"Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 26 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14465 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |