"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4-8), 4-9), 4-10) және 4-11) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына 1-қосымша |
Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттары
Ескерту. Қағидалар мен өлшемшарттар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 26.02.2026 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу тәртібі мен өлшемшарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган;
2) кандидат – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамында тәуелсіз директор (тәуелсіз мүше) лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын жеке тұлға;
3) компания – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
4) конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі құратын, конкурстық құжаттаманы дайындауға, конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізуге, кандидаттарды бағалауға, олармен әңгімелесулер жүргізуге және оларды мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізіліміне енгізу үшін шешімдер дайындауға жауапты алқалы орган;
5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген, біліктілік талаптарына сәйкес келетін және конкурстық іріктеуден өткен жеке тұлғалар туралы мәліметтер жиынтығы;
7) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, Тізілімге бірыңғай кіру нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
8) мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
10) "электрондық үкіметтің" шлюзі – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.
3. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу тізілімнің веб-порталында конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2-тарау. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу тәртібі
4. Басқару органы директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелігіне жаңа кандидаттарға шоғырландырылған қажеттілікті жалғыз акционердің (қатысушының) шешімімен белгіленген директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) қолданыстағы мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 6 (алты) ай бұрын қалыптастырады және мемлекеттік мүлікті басқару субъектісін жазбаша нысанда хабардар етеді.
5. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі басқару органынан хабарлама алғаннан кейін:
1) 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) конкурсты өткізудің күнін және орнын айқындайды;
3) конкурсты дайындауды және өткізуді жүзеге асырады;
4) Комиссия құрады және Комиссия хатшысын тағайындайды.
6. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;
2) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;
3) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңестерінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне кандидаттарды бағалайды;
4) кандидаттармен әңгімелесу жүргізеді;
5) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңестерінің (байқау кеңестерінің) мүшелері ретінде тәуелсіз директорларға (мүшелерге) Тізілімге кандидаттарды қосу туралы шешім қабылдайды.
7. Комиссия мүшелерінің саны 6 (алты) адамнан 9 (тоғыз) адамға дейін. Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын комиссия мүшелерінің үлесі жалпы санның кемінде 50%-ын құрайды.
Комиссия құрамына корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру саласындағы қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің және/немесе өзге де ұйымдардың/сарапшылардың кәсіптік бірлестіктерінің өкілдері де тұрақты негізде енгізіледі.
Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру саласындағы қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің және/немесе сарапшылардың өзге де ұйымдарының/кәсіптік бірлестіктерінің атынан өкілдік ететін мемлекеттік қызметші болып табылмайтын комиссия мүшелері комиссия жұмысына қатысу үшін тартылады және кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі мен тәжірибесі болады.
Басқару органдарының өкілдері, сондай-ақ компаниялардың директорлар кеңестерінің (байқау кеңестерінің) төрағалары мемлекеттік мүлікті басқару субъектісінің шешімі бойынша салалық бағыттар бойынша мәселелерді қарау кезінде Комиссия құрамына тартылады.
Комиссияның құрамын мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі қалыптастырады.
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган құратын Комиссияның құрамына мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және тиісті саланың уәкілетті органының бір өкілі тұрақты негізде енгізіледі.
Комиссия төрағасын Комиссия мүшелері қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды.
Комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі қызметкерлерінің арасынан хатшы тағайындалады, ол отырыстарды дайындауды жүзеге асырады және Комиссия қабылдаған шешімдерді ресімдейді.
8. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес конкурс өткізу туралы шешім қабылданған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде компаниялардың директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) тәуелсіз директорларын (тәуелсіз мүшелерін) іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыруды тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
9. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) конкурсты өткізу күні мен орны;
2) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны және оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген компанияның атауы;
3) конкурсқа кандидаттарға қойылатын талаптар;
4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі.
Кандидаттардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Кандидаттар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
10. Кандидаттар конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған сауалнаманы қоса бере отырып, ЭЦҚ пайдаланылып қол қойылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтінішті ұсынады.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан веб-портал тізілімнің "электрондық үкімет" шлюзі арқылы конкурсқа қатысу туралы өтінішке кандидаттың мынадай:
1) жеке басын куәландыратын;
2) білімі туралы;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттар;
4) соттылығының жоқ екендігі туралы;
5) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактілерінің жоқ екендігі туралы құжаттарын автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысу туралы өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін тіркейді.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде, сондай-ақ 3-тарауға сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу өлшемшарттарына кандидаттар сай болғанда, Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кандидатты конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әңгімелесу өткізу графигі Комиссияның хаттамасымен бекітіледі және отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тізілім веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
12. Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия әңгімелесу өткізу графигі тізілімінің веб-порталында орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурс кандидаттарымен әңгімелесу өткізеді.
Кандидат дәлелді себептермен, елден тыс жерлерде болуы не өзін нашар сезінуі, өзге де жағдайлар бойынша жеке өзінің қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған кезде қашықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.
13. Комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізген кезде компания қызметі және корпоративтік басқару саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі тексеріледі.
Сондай-ақ, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу өлшемшарттары негізінде конкурс кандидаттарының кәсіби білімі айқындалады.
14. Комиссия шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі білдірілген жағдайда жазбаша нысанда баяндалады және хаттамаға қоса беріледі.
Талқылау барысы мен Комиссия қабылдаған шешім хаттама түрінде ресімделеді, оған конкурс өткізілетін күні Комиссияның барлық мүшесі қол қояды.
Комиссия хаттамасы отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тізілім веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
15. Егер конкурсқа қатысуға Қағидалардың 3-тарауына сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келетін 2 (екі) кандидаттан аз өтініш ұсынылса не өтініштер түспесе немесе қайтарылып алынса, сондай-ақ Конкурс нәтижесінде Комиссия кандидаттарды анықтамаса, конкурс өткізілмеген деп танылады және мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі оны өткізу күні тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын конкурс өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
Қайта конкурс комиссия конкурсты өтпеді деп таныған күннен бастап осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес 10 (он) жұмыс күнінен кейін өткізіледі.
16. Әңгімелесу және кандидаттарды бағалау нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Комиссия кандидаттарды Тізілімге енгізу жөнінде шешім қабылдайды.
Комиссия Тізілімге енгізу үшін тәуелсіз директор (мүше) позициясына 10 (он) кандидатқа дейін таңдайды.
17. Басқару органы директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Басқару органы мемлекеттік мүлікті басқару субъектісімен келісу бойынша жалғыз акционердің (қатысушының) сол компания бойынша Тізілімге енгізілген адамдар арасынан компанияның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директор (тәуелсіз мүше) лауазымына кандидатты сайлау туралы шешімін қабылдайды.
3-тарау. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу өлшемшарттары
18. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу мынадай өлшемшарттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) компанияның негізгі қызметіне сәйкес келетін салада және аудит және/немесе қаржы және/немесе басқару (менеджмент) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;
2) компания қызметін реттейтін бейінді заңнаманы және Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17726 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін білу;
3) экономикалық қызмет түрінде компания бейініне сәйкес келетін мамандықта кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі;
4) басқарушы лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибе;
5) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшесі позициясында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі;
6) белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшының орынбасары немесе бас бухгалтері болып сайлану (тағайындалу) фактісінің болмауы;
7) заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы;
8) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактісінің болмауы;
9) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес акцияларға иелік ететін акционерлермен (мүшелермен), Басқарма мүшелерімен (атқарушы органмен) үлестестіктің болмауы.
Нысан |
Конкурсқа қатысу туралы өтініш |
Мені тәуелсіз директор (тәуелсіз мүше) лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын:_____________________ |
Нысан |
Кандидаттың 3х4 суреті |
Сауалнама (өз қолымен толтырылады) Тегі________________________________________________________________ Аты_______________________________________________________________ Әкесінің аты (болған жағдайда)_________________________________ ____ Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан өзгертілгенін көрсетіңіз _________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Азаматтығы_________________________________________________________ Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз__________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ЖСН______________________________________________________________ Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін _____________________________________________________________ __________________________________________________________________ Шетелде оқу не жұмыс істеу__________________________________________ Барған елі__________________________________________________________ __________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Болу уақыты________________________________________________________ __________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Жұмыс немесе оқу орны______________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Сіз соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін___________________________________________________________ __________________________________________________________________ Сіз белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік органдарда лауазымды атқару құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін_______________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Сіз белгілі бір мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымды атқару құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ________________________ ___________________________________________________________________ 20___ жылғы "_____"______ (қолы) |
Нысан | ||
Әңгімелесу өткізу графигі | ||
№ | Әңгімелесуге жіберілген кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Әңгімелесуді өткізу орны, күні және уақыты |
1 | ||
2 | ||
3 | ||
____________________________________________________________________ | ||
| Қазақстан Республикасы | |
| Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына 2-қосымша |
Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 26.02.2026 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру мен жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) кандидат – мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамында тәуелсіз директор (тәуелсіз мүше) лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын жеке тұлға;
2) компания – мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
3) конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) - мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі құратын, конкурстық құжаттаманы дайындауға, конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізуге, кандидаттарды бағалауға, олармен әңгімелесулер өткізуге және оларды мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізіліміне енгізу үшін шешімдер дайындауға жауапты алқалы орган;
4) мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін және конкурстық іріктеуден өткен жеке тұлғалар туралы мәліметтердің жиынтығы;
5) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілім веб-порталы) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, Тізілімге бірыңғай кіру нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
6) мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы.
2-тарау. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
3. Конкурс қорытындылары бойынша кандидаттарды Тізілімге енгізуді "Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес Комиссияның шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі тізілімнің веб-порталында Тізілімді электрондық түрде қалыптастырады және жүргізеді.
5. Кандидатты Тізілімге енгізу Комиссия кандидатты Тізілімге енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
6. Тізілімге нақты компанияның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына сайлау үшін кандидатураларды іріктеуге мүдделі адамдар айқындайтын өлшемшарттар бойынша Тізілімде кандидаттарды іздестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нысанда сауалнамаларда көрсетілген мәліметтер енгізіледі.
7. Тізілімге енгізілген адамдар Тізілімге енгізілген сәттен бастап 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімде директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына сайлау үшін кандидаттар ретінде қаралады.
8. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі қажеттілігіне қарай тізілімнің веб-порталында Тізілімнің өзектілендірілуін қамтамасыз етеді.
| Қазақстан Республикасы | |
| Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің | |
| 2025 жылғы 29 тамыздағы | |
| № 87 бұйрығына | |
| 3-қосымша |
Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидалары
Ескерту. Үлгілік қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 26.02.2026 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың жалпы тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) басқару органы – акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган.
2) компания – мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
3. Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелеріне сыйақы төленбейді.
2-тарау. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындау тәртібі
4. Жылдық сыйақы деңгейі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады және 3 (үш) жылда бір рет қайта қаралады.
5. Әрбір компанияның деңгейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай компания деңгейін айқындау жөніндегі факторлық шәкілге сәйкес басқару органы айқындайды.
6. Компанияның деңгейін айқындайтын факторлар ретінде компанияның бекітілген қаржылық есептілігінің деректері негізінде компанияның соңғы 3 (үш) жылдағы активтерінің баланстық құны және жалпы кірісі көрсеткіштерінің орташа мәндері қолданылады.
7. Қайта ұйымдастырылған немесе жаңадан құрылған компаниялар үшін көрсеткіштердің жоспарлы мәндері негізге алынады.
8. Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) жанындағы комитеттерге төрағалық еткені және мүшелік еткені үшін қосымша тіркелген сыйақы төленеді.
Комитетке төрағалық еткені үшін белгіленген жылдық сыйақының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде қосымша сыйақы төленеді.
Комитетке мүшелік еткені үшін директорлар кеңесі (байқау кеңесі) мүшелерінің сыйақысы ескеріле отырып, комитеттің әрбір отырысына қатысқаны үшін сыйақы төленеді. Комитеттің әрбір отырысына қатысқаны үшін сыйақының шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін белгіленеді.
9. Директорлар кеңесі (байқау кеңесі) мүшелерінің жылдық сыйақы сомасы осы Қағидалардың 4 - 6-тармақтарында белгіленген нормалар ескеріле отырып, акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысының немесе қатысушылардың (жалғыз қатысушының) жалпы жиналысының шешімімен белгіленеді.
Директорлар кеңесі (байқау кеңесі) мүшелерінің жылдық сыйақы сомаларының мөлшері компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметінің нақты және жоспарлы көрсеткіштері негізге алына отырып, осы Қағидалардың 4 - 6-тармақтарында белгіленген мәндерден төмен белгіленуі мүмкін.
Акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысының немесе қатысушылардың (жалғыз қатысушының) жалпы жиналысының шешімінде сыйақы мөлшерінің төмендеуі не оның төленбеуі туралы себеп көрсетіледі.
10. Ұлттық басқарушы холдингтердің директорлар кеңесі мүшелерінің жылдық сыйақы сомасы осы Қағидалардың 4 - 6-тармақтарында белгіленген нормалар қолданылмай, акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысының шешімімен дербес белгіленеді.
11. Директорлар кеңесінің мүшелері сырқаттанған, демалыста және іссапарда болған жағдайларды қоспағанда, есепті кезеңде директорлар кеңесі комитетінің (байқау кеңесінің) өткізілген күндізгі және сырттай отырыстарының жартысынан азына қатысқан жағдайда сыйақы 50%-ға (елу пайызға) азаяды.
12. Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелеріне директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) отырыстарына, сондай-ақ директорлар кеңесі (байқау кеңесі) төрағасының не оның міндетін атқарушы адамның мақұлдауымен акционер бастама жасаған, директорлар кеңесі (байқау кеңесі) мүшесінің тұрақты тұрғылықты жерінен тыс жерде өткізілетін кездесулер мен іс-шараларға шығуына байланысты шығыстары өтеледі.
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген шығыстарды өтеуді компания өзінің ішкі құжаттарында көзделген компанияның іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде жүргізеді.
Жылдық сыйақы деңгейі
Компания деңгейі | Позиция | 1000 айлық есептік көрсеткішке қатысты коэффициентпен көрсетілген жылдық сыйақы диапазоны | ||
1 | Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) төрағасы | 1,3 – 1,5 | ||
2 | 1,6 – 1,9 | |||
3 | 2 – 2,4 | |||
4 | 2,5 – 3 | |||
5 | 3,1 – 3,9 | |||
6 | 4 – 5 | |||
7 | 6-8 | |||
Компания деңгейі | Позиция | Жылдық сыйақы 1000 айлық есептік көрсеткішке қатысты коэффициент | ||
1 | Директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері | 1 – 1,2 | ||
2 | 1,3 – 1,5 | |||
3 | 1,6 – 1,9 | |||
4 | 2 – 2,4 | |||
5 | 2,5 – 2,9 | |||
6 | 3 – 3,9 | |||
7 | 4-5 | |||
Ескертпе: Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылмайтын заңды тұлғада жылдық сыйақы төленген жағдайда, мұндай сыйақы төлем күніне Ұлттық Банктің осындай валютаға теңгенің ресми бағамы бойынша шетел валютасымен төленеді.
Компания деңгейін айқындау жөніндегі факторлық шәкіл (млн теңгемен)
Кірістер | 50-ден аз | 50 -500 | 500 – 5 000 | 5000-50 000 | 50 000- 500 000 | 500 000- | 5 000 000-нан жоғары |
/активтер | 5 000 000 | ||||||
250-ден аз | 1 | 1 | 1 | 2 | |||
250 - 2500 | 1 | 2 | 2 | 2 | 3 | ||
2 500 - 25 000 | 1 | 2 | 3 | 3 | 3 | 4 | |
25 000 - 250 000 | 2 | 2 | 3 | 4 | 4 | 4 | 5 |
250 000 - 2 500 000 | 3 | 3 | 4 | 5 | 5 | 5 | |
2 500 000 - 25 000 000 | 4 | 4 | 5 | 6 | 6 | ||
25 000 000-нан жоғары | 5 | 5 | 6 | 7 |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына 4-қосымша |
Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-11) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптарды айқындайды.
2. Талаптар:
1) білім деңгейіне;
2) жұмыс өтіліне;
3) кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті құзыреттерге қойылады.
2-тарау. Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптар
3. Мемлекет ұсынатын компанияның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелеріне кандидатқа қойылатын ең төмен талаптар:
1) компанияның негізгі қызметіне сәйкес келетін саладағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
2) компанияның қызметін реттейтін бейіндік заңнаманы және "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17726 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін білу;
3) жұмыс тәжірибесі мынадай талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
директорлар кеңесі (байқау кеңесі) мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі 5 (бес) жылдан кем емес;
компанияның негізгі қызметіне сәйкес салалардың басшылық лауазымдарындағы жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес.
4. Компанияның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері болуға:
1) белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) бұрын төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам сайланбайды. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңның 64-бабына және "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес акцияларға иелік ететін акционерлермен (мүшелермен), Басқарма (атқарушы орган) мүшелерімен директорлар кеңесіндегі (байқау кеңестеріндегі) жұмыстан басқа байланысы бар адам сайланбайды;
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 26.02.2026 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.