ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 5-тармағына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес (Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Авиация персоналына куәліктер беру" деген 1-қосымша) әзірленген.
2. Осы біліктілік талаптары авиация персоналының мынадай куәліктерін алу үшін кандидаттарға қолданылады:
1) ұшу экипажының мүшелеріне:
аса жеңіл әуе кемесінің пилотының куәлігі (ULAPL) (мотодельтаплан, автожир, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);
жеңіл әуе кемесінің пилотының куәлігі (LAPL) (ұшақ, тікұшақ);
жеке пилоттың куәлігі (PPL) (ұшақ, тікұшақ, дирижабль көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);
коммерциялық авиация пилотының куәлігі (CPL) (ұшақ, тікұшақ, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);
көпмүшелі экипаж пилотының куәлігі (MPL) (ұшақ);
желілік пилот куәлігі (ATPL (ұшақ, тікұшақ көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);
еркін аэростататтың пилотының куәлігі (FBPL);
планер пилотының куәлігі (GPL);
2) пилоттардан басқа ұшу экипажының мүшелеріне:
штурман куәлігі (FNL);
бортинженер куәлігі (бортмеханик) (FEL);
бортрадист куәлігі (FROL);
3) басқа авиация персоналына:
сыртқы пилот куәлігі (RPL) (ұшақ, дирижабль, планер, винтті, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі немесе еркін аэростат);
әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің куәлігі (ATCL) (бұдан әрі – ӘҚД);
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның куәлігі (AML) (бұдан әрі – ӘК ТҚ маманы);
ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәлігі (FDL);
авиация станциясы операторының куәлігі (ASOL);
жеңіл және аса жеңіл авиацияға ӘК ТҚК маманның куәлігі (LAML).";
4-тармақтың 38) тармақшасы алып тасталсын;
43-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12). ӘК ТҚК бойынша куәліктің белгілі бір санатының берілетін құқықтарында көзделген функцияларды орындау қабілетін көрсету.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |