"Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 19 тамыздағы № 337 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36650 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9593 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ереже "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің (бұдан әрі – Қызметтер) негізгі міндеттері мен өкілеттерін белгілейді.

      3-параграфтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) табиғи және техногендік төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарының, орталық және жергілікті атқарушы органдарының басқару органдарымен, азаматтық қорғау күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;";

      7-параграфтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарының, орталық және жергілікті атқарушы органдарының басқару органдарымен, азаматтық қорғау күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов