерін (заңды тұлғаның мекенжайын), жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тұрғылықты жерін, қызмет орнындағы мекенжайын (мекенжайлар әр түрлі болған жағдайда), телефон нөмірін және (немесе) электрондық поштасының мекенжайын өзгерту – өтініш берушіге қатысты;

      3) өнім өндірушіге қатысты ұйымдық-құқықтық нысанды, орналасқан жерін (заңды тұлғаның мекенжайын), жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тұрғылықты жерін өзгерту, – өнім өндірушіге қатысты;

      3-1) өнім өндіру орнындағы мекенжай реквизиттері ретінде көрсетілген географиялық объектінің, көше-көлік желісінің элементінің (көшесі, проспекті, алаңы, переулкі, өткелі, жағалауы, бульвары және тағы басқалар), жоспарлау құрылымының элементінің (ауданы, микроауданы және тағы басқалар), мекенжай нысанының нөмірлеуін (үй, бөлме және тағы басқалар), пошта индексін өзгерту (өнім өндіру орны фактілік өзгермеген жағдайда) – өнім өндірушіге қатысты;

      3-2) заңды тұлғаның атауын, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) өзгерту, тіркеу немесе есептік (жеке, сәйкестендіру) нөмірі сақталған және өнім өндіру орнын өзгеріссіз қалдырған жағдайда;

      4) ЕАЭО СЭҚ ТН кодының (кодтарының) өзгеруі;

      5) өнім өндіру орындарының мекенжайлары санын қысқарту;

      6) бұрын сертификатталған өнімге жаңа орама (қаптама) түрін енгізу және (немесе) өзгерту.

      Географиялық объектінің, көше-көлік желісінің элементінің (көшесі, проспекті, алаңы, жолағы, өткелі, жағалауы, бульвары және тағы басқалар), жоспарлау құрылымының элементінің (ауданы, микроауданы және тағы басқалар), мекенжай нысанының нөмірлеуін (үй, бөлме және тағы басқалар), пошта индексін өзгерту, өтініш беруші және (немесе) өнім өндіруші болып табылатын заңды тұлғаның мекенжайы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тұрғылықты жері, өтініш берушінің қызмет көрсету орнының мекенжайы, өнім өндіру орнының мекенжайы (аталған мекенжайлардың фактілік өзгермеуі жағдайында), өтініш берушінің телефон нөмірін және (немесе) электрондық поштасының мекенжайын өзгерту, ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының өзгеруі кезінде сәйкестік сертификатын және (немесе) оған қосымшаларды ауыстыру талап етілмейді және өтініш берушінің талабы бойынша жүзеге асырылады.";

      136-тармақтың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-жол – сәйкестік туралы декларация қолданылатын өнімнің атауы, түрі, өнім маркасы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды, өнімнің сериялық шығарылымы немесе партиясы туралы мәліметтер (партияның мөлшері көрсетіледі), өндірушінің толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары) (заңды тұлғаның мекенжайы); егер мекенжайлар әртүрлі болса) – өнімді дайындайтын заңды тұлға және оның филиалдары үшін – дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін-немесе өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және мекенжайы (мекенжайлары);";

      137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Тіркелген сәйкестік декларациясына өзгерістер енгізу рұқсат етілмейді. Өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, өтініш беруші жаңа сәйкестік декларациясын қабылдап, оны осы Қағидаларға сәйкес тіркейді.

      Өтініш беруші жаңа сәйкестік декларациясын қабылдап, техникалық реттеу реестрінде тіркеуді 71-баптың 2) және 3) тармақтарында қарастырылған құжаттар мен мәліметтерді ұсынбай-ақ келесі жағдайларда жүзеге асырады:

      1)сәйкестік декларациясы мен оған қосымшаларында қателердің (баспа қатесінің) анықталуы;

      2)өтініш берушіге қатысты ұйымдық-құқықтық нысанды, орналасқан жерін (заңды тұлғаның мекенжайын), жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тұрғылықты жерін, қызмет орнындағы мекенжайын (мекенжайлар әр түрлі болған жағдайда), телефон нөмірін және (немесе) электрондық поштасының мекенжайын өзгерту – өтініш берушіге қатысты;

      3)өнім өндірушіге қатысты ұйымдық-құқықтық нысанды, орналасқан жерін (заңды тұлғаның мекенжайын), жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тұрғылықты жерін өзгерту – өнім өндірушіге қатысты;

      3-1) өнім өндіру орнындағы мекенжай реквизиттері ретінде көрсетілген географиялық объектінің, көше-көлік желісінің элементінің (көшесі, проспекті, алаңы, переулкі, өткелі, жағалауы, бульвары және тағы басқалар), жоспарлау құрылымының элементінің (ауданы, микроауданы және тағы басқалар), мекенжай нысанының нөмірлеуін (үй, бөлме және тағы басқалар), пошта индексін өзгерту (өнім өндіру орны фактілік өзгермеген жағдайда) – өнім өндірушіге қатысты;

      3-2) заңды тұлғаның атауын, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) өзгерту, тіркеу немесе есептік (жеке, сәйкестендіру) нөмірі сақталған және өнім өндіру орнын өзгеріссіз қалдырған жағдайда;

      4)ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының өзгеруі;

      5)өнім өндіру орындарының мекенжайлары санын қысқарту.

      Жаңа сәйкестік декларациясының қолданылу мерзімінің аяқталу күні ауыстырылатын сәйкестік декларациясының қолданылу мерзімінің аяқталу күні болып белгіленеді.

      Географиялық объектінің, көше-көлік желісінің элементінің (көшесі, проспекті, алаңы, переулкі, өткелі, жағалауы, бульвары және тағы басқалар), жоспарлау құрылымының элементінің (ауданы, микроауданы және тағы басқалар), мекенжай нысанының нөмірлеуін (үй, бөлме және тағы басқалар), пошта индексін өзгерту, өтініш беруші және (немесе) өнім өндіруші болып табылатын заңды тұлғаның мекенжайы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тұрғылықты жері, өтініш берушінің қызмет көрсету орнының мекенжайы, өнім өндіру орнының мекенжайы (аталған мекенжайлардың фактілік өзгермеуі жағдайында), өтініш берушінің телефон нөмірін және (немесе) электрондық поштасының мекенжайын өзгерту, ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының өзгеруі кезінде сәйкестік декларациясын және (немесе) оған қосымшаларды ауыстыру талап етілмейді және өтініш берушінің талабы бойынша жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 2-қосымшада ескертпенің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "**– сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын берген "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген СРО жүзеге асырады;";

      осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 2-1, 2-2 және 4-1-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2025 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 263-НҚ бұйрыққа 1-қосымша
Сәйкестікті бағалау
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Сертификаттауды жүргізуге өтінім

      1. Сәйкестікті растау жөніндегі орган ________________________________

      2. Өтініш беруші туралы мәліметтер: Заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      (БСН) немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі

      (ЖСН) _________________________________________________________

      Ұйымның толық атауы_____________________________________________

      Мекенжайы______________________________________________________

      Телефон нөмірі___________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________

      Есеп айырысу шоты (IBAN) ________________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды (БСК) ___________________________________

      Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)__________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)_____________________

      Басшының лауазымы ______________________________________________

      3. Өнімді, процесті, қызметтерді сертификаттау схемасы ________________

      4. Мәлімделген өнімнің, процестің, қызметтің атауы ____________________

      5. Нақты талаптардың атауы ________________________________________

      6. Нормактивтік құжаттың атауы, нөмірі және күні _____________________

      7. ЕАЭО СЭҚ ТН және GTIN немесе N/KZ TIN сәйкес өнімнің коды (кодтары)

      8. Өнім дайындалған құжаттың (құжаттардың) белгіленуі және атауы (техникалық

      регламент, стандарттау жөніндегі құжат, техникалық шарттар немесе өзге де құжат)

      (ол болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      9. Сертификаттау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе жеке

      өнім, процесс, қызмет) _____________________________________________

      Қосымша: Осы өтінішпен сәйкестікті растайтын рәсімдерді орындауға, сертификатталатын өнімнің, процестің, қызметтің көрсеткіштерінің (сипаттамаларының) тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сертификаттау және өнімнің, процестің, қызметтің аралық бағалауы бойынша келісімшартқа сәйкес шығындарды төлеуге міндеттенемін. Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді, сондай-ақ жеке деректер мен басқа да ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығаруға және пайдалануға келісемін.

