"Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36733 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы №446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1) өртті сөндіру жетекшісі (бұдан әрі – ӨСЖ) – уәкілетті, жергілікті атқарушы органның және (немесе) кәсіби және салалық өртке қарсы қызметтің өрт орнына келген аға лауазымды тұлғасы;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Шақыруларды қабылдауды және өңдеуді белгіленген тәртіппен Өрт байланысының орталық пункті (бұдан әрі – ӨБОП), өртке қарсы қызмет бөлімінің байланыс пунктінің (бұдан әрі – ББП) кезекші диспетчері (радиотелефонист) жүзеге асырады және оған мыналар кіреді:

      ақпаратты қабылдау және тіркеу;

      алынған ақпаратты бағалау және шығу кестесінде (күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарында) көзделген күштер мен құралдарды шақыру орнына жіберу туралы шешім қабылдау;

      "дабыл" сигналын беру немесе өрт сөндіру бөлімін (бекетін), құтқару бөлімшесін радиостанция бойынша не басқа да қолда бар байланыс құралдары бойынша шығару;

      қарауылды басқаратын лауазымды адамға немесе кезекші ауысым (бұдан әрі – қарауыл бастығына (аға инженер), осы Қағидаларға-Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өртке ӨСБ (МӨСБ) кезекші қарауылының шығуына жолдама тапсыру (беру), сондай-ақ өрт сөндіру жедел жоспары мен карточкаларын, болған жағдайда беру;

      лауазымды адамдарды шақыру (өрт) объектісі туралы қолда бар ақпаратпен қамтамасыз ету.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жолға шыққан кезде өрттің жойылғаны немесе оның болмауы туралы мәліметті алған жағдайда аға бастықтың, кезекші өрт сөндіру қызметі (бұдан әрі – ӨСКҚ) қызметкерінің, ӨБОП кезекші диспетчерінің оралу туралы өкімі болған жағдайлардан басқа өрт сөндіру бөлімшесі шақыру орнына (өртке) келуі керек.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Өртке барар жолда басқа өртті байқаған жағдайда бөлімшені басқаратын басшы оны сөндіруге күштер мен құралдардың бір бөлігін бөледі (жағдайға байланысты) және тез арада ӨБОП-ке (ББП) осы өрт, қабылданған шешім туралы хабарлайды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бару жолында бөлімшенің аға бастығы ӨБОП-мен (ББП) үздіксіз байланыста болады. Өрт сөндіру автокөлігінің тоқтап қалуының барлық жағдайлары туралы ӨБОП-не (ББП) хабарланады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      26. Барлауды өрт сөндіру жетекшісі және оның тапсырмасы бойынша басқа адамдар басқарады.

      Барлауды әрбір командир және өрт сөндіруге қатысушы өзінің жұмыс учаскесінде жүргізеді, шақыру орнынан алғашқы ақпаратты ӨСЖ келгенге дейін, өрт сөндіруші-құтқарушы-мотоциклшілер береді.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Өртті оқшаулауға күштер мен құралдар жетіспеген жағдайда жауынгерлік тапсырманы қысқа уақытта орындау үшін қосымша өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын, сондай-ақ кәсіби өртке қарсы қызметтерді, ерікті өртке қарсы құралымдарды, халықты, әскери бөлімдерді және ішкі істер органдары бөлімдерін шақыру қажет.

      Бұл жағдайда қосымша күштер мен құралдар келгенше бірінші өрт сөндіру бөлімдері өрттің өршуін тоқтатуға шаралар қолдануға тиісті.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Ақпарат байланысы ӨСБ, өрт сөндіру жедел штабы, ӨБОП (ББП) арасында радиостанция және телефон арқылы орнатылады.

      Бұл байланыс өрттегі және бару жолындағы ӨБОП немесе ББП және бөлімшелер арасында өрттегі жағдай және оны сөндіру барысы, қосымша күштер мен құралдарды шақыру туралы өзара ақпараттарды, сондай-ақ ӨСБ талаптарын су өткізу, газ авариялық, энергетикалық, медициналық және өзге қызметтерге жеткізуді қамтамасыз етуі қажет.";

      мынадай мазмұндағы 111-1-тармақпен толықтырылсын:

      "111-1. Бөлімшеге оралғаннан кейін өрт туралы актілер азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкері басшылық жасайтын комиссия әрбір өртке оны жойғаннан кейін бір тәулік ішінде жасайды. Комиссия құрамына ТЖ-дан зардап шеккен заңды тұлға немесе жеке тұлға өкілдері және басқа да мүдделі адамдар кіреді. Өрт сөндіру бөлімшелері шақыртылмаған және хабарлама (ауызша немесе жазбаша) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне зардап шеккендерден, сақтандыру ұйымдарынан немесе басқа да көздерден түскен өрт туралы актіні ақпарат сәттен бастап екі тәуліктен кешіктірілмей сол құрамдағы комиссия кемінде екі данада жасайды.

      Акті оған комиссия қол қойғаннан кейін өрт фактісі бойынша тексеру жүргізген органда қалады. Өрт салдарынан келтірілген материалдық залал сомасы және оның туындау себептері жөнінде деректер болмаған кезде бұл мәліметтер 30 тәуліктен кешіктірілмей қорытынды (өрт сынақ зерттеу зертханасы), сараптама (өрт-техникалық), не ұйымның бухгалтерлік есептілік құжаттары, сақтандыру ұйымдарының мәліметтері, сот органдарының шешімдерінен үзінділер немесе мүлік иелерінің құжаттары ұсынылғаннан кейін толтырылады. Өрт туралы актінің көшірмесі мүлік иелері мен өрттен зардап шеккендерге өтініш бойынша сот органдарына шығынды өтеу, құжаттарды қалпына келтіру мәселелері бойынша жүгіну үшін, сондай-ақ сот органдарының жазбаша сұрау салулары бойынша беріледі.";

      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Тұрақты орналасу орнына келгеннен соң күштер мен құралдарды 10 минуттан аспайтын уақыт аралығында әзірлікке келтіру бойынша шаралар қолданылады. Қарауылдың шығуға даярлығы ӨБОП (ББП) хабарланады.";

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. ӨСБ:

      барлау жүргізуі және өрттегі жағдайды бағалауы;

      қолдағы бар күштер мен құралдарды қолдана отырып, адамдарды құтқаруды жедел ұйымдастырып, оны жеке басқаруы, үрейді болдырмауы;

      осы Қағидаларға 11-қосымшасына сәйкес шешуші бағытты, күштер мен құралдардың қажетті санын, өрттегі іс-қимылдардың тәсілдері мен әдістерін айқындауы;

      бөлімшелерге тапсырма беруі, олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруы және қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуі;

      өрттегі жағдайдың өзгеруін үнемі бақылауы және тиісті шешім қабылдауы;

      өрт болған жерге келген кезде, оның сырт көріністері бойынша ӨБОП (ББП) ақпарат беруі;

      шешім қабылдағаннан және бұйрық берілгеннен кейін диспетчерге тікелей өзі немесе жедел өрт сөндіру штабы арқылы өрт сөндіру объектісінің мекенжайы, оның жедел-тактикалық сипаттамасы, не жанып жатқандығы (немесе жанғандығы), өрттің ауданы, адамдардың өміріне қатердің болуы мен өрттің өршу қаупі туралы, іс-қимылға қандай күштер мен құралдар енгізілгендігі, қосымша күштер мен құралдардың қажеттілігін хабарлауы;

      бұдан әрі ӨБОП (ББП) тұрақты байланыс ұстап, қабылдаған шешімдер және өрттегі жағдайдың ахуалы туралы мерзім мерзіммен хабарлауы;

      қосымша күштер мен құралдарды бір уақытта шақыру және олардың кездесуін ұйымдастыруы;

      өртке аға лауазымды тұлға келген соң жағдайды, өрт сөндіру жөнінде қабылдаған шешімдер туралы, өрт орнында қандай күштер мен құралдардың барын, іс-қимылға енгізгендігін, қосымша шақырылған туралы баяндауы;

      жағдайға байланысты өрттегі жедел штабты ұйымдастыруы және олардың орналасу орнын айқындауы;

      жедел өрт сөндіру штабына өрттегі жағдай, жұмылдырылған күштер мен құралдар, олардың орналасуы және бұрын қабылданған шешімдер туралы хабарлама беруі;

      өздерінің орналасқан орны туралы жедел штабты хабардар етуі және оларды барлық қабылданған шешімдер туралы хабарлауы;

      тікелей немесе жедел өрт сөндіру штабы арқылы өрттегі жауынгерлік іс-қимылдармен қамтамасыз етуі;

      еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігінің қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі, өрт сөндіруге қатысушыларға олардың өмірі мен денсаулығына қауіп туындағандығы туралы ақпарат жеткізуі;

      аға басшы құрам арасынан техника қауіпсіздігінің сақталуына жауапты тұлғаны тағайындауы;

      қажетіне қарай алғашқы көмек пунктін ұйымдастыруы;

      күштер мен құралдардың резервін құруы, жұмыс істеушілердің демалуына, жылынуына және құрғақ киім ауыстырып киюіне мүмкіндік беріп мерзім бойынша оларды ауыстыруы;

      өртке әртүрлі бағыттан күштер мен құралдар келген жағдайда, тыл бастығына жүріп тұру және байланыс құралдары бар көмекшілерді бөлуі;

      өрт сөндіру барысында жұмыстың қарқынын тоқтатпай су қорын тауысқан өрт сөндіру автоцистерналарына су құю мүмкіндігін пайдалануы;

      қажет болған жағдайда өртті сөндіруге тартылған қызметтермен (қоғамдық тәртіп сақтау, энергетикалық, су құбырының, газдың, медицинаның және т.б.) өзара іс-қимыл ұйымдастыруы, объектідегі инженер-техник қызметкерлерімен тұрақты байланыс ұстауы және объектінің нұсқамалары мен нұсқауларын ескере отырып, өрт сөндірудің тәсілі мен құралдары туралы шешім қабылдауы;

      осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт туралы актіні толтыруы немесе оны толтыруды өрт орын алған шығу ауданындағы (объектідегі) өрт сөндіру бөлімін басқаратын аға бастыққа тапсыруы;

      оның шыққан негізгі орнын, артық бұзылудан сақтауы, өртке себеп болған заттарды анықтап сақтауы, шара қабылдауы, сондай-ақ өрт туралы акт жасауға қажетті мәліметтер жинауы, бұл үшін сынақ зертханасының анықтама қызметкерлерін қатыстыруы;

      өрттің жойылғанына өзінің көзін жеткізуі, сөндірілген өрт орнына бақылаудың қажеттілігі және ұзақтығын анықтауы (оның ішінде жану орнынан су құюы);

      эвакуациялауды, төгілген судан қорғау және құқық қорғау органдары қызметкерлері келгенге дейін эвакуацияланған материалдық құндылықтарды күзету шараларын қабылдауы қажет.";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. ШБ осы Қағидалардың 137-тармағында көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете отырып, штабтың жұмысын басқаруы керек, оның ішінде:

      ӨСБ қабылдаған шешімге сәйкес күштер мен құралдарды орналастыруы;

      өртте үздіксіз барлауды ұйымдастыру және жауынгерлік учаске бастықтарынан мәліметтер ала отырып өрттегі жағдайды зерттеуі;

      қосымша күштер мен құралдарды шақыруы, ӨСБ бұйрықтарын бөлімше басшыларына жеткізуі;

      өрттегі байланысты ұйымдастыру;

      ӨСБ барлау нәтижесін және өртті сөндірудің жүргізілуі мен жағдайын баяндауы;

      кідіртпейтін жағдайларда, кейіннен ӨСБ баяндау арқылы өздігінше шешім қабылдауды жүзеге асыруы;

      ӨСБ және штаб бұйрықтарының орындалуын бақылауы;

      келген бөлімшелерден резерв құруы;

      қаланың (объектінің) арнайы қызметтерін шақыруы, олармен өзара іс-әрекетті ұйымдастыруы;

      ӨБОП (ББП) өрт туралы мәліметтерді беруі;

      белгіленген тәртіпте ішкі істер органының өрт сынақ зертханасымен және жедел тергеу тобымен өзара іс-қимыл ұйымдастыра отырып, өрттің туындау себебі мен оған кінәлі тұлғалар туралы мәлімет жинауды қамтамасыз етуі;

      тыл бастығы мен байланысшыларды қатыстыра отырып, жедел штабтың құжаттарын жүргізуі;

      өртте ұзақ уақыт жұмыс істеу кезінде жеке құрамды тамақтандыру мен алмастыруды ұйымдастыруы керек.";

      152 және 153-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Өртті сөндіруге тікелей қатысатын өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің жеке құрамы, кәсіптік, салалық өртке қарсы қызметтер, ерікті өртке қарсы құралымдар, өрт сөндіру пунктері, әскери бөлімдер, ішкі істер органдарының бөлімшелері өрт сөндіруге қатысушы болып табылады.

      153. Өрт сөндіруге қатысушылар:

      өрт сөндірумен байланысты қойылған міндеттерді орындауды;

      бекітілген өрт сөндіру автомобилінің, ӨТЖ және жабдықтың тиімді, үздіксіз жұмыс істеуін, олардың сақталуын, ақаулықтарды анықтау және жою бойынша шара қабылдауды;

      өрттегі жағдайдың өзгеруін, берілген командалар мен сигналдарды мониторингтеуді, ӨСЖ немесе басқа да жедел лауазымды тұлғалардың нұсқауы бойынша, сондай-ақ тікелей басшысына кейіннен баяндай отырып, өздігінен өз іс-қимылына түзету енгізуді;

      өртте белгіленген тәртіпте байланыс ұстауды;

      қауіпсіздік техникасын сақтауды;

      зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді;

      қойылған міндеттерді табысты шешуге қажетті және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін іс-қимылдарды орындауды;

      өрттің өршуіне кедергі болатын және олардың жойылуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды;

      өрт орнынан адамдар мен мүлікті эвакуациялауды қамтамасыз етеді.";

      164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Өрт сөндіруші-байланысшы:

      командирдің бұйрықтарын алып және нақтылай отырып, оларды дер кезінде бұрмалаусыз адресатқа жеткізу керек, содан кейін бастыққа қайта оралып, бұйрықтарды бергені жөнінде баяндау;

      радиостанция және телефон бойынша жедел штабпен, ӨБОП (ББП) тұрақты байланысты орнату және ұстау;

      өзінде жылжымалы радиостанция, телефон анықтамалығы, шақыру белгілерінің тізбесі, таза парағы бар блокнот, қарындаш пен шам болуы керек.";

      166-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "166-3. Өрт сөндіруші-құтқарушы-мотоциклшіге:

      барлау жүргізу және өрттегі жағдайды бағалау;

      өрт орнына келгеннен кейін оның сыртқы белгілері бойынша өрт объектісінің мекенжайын ӨБОП-не (ББП) ақпарат беру, оның жедел-тактикалық сипаттамасы, жанып жатқан (немесе өртенген), өрттің ауданы, адамдардың өміріне қауіп төніп тұр ма және өрттің пайда болу қаупі бар ма, күштер мен құралдарды қосымша тарту қажеттілігі бар ма;

      адамдарды құтқаруды дереу ұйымдастыру және жеке басқару, дүрбелеңнің алдын алу;

      өрттегі жағдайдың өзгеруін үнемі қадағалап, тиісті шешімдер қабылдау;

      ӨБОП-пен (ББП) одан әрі үздіксіз байланыста болуға, қабылданған шешімдер туралы және аға лауазымды тұлға келгенге дейін өрттегі жағдай туралы мерзімді хабарлауға;

      аға лауазымды адам өртке келген соң, қосымша қандай күштер мен құралдар шақырылғаны туралы баяндау;

      баяндамадан кейін аға лауазымды тұлғаға (ӨСБ) бағынады және осы Қағидалардың 157-163-тармақтарын басшылыққа алуы қажет.";

      175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "175. Шақыру орнына (өртке) жол жүру кезінде қарауыл бастығы (аға инженер):

      қозғалыстың оңтайлы бағдарын анықтау, жүргізушінің гарнизон бастығы белгілеген қозғалыс жылдамдығы мен жол қозғалысы ережелерінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына сәйкес талаптарын сақтауын қамтамасыз ету (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген);

      өрт сөндірудің жедел құжаттамасымен (жедел жоспарлар, карточкалар, су көздерінің планшеттерімен және т.б.) танысу;

      радиостанция арқылы өрт орнынан ӨБОП (ББП) ақпаратын үнемі тыңдау;

      жолда тоқтаған кезде осы Қағидалардың 19-тармағын басшылыққа алу керек.";

      291-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "291. Өрт орнына баратын жолда ӨБОП (ББП) арқылы станция диспетчерінен:

      жанған жылжымалы құрамның тұрған орнын, оған жолдың және кіреберіс жолдардың бар-жоғын;

      көрші вагондарды, поездарды ажыратуға және эвакуациялауға қабылданған шараларды;

      өрт орнының үстіндегі электр түйіспе сымдарының тоқтан ажыратылғанын;

      қалдық кернеудi алу үшiн бригаданың және маневр локомативiнiң жiберiлгендiгiн;

      өрт орнына өрт және жөндеу-қалпына келтiру поездарының жiберiлген уақытын нақтылауы керек.";

      306-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "306-2. Өрт болған жерге барған кезде ӨСЖ ӨБОП диспетчерлері арқылы нақтылауы керек:

      1) жанып жатқан электр автобусының орналасқан жері (жүру маршрут жолы бойынша, зарядтау станциясында), оған жолдар мен кіреберістердің болуы;

      2) жолаушылар мен жүргізушіні эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар, олардың жай-күйі (эвакуацияланған, бұғатталған);

      3) электр желілерінің энергетикалық кәсіпорындардың (ұйымның) кезекші перосналының келу және кернеуді ажырату уақыты туралы ақпарат (зарядтау станциясында электр автобусы өртенген жағдайда).";

      308-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "308. Ауылдық елді мекенде өртті сөндіру кезінде ӨСЖ керек:

      iшкi iстер бөлiмiнiң кезекшiсi, жергiлiктi байланыс торабы немесе ББП арқылы аудандық жоспарда көзделген күштер мен құралдарды уақытында шақыруды ұйымдастыруы, өрт туралы ӨБОП-ке хабарлауы;

      оттың таралуына жол бермеу жөнiндегi шараларды қабылдаумен бiруақытта адамдарды құтқаруды, малдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялауды ұйымдастыруы;

      оттың таралуы мүмкiн жолдарды бөлiп тастау үшiн тракторларды және бульдозерлердi пайдалану;

      өртке қарсы құралымдар мүшелерiнен және халықтан, жаңа жану ошақтары қатері төнген кезде, өрт сөндiргiштерi және су құйған шелектерi бар бекетшiлер қоюы;

      жергiлiктi атқарушы органдар арқылы ерікті өртке қарсы құралымдар, шаруашылық әкiмшiлiгi тараған өрттi сөндiруге шаруашылық жүргізуші объектiлерiнiң техникасы мен халқын жұмылдыруы керек.";

      Қағиданың 1, 9 және 12-қосымшасы осы бұйрыққа сәйкес 1, 2 және 3-қосымшаға жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 376 Бұйрығына 1-қосымша
Өртті сөндіруді ұйымдастыру
қағидаларына 1-қосымша

Автоцистернадағы бөлімшенің өрт сөндіру есептобының негізгі міндеттерінің шамамен тәбілі

Өрт сөндіру есептобының құрамы

Кезекшілікке түскен кезде қабылданатын өрт-техникалық жарақ

Бастапқы дабыл әрекеттері

Жұмыс кезінде есептоптың негізгі міндеттері

Бөлімше командирі

Алып жүретін радиостанцияны, бейнетіркегішті (экшн-камераны), электр шамдарды, планшетті және су көздерінің анықтамалығын, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары (бұдан әрі – ТОЖҚҚ), резервтік ТОЖҚҚ, құтқару арқанын, тасымалды және тасымалданатын мотопомпаларды, электр генераторларын, гидравликалық жетегі бар механикаландырылған құрал-саймандарды (сорғы станциялары, қайшылар, қысқыш және көтергіш құрылғылар, домкраттар), пневможетегі бар қабылдайды (пневмодомкраттар, баллондар).

Жауынгерлік киімдер мен құрал-жабдықтарды киеді, жолдама, жедел жоспар немесе карточка алады, жеке құрамның автомобильге отыруын қадағалайды, жүргізушінің жанындағы кабинаға отырады, мекенжайын жариялайды және шығуға команда береді, анықтамалық бойынша жақын су көздерінің орналасуын нақтылайды, бейнетіркегішті (экшн-камераны) қосады.

Адамдарды құтқару, өртті сөндіру және мүлікті эвакуациялау жөніндегі бөлімшенің жұмысына басшылық жасайды, барлау жүргізеді, газ-түтіннен қорғау қызметі (бұдан әрі – ГТҚҚ) буынын басқарады, өрт гидрантына автоцистернаны (бұдан әрі – АЦ) орнатады.

№ 1 өрт сөндіруші – құтқарушы (аға өрт сөндіруші-құтқарушы)

Барлық оқпан түрлерін, тасымалданатын лафеттік оқпанды, электр жетегі бар (электр ара), мото жетегі бар (бензинді кескіш, бензинмоторлы ара және т.б.) электр қорғау құралдарын (резеңке диэлектрлік қолғаптар, электр сымдарын кесетін оқшауланған тұтқасымен қайшылар, резеңке диэлектрлік галоштарды (ботылар), резеңке диэлектрлік кілемшелерді, тасымалданатын жерге тұйықтағыштар) қабылдайды, ТОЖКҚ.

Жауынгерлік киім мен құрал-жабдықты киеді, гараж есігін ашады, автомобильге сол жақтан отырады, оқпанды, құтқару арқанын, жеңқұбырлық кідірісті және шамды алады (түнде).

Магистральдық немесе жұмыс желісін салады, оқпанмен жұмыс істейді, адамдарды құтқару, конструкцияларды ашу және бөлшектеу жұмыстарын орындайды.

№ 2 өрт сөндіруші-құтқарушы

d-51, 66, 77 мм қысым жеңқұбырларын, жеңқұбыр кідірістерін және қысқыштарды қабылдайды. Жылу шағылыстыратын костюм, химиялық қорғау костюмі, "Л-1" үлгісіндегі жеңіл қорғаныш костюмі, құтқару жамылғысы, отқа төзімді кенеп, ТОЖҚҚ.

Жауынгерлік киім мен құрал-жабдықты киеді, гараж есігін ашады, көліктің оң жағына отырады, оқпан, шам (түнде) киеді және жеңқұбырлық кідірісті алады.

Магистральды немесе жұмыс желісін салады, оқпанмен жұмыс істейді. № 3 өрт сөндірушімен жылжымалы 3 иінді баспалдағын тасымалдайды және орнатады, электр сымдарын кесуге арналған құрал-саймандармен жұмыс істейді, адамдарды құтқару, конструкцияларды ашу және бөлшектеу жұмыстарын орындайды..

№ 3 өрт сөндіруші-құтқарушы

Барлық баспалдақтарды, қол механикаландырылмаған құрал-сайманды (багралар, сүймендер, балталар, аралар, күректер, шанышқылар, ілмек, шелек, "Бұзақы" сүймені, шелек, қайла, балға), жол шпагатын, қауіпсіздік бекетінің чемоданын (ілінісу-арқанын, ГТКҚ буындарының жұмысын есепке алу журналы, фонарь, сағат, сигнализаторлар және т. б.) қабылдайды, құтқару қалпақшасы, ТОЖҚҚ.

Ол жауынгерлік киім мен –құрал-жабдықты киіп, сол жақта екінші болып автомобильге отырады және оқпанды алады.

Магистральдық желіні салуға көмектеседі, № 2 өрт сөндірушімен тармақталуды орнатады, 3 иінді баспалдағын тасымалдайды және орнатады, қауіпсіздік бекетінде қалады, қарапайым құралдармен жұмыс істейді, конструкцияларды бөлшектейді, адамдарды эвакуациялайды, жұмыс орнын жарықтандырады, оқпанмен жұмыс істейді,

№ 4 өрт сөндіруші-құтқарушы

Сорғыш және қысымды-сорғыш жеңқұбырларын, сорғыш торын, су жинағышты, өрт гидранттардан (бұдан әрі - ӨГ) жұмыс істеу үшін ұзындығы 4,5 м d-77 мм қысымды жеңқұбырларын, өтпелі бастиектерді, өрт бағанасын, гидроэлеваторды, тармақталуды, гидранттарды ашуға арналған кілтін, ӨГ құдығының қақпағын ашуға арналған ілгекті, сорғыш жеңқұбырлары мен қысымды қосуға арналған кілттерді, жеңқұбырлық көпірлерді қабылдайды, ТОЖКҚ.

Жауынгерлік киім мен құрал-жабдықты киіп оң жақтағы екінші болып автомобильге отырады және жеңқұбыр кідірісін алады.

Жүргізушімен бірге көлікті су көзіне орнатады, магистральдық желі салады, тармақталуда жұмыс істейді, адамдарды құтқарады, конструкцияларды ашу және бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындайды, жеңқұбырлық көпірлер орнатады, эжектор (гидроэлеватор) орнатады.

ПА жүргізуші- қызметкері (ПА аға жүргізуші- қызметкері, ПА жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы)

Автомобильді (қозғалтқыш, қоректендіру, майлау, салқындату, ілінісу, электр жабдықтары, басқару механизмдері, қуат беру және жүріс бөлігі, шанақ, жақтау және өрік, өрт сорғысы жүйесі), жүргізуші құрал-сайманын, медициналық дәрі қобдишасын, автомобиль радиостанциясын, сүйреу кәбілін, дәнекерлеу шамын, аунауға қарсы тіректерді, авариялық тоқтату белгісін, жарықтандыру діңгектерін, қызмет көрсетуге арналған құрал-саймандар жиынтығы, жүргізушінің шағылыстыратын кеудешесі, бейнетіркегіш (экшн-камера), жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – ЖЖМ), су мен көбіктендіргіштің бар-жоғын, өрт сөндіргішті қабылдайды.

Автомобильге отырады, қозғалтқышты іске қосады, артқы көру айналары арқылы шығу кезінде кедергілердің жоқтығына көз жеткізеді, бейнетіркегішті (экшн-камера) қосады, бөлім командирінің (қарауыл бастығының, аға инженердің) нұсқауы бойынша гараждан шығады.

№ 4 өрт сөндірушімен автомобильді су көзіне орнатады, қозғалтқыштың жұмысын сорғыға ауыстырады, сорғыда жұмыс істейді, жеңқұбырға су (көбік түзгіш) үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді, өртте техникалық қызмет көрсетеді.

Өрт мотоцикліндегі өрт сөндіру есептобының негізгі міндеттерінің шамамен тәбілі

Өрт сөндіру есептобының құрамы

Кезекшілікке түскен кезде қабылданатын өрт-техникалық жарақ

Бастапқы дабыл әрекеттері

Жұмыс кезінде есептоптың негізгі міндеттері

№1 өрт сөндіруші-
мотоциклист

Байланыс және сигнализация құралдарын, өрт сөндірудің аспалы қондырғыларын, гидравликалық авариялық-құтқару құралдарын, өрт сөндіргіштерді, алғашқы медициналық көмек дәрі қобдишасын, құтқару арқанын, балтаны, электр сымдарын кесуге арналған қайшыларды, "Бұзақы" сүймендерін, шамды, құтқару қалпағын, сигнал-дауыс зорайтқыш құрылғы (бұдан әрі – СДЗҚ), GPS-навигацияны, өрт мотоциклін және оған техникалық қызмет көрсету құрал-саймандарын қабылдайды.

Арнайы киім мен құрал-жабдықты киеді, шығу үшін жолдама алады, Өрт мотоцикліне отырады, қозғалтқышты іске қосады, бейнетіркегішті (экшн-камераны) қосады, №2 өрт мотоциклистің дайындығы бойынша гараждан шығады.

Өзімен бірге "Бұзақы" сүйменін, шамды, радиостанцияны және құтқару қалпағын алады. Аға лауазымды адамдар шақырту (өрт) орнына келгенге дейін адамдарды құтқару және эвакуациялау, өртті сөндіру және мүлікті эвакуациялау, жол көлік оқиғасында зардап шеккендерді блоктан шығару жөніндегі жұмысты басқарады және орындайды, барлау жүргізеді және жағдайды бағалайды, күштер мен құралдардың шешуші бағыты мен қажетті санын айқындайды, ақпаратты күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына немесе байланыс пунктіне береді. Есіктерді ашу және конструкцияларды бөлшектеу жұмыстарын жүргізеді.

