"Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 6 тамыздағы № 311 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 тамызда № 36589 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10496 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарында:

      2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) штатта мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келетін кемінде үш маманның болуы:

      өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы;

      басқа да жоғары білімінің және мемлекеттік және (немесе) кәсіби өртке қарсы қызметтерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды тікелей орындаумен кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы;".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы
К. Турсынбаев