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының деректері: _______

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні мен уақыты:

      __________________________________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2025 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 263-НҚ бұйрыққа 2-қосымша
Сәйкестікті бағалау
қағидаларына 2-1-қосымша

Өнімді декларациялау схемалары

Схема номері

Сәйкестікті растау тәсілдері

Өндірісті бағалау (бақылау)

Декларацияның қолданылу мерзімі

Ескерту

1

2

3

4

5

1

Өнім үлгілерін (сынамаларын) сынау дайындаушының жеке сынақ зертханасында және (немесе) аккредиттелген зертханада (егер техникалық регламентте өзгеше белгіленбесе) жүргізіледі

Өндірістік бақылауды дайындаушы жүзеге асырады

6 айдан аспау керек

сериялық шығарылатын өнім үшін дайындаушы-өтініш беруші немесе ҚР аумағында шетелдік дайындаушы уәкілеттік берген тұлға.

2

Өнімнің немесе бір бұйымның үлгілерін (сынамаларын) сынау дайындаушының жеке сынақ зертханасында және (немесе) аккредиттелген зертханада (егер Техникалық регламентте өзгеше белгіленбесе) жүргізіледі

өнімнің жарамдылық мерзіміне, бірақ 6 айдан аспау керек

өнім немесе бір бұйым партиясы үшін, дайындаушы – өтініш беруші, сатушы (импорттаушы) немесе шетелдік дайындаушы уәкілеттік берген тұлға ҚР аумағында.

3

Өнім үлгілерін (сынамаларын) сынау аккредиттелген сынақ зертханасында (орталықта) жүргізіледі

Өндірістік бақылауды дайындаушы жүзеге асырады

12 айдан аспау керек

сериялық шығарылатын өнім үшін дайындаушы-өтініш беруші немесе ҚР аумағында шетелдік дайындаушы уәкілеттік берген тұлға.

4

Аккредиттелген сынақ зертханасында (орталықта) өнімнің немесе бір бұйымның үлгілерін (сынамаларын) сынау

өнімнің жарамдылық мерзіміне, бірақ 12 айдан аспау керек

өнім немесе бір бұйым партиясы үшін, дайындаушы – өтініш беруші, сатушы (импорттаушы) немесе шетелдік дайындаушы уәкілеттік берген тұлға ҚР аумағында.

5

Өнім түрін зерттеу (сынау).

Өндірістік бақылауды дайындаушы жүзеге асырады

12 айдан аспау керек

сериялық өндіріске қоюға арналған өнім үшін, өнімнің модификацияларын шығаруды жоспарлау жағдайында, дайындаушы – өтініш беруші, сатушы (импорттаушы) немесе ҚР аумағында шетелдік дайындаушы уәкілеттік берген тұлға.

6

Аккредиттелген сынақ зертханасында (орталықта) өнім үлгілерін (сынамаларын) сынау

Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау және сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның инспекциялық бақылауы*
Өндірістік бақылауды дайындаушы жүзеге асырады

36 ай, бірақ сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімінен аспайды

сериялық шығарылатын өнім үшін дайындаушы-өтініш беруші немесе ҚР аумағында шетелдік дайындаушы уәкілеттік берген тұлға.

      Ескертпелер:

      * – сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын берген "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген СРО жүзеге асырады;

      Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау үшін негіз болып табылатын құжаттар жиынтығы мыналарды қамтиды:

      1) сериялық өндіріс өнімдері үшін:

      өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында өнімнің негізгі параметрлері мен сипаттамаларын, сондай-ақ оның сипаттамасын қамтитын техникалық құжаттаманың (жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану құжаттамасының) көшірмесі;

      стандарттау жөніндегі құжаттардың немесе стандарттау саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың тізімі, оларға сәйкес өнім дайындалады;

      өнім дайындалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (ұйымның стандарттау жөніндегі құжаты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) (бар болса);

      Қазақстан Республикасына жеткізілетін өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді және мұндай өнімнің көрсетілген талаптарға (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға үшін) сәйкес келмеуі үшін жауапкершілікті көздейтін дайындаушымен (оның ішінде шетелдік дайындаушымен) шарт (сәйкестікті декларациялау схемасында көзделген жағдайларда);

      менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты (бар болса);

      жиынтықтаушы бұйымдарға сәйкестік сертификаттары (бар болса);

      өнім үлгілерін (сынамаларын) зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамалары;

      сәйкестік туралы декларацияны (бар болса)қабылдауға негіз болған өтініш берушінің таңдауы бойынша өзге де құжаттар;

      2) өнім партиясы немесе бір бұйым үшін:

      келісімшарттың (жеткізу шартының) көшірмесі және өнім партиясын немесе бір бұйымды сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттар, оның ішінде мөлшері;

      пайдалану құжаттарының көшірмесі (қажет болған жағдайда);

      стандарттау жөніндегі құжаттардың немесе стандарттау саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың тізімі, оларға сәйкес өнім дайындалады;

      өнім дайындалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (ұйымның стандарттау жөніндегі құжаты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) (бар болса);

      өнім үлгілерін (сынамаларын) зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамалары;

      сәйкестік туралы декларацияны (бар болса) қабылдауға негіз болған өтініш берушінің таңдауы бойынша өзге де құжаттар.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2025 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 263-НҚ бұйрыққа 3-қосымша
Сәйкестікті бағалау
қағидаларына 2-2-қосымша
Өнімді сәйкестендіру актісінің
нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Аккредиттеу белгісінің суреті KZ. (1)

QR-код (2)

Өнімді сәйкестендіру актісі мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген 20___ жылғы "____" ________ (3) № ________________________ (4)

      Сәйкестікті растау жөніндегі орган (5)

      Осы өнімді сәйкестендіру актісі тиісті түрде куәландырады

      сәйкестендірілген өнім (6)

      ЕАЭО ТН СЭҚ коды (7)

      өндірілген (8)

      техникалық регламенттердің (регламенттердің) талаптарына сәйкестігі міндетті түрде расталуға жатады/жатпайды (9)

      Өтініш беруші (10)

      Осы өнімді сәйкестендіру актісі: (11) негізінде ресімделді

      Растау жөніндегі органның басшысы

      немесе ол уәкілеттік берген тұлға (12) аты-жөні, тегі

      Сарапшы-аудитор (13) аты-жөні, тегі

      Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2025 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 263-НҚ бұйрыққа 4-қосымша
Сәйкестікті бағалау
қағидаларына 4-1-қосымша
Процестің сәйкестік
сертификатының нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Аккредиттеу белгісінің суреті KZ. (1)

Сәйкестік белгісінің
суреті

QR-код (2)

Сәйкестік сертификаты

мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген

20____ жылғы "____" _________ (3) № _______________________ (4) 20____ жылғы "___" ___________ дейін жарамды (5)

      Сәйкестікті растау жөніндегі орган (6)

      Осы сәйкестік сертификаты куәландырады,

      бұл процесс (7)

      Өтініш беруші (8)

      талаптарға сәйкес келеді (9)

      сәйкестік сертификаты (10) негізінде берілген

      Қосымша ақпарат (11)

      Бұл сертификат сәйкестікті міндетті растау құжаттарын және сәйкестікті бағалау объектісінің қауіпсіздігін куәландыратын рұқсат құжаттарын алмастырмайды

Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (12)


аты-жөні, тегі

Эксперт-аудитор (13)


аты-жөні, тегі

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Сіз интернет желісі арқылы электрондық құжаттың түпнұсқалығын тексере аласыз.

  Процестің сәйкестік
сертификатына қосымшаның
нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Сәйкестік
белгісінің
суреті

Сәйкестік сертификатына қосымша
20___ жылғы "____" ________ (3)
№ _________________________ (4)
20__ жылғы "___" ________ дейін жарамды (5)

QR-код

№ п/п

Процестің атауы

Сертификаттау кезінде расталатын процестің сипаттамаларын реттейтін құжаттаманы белгілеу







Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (12)

аты-жөні, тегі

Эксперт-аудитор (13)

аты-жөні, тегі

      Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Сіз интернет желісі арқылы электрондық құжаттың түпнұсқалығын тексере аласыз.