"Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 шiлдедегі № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 шiлдеде № 36422 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларында:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) спорт саласы – айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі;

      2) спорт түрi – жаттығу ортасы, сайыс әрекетіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және бір спорт федерациясының спорт түрлері қағидалары ұқсастығының белгілері бойынша біріктірілген жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi;

      3) спорт түрлерінің тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз және электрондық жеткізгіштерде тіркелген мәліметтерді қамтитын тізілім.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Спорт түрі бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар топтамасымен уәкілетті органға "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларда 1-қосымшаға жазылған.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Спорт түрлерін, спорт салаларын танудан бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті органның жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижерелі бойынша уәкілетті орган оң шешім қабылдаған кезде бұйрық қабылдайды, теріс шешім қабылдаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың көшірмесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.

      Порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған бұйрықтың көшірмесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Танылған спорт түрінің, спорт саласының нөмір – коды келесі төрт белгіден тұрады:

      1) нөмiр - кодтың бiрiншi белгісі спорт түрiнiң, спорт саласының жеке нөмiрi болып табылады:

      1 – олимпиадалық спорт түрлерi;

      2 – олимпиадалық емес спорт түрлерi;

      3 – ұлттық спорт түрлерi;

      4 – техникалық және қолданбалы спорт түрлерi;

      5 – паралимпиадалық емес спорт түрлерi;

      6 – паралимпиадалық спорт түрлері;

      7 – сурдлимпиадалық спорт түрлері;

      8 – әскери-қолданбалы спорт түрлерi.

      9 – қызметтік-қолданбалы спорт түрлері;

      2) нөмiр - кодтың екінші белгісі спорт түрiнiң, спорт саласының маусымдылығын айқындайды:

      1 – жазғы спорт түрлерi;

      2 – қысқы спорт түрлерi;

      3 – маусымдық емес спорт түрлері;

      3) нөмiр - кодтың үшінші белгісі спорт түрiмен, спорт саласымен шұғылданудың маусымын, сондай-ақ, спорт түрiнiң, спорт саласының ойын немесе ойын емес сипатын айқындайды:

      1 – спорттың жазғы ойын емес түрi;

      2 – спорттың жазғы ойын түрi;

      3 – спорттың қысқы ойын емес түрi;

      4 – спорттың қысқы ойын түрi;

      5 – маусымдық емес, спорттың ойын емес түрi;

      6 – маусымдық емес, спорттың ойын түрi;

      7 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын маусымдық емес спорт түрi;

      8 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын жазғы спорт түрi;

      9 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын қысқы спорт түрi;

      4) нөмiр - кодтың төртінші белгiсi спорт түрiмен, спорт саласымен шұғылданушылардың жынысы мен жас санатын айқындайды:

      А – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер);

      Б – әйелдер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      Г – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер), әйелдер;

      Д – қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      Е – ерлер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      Ж – әйелдер;

      К – ерлер, әйелдер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      Л – ерлер, әйелдер;

      М – ерлер;

      Н – жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      С – жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар), әйелдер;

      Ф – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      Э – жiгiттер (жасөспiрiмдер), әйелдер;

      Ю –жiгiттер (жасөспiрiмдер);

      П – аралас жұп/топ;

      Я – барлық санаттағылар.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Спорт түрінен аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының өтініштері негізінде уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      Аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының аккредиттеу туралы куәлігі қайтарылып алынған жағдайда уәкілетті орган тиісті спорт түрін Тізілімнен алып тастайды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мыналар негіздеме болып табылады:

      1) танылған спорт түрінің, спорт саласының атауының өзгертілуі;

      2) жарыстар қағидасы немесе ресми халықаралық спорттық жарыстардың ережелерінің өзгертілуі;

      3) танылған спорт түрлері, спорт салаларының біріктірілуі;

      4) танылған спорт түрлері, спорт салаларының бөлінуі;

      5) тиісті спорт түрі бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының аккредиттеу туралы куәлігінің қайтарылып алынуы.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 2 шілдедегі
№ 118 бұйрығына
қосымша
Спорт түрлерін, спорт
салаларын тану және спорт
түрлерінің тізілімін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша

"Спорт түрлерін, спорт салаларын тану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт түрлерін, спорт салаларын тану туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған бұйрықтың көшірмесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/tsm "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салуы;
2) құжаттың электрондық көшірмесі нысанында мәлімделетін спорт түрінің, Қазақстан Республикасында және әлемде спорт саласының дамуы туралы ақпарат, оның қысқаша сипаттамасы, пайда болу уақыты мен орны, халықаралық спорт федерацияларының болуы, өткізілген жарыстар саны, Қазақстан Республикасында шұғылданушыларды қамту, адамның физикалық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытудағы, оның қозғалыс белсенділігін жетілдірудегі және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі;
3) құжаттың электрондық көшірмесі нысанында спорттық мүкәммалды (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтарды (болған жағдайда) қолданудың қысқаша сипаттамасын қамтитын өтінім берілген спорт түрін, спорт саласын оқыту бағдарламасы мен әдістемесі;
4) спорт түрі бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ресми сайтына сілтеме көрсетілген жарыс процесін, спортшылардың қатысуын көрсететін спорттық жарыс барысының бейне (фото) материалдары;
5) құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтінім берілген спорт түрінің спорт түрі, спорт саласы бойынша қағидалары немесе тиісті халықаралық спорт федерациясының өтінім берілген спорт түрінің, спорт саласының спорт түрі бойынша қағидаларының көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.