№2 өрт сөндіруші- мотоциклист

Арнайы киім мен құрал-жабдықты киеді, гараж есігін ашады, өрт мотоцикліне отырады, қозғалтқышты іске қосады, бейнетіркегіш (экшн-камера) қосады, дайындық туралы хабарлайды және №1 өрт мотоциклистің соңынан ереді.

Өзімен бірге құтқару арқанын, радиостанцияны, құтқару қалпағын, гидравликалық авариялық-құтқару құрал-сайманын алады. №1 өрт сөндіруші-құтқарушы мотоциклистпен бірге барлау жүргізеді, адамдарды құтқару, өрт сөндіру рюкзактарымен өрттерді сөндіру, есіктерді ашу және конструкцияларды бөлшектеу, жол көлік оқиғасында зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша жұмыстарды орындайды және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетеді.

ескертпе: Мотоцикл экипажының кезекшілігіне түсу тәртібі Өртке қарсы қызмет гарнизоны бастығының бұйрығымен айқындалады. Кезекшілікке түсу екі экипаждың есептобымен жүзеге асырылады, бұл ретте мотоцикл экипажы кезекшілік кезеңінде қала көшелеріне берілген маршрут бойынша патрульдеу жүргізеді және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады.

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 376 Бұйрығына 2-қосымша
Өртті сөндіруді ұйымдастыру
қағидаларына 9-қосымша

Өрт дулығаларындағы (дулығалардағы) айырым белгілері

 
Қатардағы құрам



 
Бөлімше командирі



 
Қарауыл бастығы (аға инженер)
Шеңбердегі цифрлардың мөлшерін оңтайлы қабылдау



 
Бөлім бастығының орынбасары
Үшбұрыштағы цифрлардың оңтайлы өлшемі




 
Бөлім бастығы



 
Жасақ басшылығының құрамы



 
Уәкілетті органның аумақтық басшы құрамы (шеңбердің фоны қызыл)



 
Уәкілетті органның аумақтық бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары
(үшбұрыштың фоны қара)



 
Уәкілетті органның аумақтық бөлімдерінің, бөлімшелерінің қызметкерлері (бас мамандар, аға инженерлер, инженерлер)



 
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылық құрамы
(Қызыл фон)







Ескертпе: трафарет дулығаның (дулығаның) екі жағына (алдыңғы және артқы) қара түспен симметриялы түрде қолданылады.

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 376 Бұйрығына 3-қосымша
Өртті сөндіруді ұйымдастыру
қағидаларына 12-қосымша

      Нысан

Өрт туралы акт – Акт о пожаре (кемінде 2 данада жасалады – составляется не менее чем в 2-х экземплярах)

      ________________________________ "____"_________________жыл/год

      қала, село, аудан – город, село, район

      Комиссия құрамында: мемлекеттік өртке қарсы қызметтен___________________

      Комиссия в составе: от государственной противопожарной службы

      ______________________________________________________________________

      өрт сөндіру басшысы, төтенше жағдайлар басқарма қызметкері – руководитель

      тушения пожара, сотрудник отдела по чрезвычайным ситуациям/управления по чрезвычайным ситуациям____________________________________________________

      объект әкімшілігінен – от администрации объекта

      _____________________________________________________________________

      ішкі істер органдарының, сақтандыру өкілдері – представители органов внутренних дел, страхования

      ______________________________________________________________________

      қоғамдық ұйымдардан және басқа да тұлғалар – от общественных организаций и другие лица

      _______________________________________________________________________

      болған өрт туралы осы актіні жасаған

      составил настоящий акт о происшедшем пожаре "____"_________________жыл/год

      Объектінің атауы (толық)_____________________________________________

      Наименование объекта (полное)

      Объектінің тиесілігі, меншік нысаны__________________________________

      Принадлежность объекта, форма собственности

      Ғимараттың, құрылыстың қабаттылығы_________________________________

      Этажность здания, сооружения

      Объектінің мекенжайы________________________________________________

      Адрес объекта

      Өрт орнынан бастап жақын маңда орналасқан ӨСБ, МӨСБ дейін қашықтық_________

      Расстояние от места пожара до ближайшей ПЧ, СПЧ

      Өртті байқаған күні__________және уақыты__________сағ.__________мин.

      Дата и время обнаружения пожара час мин.

      Өрт шыққан (болжалды) орын__________________________________________

      Место возникновения пожара (предполагаемое)

      ______________________________________________________________________

      Кім өртті байқады және ол туралы өртке қарсы қызметке қалай хабарлаған, тел. № -

      Кто обнаружил пожар и каким образом сообщил о нем в противопожарную службу, телефон №

      Облыстық, қалалық ТЖД КҚЖБО-ға, бөлімшелерінің ББП-ға өрт туралы

      хабарламаның түскен күні ________ және уақыты_______сағ._______мин.

      Дата ___________ и время _______час_______ мин. поступления сообщения о пожаре

      на ЦОУСС, ПСЧ подразделений ДЧС города, области

      1-ші бөлімшенің келген уақыты __________сағ._________мин.

      Время прибытия 1-го подразделения час мин.

      Өртті оқшаулау күні ____________ және уақыты _________сағ.__________мин.

      Дата и время локализации пожара час мин.

      Өртті жою күні _____________ және уақыты __________сағ.________мин.

      Дата и время ликвидации пожара в час мин.

Өртке қарсы қызмет бөлімшесінің келген сәтіндегі жағдай Обстановка к моменту прибытия подразделения противопожарной службы

      Өрттің ауданы, оның таралу жолдары мен жылдамдығы, жанатын толымы, адамдарға, жануарларға төнген қауіп, құлау және жарылу қауіптілігі, тұрғындардың, ЕӨСҚ-ның

      қимылдары көрсетіледі_________________________________________________

      Указывается площадь пожара, пути и скорость его распространения, горючая загрузка, угроза людям, животным, опасность обрушений и взрывов, действия населения,

      ДПФ__________________________________________________________________

Өртті сөндіру кезінде пайдаланған күштер мен құралдар: Силы и средства, применявшиеся при тушении пожара:

      Өрт сөндіруге қатысқандар және олардың саны: ____________________________

      участники тушения пожара, включая взаимодействующие службы с указанием их количества: _________________________________________________________________

      Өрт сөндіру бөлімінің №, ГТҚҚ бөлімшелерінің, звеноларының саны - № пожарной части, количество отделений, звеньев ГДЗС

      ГТҚҚ бөлімшелерінің, звеноларының жұмысының жалпы уақыты_____________

      Суммарное время работы отделений, звеньев ГДЗС

      ______________________________________________________________________

      Өрт сөндіргенде пайдаланған өрт техникасының түрі, саны – тип, количество

      пожарной техники, использованной при тушении пожара

      Өрт сөндіргенде берілген оқпандардың түрі мен саны:_______________________

      Вид и количество стволов, поданных при тушении пожара:

      _______________________________________________________________________

      Өрт сөндіргенде қолданған өрт сөндіргіш құралдардың түрі және саны – виды и количество огнетушащих средств, применявшихся при тушении пожара

      Өрт сөндіргенде қолданған су көздерінің түрі (қажеттіні толтыру керек):

      Виды водоисточников, использованных при тушении пожара (нужное заполнить):

Су көздері
водоисточники

Атауы, гидранттың, суқоймасының №
Название, № гидранта, водоема

Су көзінің мекенжайы
Адрес водоисточника

Өрт орнынан қашықтығы
Расстояние от места пожара

Ішкі ӨҚСЖ
Внутренний ППВ




Сыртқы ӨҚСЖ
Наружный ППВ




Жасанды суқоймасы
Водоем искусственный




Табиғи суқоймасы
Водоем естественный




      Өрт сөндіру жетекшісі (лауазымы ТАӘ):

      Руководитель тушения (должность, ФИО):

Өрттің зардаптары: Последствия пожара:

      Өлген адамдар: барлығы _______, оның ішінде балалар ______, өртке қарсы қызмет қызметкерлері_________.

      Погибло людей: _____, в т.ч. детей ____, сотрудников противопожарной службы __________ .

      Жарақаттанғандар туралы мәлімет:_______________________________________

      Сведения о травмированных

      ______________________________________________________________________

      Өрттен жойылған (зақымдалған) құрылыс, тұрғын үй пәтерлерінің бірлігі

      Уничтожено (повреждено) пожаром, площадь_______________________________

      өлген жануарлар________________________________________________________

      погибло животных (түрі және саны – вид и количество)

      Өрттің залалы (белгіленген немесе бағдарланған)________________________ теңге

      Ущерб от пожара (установленный или ориентированный)

      Өрттің себебі (белгіленген немесе болжанған)_______________________________

      Причина пожара (установленная или предполагаемая)

      _______________________________________________________________________

      Өрттің пайда болуына кінәлі тұлғалар______________________________________

      Лица, виновные в возникновении пожара

      Өртте құтқарылған – спасено при пожаре:

      Жұрт___________адам. Техникалар __________ бірлік

      Людей чел. Техники ед.

      Мал басының бірлігі_________________

      голов скота

      Материалдық құндылықтар______________________________________мың теңге

      Материальных ценностей тыс. Тенге

      Өрт туралы акт тексерілуге жіберілді_______________________________________

      Акт о пожаре направлен для рассмотрения в

      Комиссияның айрықша ескертпелері_______________________________________

      Особые замечания комиссии

      Комиссия мүшелерінің қолы:_____________________________________________

      Подписи членов комиссии: (аты-жөні - фамилия, имя, отчество)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Актінің данасын алғандар: _______________________________________________

      Экземпляры акта получили ______________________________________________