"Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығының күші

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 шiлдеде № 36464 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19985 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев