Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы мыналарды:
2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулылары тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 1-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 2-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 3-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші абзацтарын және 4-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, қырқыншы және қырық бірінші абзацтарын;
2026 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын, 4-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, отыз үшінші және отыз төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2025 жылғы 25 тамыздағы № 53 Қаулыға қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 202 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14298 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларында, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарда:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидалары, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 42-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы электрондық ақша эмитенттеріне (бұдан әрі – эмитент) және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды айқындайды.";
1-1-тармақ алып тасталсын.
2. "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 25-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану тәртібін, сондай-ақ төлемдерді кодтау жүйесін айқындайды.";
Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесінде:
"Тауарлар және материалдық емес активтер" атты 7-бөлімде:
төлем белгілеу коды бойынша 721-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
721 | Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік үшін төлемдер |
оның ішінде: | |
Қазақстан Республикасының аумағындағы үйлер мен ғимараттар үшін төлемдер | |
бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті пайдаланудан түскен пайданы төлеу |
";
"Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлік үшін төлемдер, оның ішінде: Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі үйлер мен ғимараттар бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлікке үлестік қатысуды қамтамасыз ететін ақша аударымдары бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлікті пайдаланудан пайданы төлеу" деген төлем белгілеу коды бар 722-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 723-жолмен толықтырылсын:
"
723 | Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлесті сатып алу үшін төлемдер |
";
3. "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) 747-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 19, 24-баптарына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының банктерінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.";
2. Осы Қағидаларда Азаматтық кодексте, Салық кодексінде және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғым пайдаланылады:
серпінді сәйкестендіру – клиенттік банктік шот ашуға арналған өтінішке қол қою және банктік қызмет көрсету шартына қол қою құқығын біржолғы кодты қолдану арқылы бір мағыналы екендігін растау мақсатымен клиенттің жеке басын анықтау рәсімі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Клиентке банктік шот ашуды банк "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) 5-бабына сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылданғаннан кейін, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды ескере отырып жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 63-1-тармақпен толықтырылсын:
"63-1. Банктер Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен банктік шот бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындаудан бас тартуды немесе тоқтата тұруды, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы анықталған кезде банктік шоттағы ақша сомаларын бұғаттауды жүзеге асырады.";
72-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) егер банктік қызмет көрсету шартында және (немесе) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабында өзгеше көзделмесе, клиенттің өтініші негізінде кез келген уақытта жүргізіледі;".
4. "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 19, 24-баптарына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 25-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің (оның ішінде делдал банктердің), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, төлем құжаттарын ресімдеу нысандары мен тәртібін айқындайды, сондай-ақ банктердің, банктердің төлем агенттері мен қосалқы төлем агенттерінің және төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсеткенін растайтын құжаттың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Төлем тапсырмасы ақша жөнелтушінің банкке төлем тапсырмасында көрсетілген сомада және деректемелерге сәйкес бенефициардың пайдасына қолма-қол ақшасыз төлем және (немесе) ақша аударымы туралы нұсқауын білдіреді.
Ақша жөнелтуші қолма-қол ақшасыз төлемді және (немесе) ақша аударымын бенефициардың пайдасына Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асыру үшін банкке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынады.
Банкаралық төлем тапсырмасы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде ақша жөнелтуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдерді төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынады.
Бюджетке төлемдерді төлеу үшін ақша жөнелтушінің Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынуына жол беріледі.
Ақша жөнелтуші "төлем белгілеу" бағанында төлемнің белгіленуін, қолма-қол ақшасыз төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға негіз болатын құжаттың (ол болған жағдайда) атауын, нөмірі мен күнін және Қағидаларда көзделген өзге деректемелерді көрсетеді, сондай-ақ "төлем белгілеу коды" бағанында төлем кодының белгісі көрсетіледі.
Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында бюджеттік сыныптау кодының цифрлық белгісі көрсетіледі. Төлем тапсырмасында бюджеттік сыныптау кодын көрсетудің дұрыстығын жөнелтуші қамтамасыз етеді.
Заңды тұлға бюджетке төлемдерді, сондай-ақ өзінің оқшауланған бөлімшелері үшін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеген кезде "Нақты төлеуші" бағанында міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесінің атауы, ал "ЖСН (БСН)" бағанында - оның БСН көрсетіледі.
Көлік құралына салынатын салықты (оның ішінде электрондық терминалдар арқылы) төлеу кезінде "Төлем белгілеу" бағанында мынадай жүйелілікпен "VIN", көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, "/V" символдары, төлемнің белгіленуі көрсетіледі.
Сот орындаушысы атқарушылық өндіріс шеңберінде борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді төлеуі кезінде "Нақты төлеуші" бағанында төлем жүзеге асырылатын борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), сондай-ақ "ЖСН (БСН)" бағанында - оның ЖСН көрсетіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдар төлеу кезінде "Төлем белгілеу" бағанында "ADM", әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдың сәйкестендіру нөмірі, "/А" символдары, төлемнің белгіленуі көрсетіледі.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу үшін төлемдерді төлеу кезінде "Төлем белгілеу" бағанында "DDU", тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарттың сәйкестендіру нөмірі, "/D" символдары, төлемнің белгіленуі көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 23-1 және 23-2-тармақтармен толықтырылсын:
"23-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу үшін төлемдерді төлеу кезінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алуға төлемдерді жүзеге асыру үшін бөлінген төлем белгілеу кодының цифрлық белгісі көрсетіледі.
Уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарттың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі нөмірін және төлем нұсқауындағы төлем белгілеу кодын көрсетудің дұрыстығын ақша жөнелтуші қамтамасыз етеді.
23-2. Егер төлем тапсырмасындағы төлем белгілеудің кодтық белгісі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алуға төлемдерді жүзеге асыру үшін бөлінген төлем белгілеудің кодтық белгісіне сәйкес келген жағдайда, ақша жөнелтушінің банкі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарттың бар екеніне ақша жөнелтушінің ЖСН бойынша тексеруді жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:
"41-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу үшін төлемдерді төлеуге арналған төлем хабарламасында "Төлем белгілеу" бағанында "DDU", тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарттың сәйкестендіру нөмірі, "/D" символдары, төлемнің белгіленуі көрсетіледі.".
мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:
"79-1. Банк клиенттің алаяқтық белгілері бар анықталған төлем транзакциялары бойынша Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 25-1-бабына сәйкес нұсқауларды орындаудан бас тартады немесе нұсқауларды орындауды және (немесе) банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады, төлем және (немесе) ақша аударымы сомасын бұғаттайды.";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қағидаларға 1, 1-1, 2, 4, 12, 13, 14, 15, 15-1 және 15-2-қосымшаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмеген;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Азаматтық кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша, сондай-ақ жеке әріптестің кредитор алдындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген міндеттемелерін орындау шеңберінде ұсынылған талаптар бойынша ақшаны алып қоюды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттарға талап ұсынылған жағдайда;";
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"17-1) Қағидалардың 23-2-тармағында көзделген жағдайда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарт болмаған;";
81-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) егер есепке жатқызылатын ақша сомасы ағымдағы шотты ашу мақсаты мен шарттарына байланысты болмаған жағдайда, Азаматтық кодекстің 741-бабы екінші бөлігінің 1), 1-1), 2), 2-1), 2-3), 3), 4), 5-1), 5-2), 5-3), 7), 7-1), 8), 9) тармақшаларында көзделген мақсаттар үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есепке жатқызған;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) егер есепке жатқызылатын ақша сомасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған ақшалай талапты беруді қаржыландыру шарты және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде төленетін инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеуге байланысты болмаған жағдайда, ақшаны инвестициялық шығындардың өтемақыларын есепке жатқызуға арналған ағымдағы шотқа есепке жатқызған;";
мынадай мазмұндағы 188-1-тармақпен толықтырылсын:
"188-1. Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы анықталған кезде бұғатталған ақшаны қайтаруды бенефициардың банкі Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 25-1 және 57-баптарына сәйкес жүзеге асырады.".