БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қазақстандық тауар өндірушілердің не көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің өкілдерінің (дистрибьюторларының немесе дилерлерінің) тізілімінде;";
217-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"217. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттар қолданылады:
1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) төленген салықтар көрсеткіші;
3) әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы;
4) әлеуетті өнім берушінің аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне орналастыруы;
5) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар;
6) теріс мәндер;
7) әлеуетті өнім берушінің қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болуы.";
мынадай мазмұндағы 271-1-тармақпен толықтырылсын:
"271-1. Әлеуетті өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген жағдайда, веб-портал автоматты түрде 3 (үш) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Бұл ретте, осы өлшемшарттар сатып алынатын тауардың алғашқы 6 (алты) санының коды әлеуетті өнім берушінің индустриялық сертификатында көрсетілген экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес келген кезде қолданылады.";
434-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"434. Тапсырыс беруші таңдаған тауарға тапсырысты ресімдеуге осы Қағидалардың 442-тармағында көзделген шектеулері жоқ екі әлеуетті өнім берушінің қолданыстағы кемінде екі баға ұсынысы болған кезде жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, тапсырыс беруші таңдаған тауарға тапсырысты ресімдеуге қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде тұрған және осы Қағидалардың 442-тармағында көзделген шектеулері жоқ әлеуетті өнім берушіден кемінде бір қолданыстағы баға ұсынысы болған кезде жол беріледі.
Бұл ретте тауар туралы ақпарат электрондық дүкенде орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін электрондық дүкенде тапсырысты ресімдеу үшін қолжетімді болады.";
537-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"537. Өнім беруші шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансты (бар болса), демпингке қарсы соманы (бар болса) қамтамасыз етуді енгізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерге қолданылмайды.";
538-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі жеткізушілерді.";
539-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі өнім берушілерді қамтуға тиіс.";
567-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"567. Заңның 17-бабының 6-тармағына сәйкес шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы талаптарды қамтиды.
Егер өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген болса, тауарларды жеткізу үшін толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспауға тиіс.";
569-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"569. Заңның 17-бабының 6-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем емес, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен кем емес мерзімді құрайды.
Егер өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген болса, шарт бойынша тауарларды жеткізудің ең аз мерзімі кемінде 60 (алпыс) күнтізбелік күнді құрайды.";
Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:
2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның2 13-бабына сәйкес соманы енгізгеннен кейін, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді2.
Егер Өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болса, Тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 (елу) пайыз мөлшерінде аванстық төлем жүргізеді.
Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді3.
Егер өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген болса, тауарларды жеткізу үшін толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспауға тиіс.";
3.1-тармағының 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы және Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мәні бойынша көзделген аванс мөлшері теңгеге тең4, теңге > 5, бұл жалпы алғанда () теңгені құрайды:
әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
не:
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 44-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
не:
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша электрондық құжат түріндегі өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін.
Осы тармақшаның талаптары қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерге қолданылмайды;";
7.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7.3. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15 (он бес) пайызынан аспауға тиіс.
Егер Өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болса, онда тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайыздан аспауға тиіс.";
13.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13.3. Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да талаптардың өзгермеуі жағдайында жасалған шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Бұл ретте, егер Өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгiзiлген болса, Шартты орындау шеңберiнде жеткiзiлетiн тауарды шетелдiк шығарылған тауарлармен ауыстыруға жол берiлмейдi.";
Құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:
3.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Мердігер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
Бұл ретте, жұмыс көлемі қосалқы мердігерлікке берілген жағдайда, Мердігер қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге бөлінген соманың 50 (елу) пайыз мөлшерінде аванстық төлем төлеуге міндеттенеді.
Аралық төлемдерді Тапсырыс беруші ақшалай қаражатты Мердігердің есеп шотына аудару жолымен төлейді <төлем шарты> Тараптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылған және қол қойылған орындалған жұмыстар актілеріне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып төлейді бұрын төленген авансты, сондай-ақ кепілдік жарнаны шарт сомасының 5 (бес) пайызы мөлшерінде, <сома>мөлшерінде ұстап қалуды көздейді.
Қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге аралық төлемдерді Мердігер бұрын төленген авансты пропорционалды ұстауды ескере отырып, Тапсырыс берушіден Мердігердің есеп айырысу шотына аралық төлемдер түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді Тапсырыс беруші мердігердің есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді <төлем шарты> тараптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылған және қол қойылған орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей.
Мердігер орындалған жұмыстар үшін қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі қосалқы мердігерге ақы төлеуді Мердігердің есеп шотына Тапсырыс берушіден төлем түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Бір қаржы жылы шеңберінде жұмыстар орындалған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар аяқталғаннан және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде <сома> мөлшерінде шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.
Егер жұмыстарды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асқан жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар аяқталғаннан кейін және құрылысы аяқталған соңғы жылы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде <сома> мөлшерінде шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |