"Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спор

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 10 маусымдағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 маусымда № 36284 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидаларда:

      мынадай мазмұндағы 408-1-тармақпен толықтырылсын:

      "408-1. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта эпизоотиялық лимфангиттің пайда болуының алдын алу мақсатында іс-шараларды жүргізу кезінде вакциналарды оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқамада) көзделген тәртіппен және мерзімдерде қолдануға жол беріледі.";

      412-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "412. Эпизоотиялық лимфангитпен ауыратын, соңдай-ақ ауруға күдікті жануарлар оқшауланады және емделуге жатады.

      Эпизоотиялық лимфангиттен өлген жануарлардың өлекселері терісімен бірге өртеледі.";

      мынадай мазмұндағы 413-1-тармақпен толықтырылсын:

      "413-1. Қолайсыз пунктте ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде вакциналарды оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқамада) көзделген тәртіппен және мерзімдерде қолдануға жол беріледі.";

      417-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "417. Ауру жануар сауыққан соңғы жағдайдан, жылқылар қорытынды клиникалық тексерілгеннен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10028 болып тіркелген) бекітілген Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын үй-жайларды тазалау мен дезинфекциядан кейін 3 айдан соң қолайсыз пункттен карантин алынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 10 маусымдағы
№ 195 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына
4-қосымша

Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi

      Жануарлардың және адамның денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою кезiнде өртеу арқылы жойылатын жануарлардың аса қауiптi аурулары:

      1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – мелиоидоз, құтыру, сібір жарысы, аусыл, туляремия;

      2) ірi қара малдың аурулары – нодулярлық дерматит (экзотикалық ауру)*, iрi қара малдың обасы, қарасан, қатерлi iсiк*, кемiктәрiздес энцефалопатия;

      3) жылқы аурулары – маңқа, бiр тұяқтылардың африка обасы;

      4) қой және ешкі аурулары – баяу инфекциялар (скрепи, маэди-висна, аденомотоз, күл, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы);

      5) түйe аурулары – түйе обасы;

      6) шошқа аурулары – шошқаның африка обасы;

      7) құс аурулары – құс обасы, құс орнитозы, жоғары патогендi құс тұмауы;

      8) ит және мысық аурулары – ит және мысық токсоплазмозы, мысық микроспориясы;

      9) терiсi бағалы аңдар мен үй қояндарының аурулары – үй қояндарының миксоматозы.

      Ескертпе: * алып қою және жою ауыл шаруашылығы жануарлары өлген кезде жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 10 маусымдағы
№ 195 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына
5-қосымша

Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесі

      1. Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – құтыру, бруцеллез, Ауески ауруы, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, сібір жарысы (терi шикiзатының асколизациясынан басқа), туберкулез, аусыл, күл, экинококкоз, паратуберкулез, токсоплазмоз, трихофития, риккетсиоздар, туляремия, ауыз уылуы (экзотикалық ауру), Шмалленберг ауруы және басқа экзотикалық аурулар.

      2. Iрi қара малдың аурулары - вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, парагрипп-3, iрi қара малдың обасы, қарасан, камвилобактериоз, кемiктәрiздес энцефалопатия, нодулярлық дерматит (экзотикалық ауру), қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы.

      3. Қой және ешкi аурулары – қойдың анаэробтық антеротоксемиясы, брадзот, қойдың жұқпалы эпидидимиті, жұқпалы пустулездiк дерматит (эктима), қойдың хламидиоздiк iш тастауы, қойдың және ешкiнiң жұқпалы агалактиясы, скрепи, маеди-висна, аденоматоз, блутанг (экзотикалық аурулар), күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы.

      4. Жылқы аурулары – инфекциялық анемия, маңқа, грипп, ринопневмония, инфекциялық энцефаломиелит, жылқының африка обасы (экзотикалық aуpу).

      5. Түйе аурулары – түйе обасы.

      6. Шошқа аурулары – классикалық оба, тілме, везикулярлық ауру, Тешен ауруы, вирустық трансмиссивтік гастроэнтерит, африка обасы (экзотикалық ауру), тұмау.

      7. Құс аурулары – жұқпалы ларинготрахеит, Ньюкасла ауруы, Марека ауруы, Гамборо ауруы, құс күлi, құс орнитозы, респираторлық микоплазмоз, жоғары патогенді құс тұмауы.

      8. Терiсi бағалы аңдар мен үй қояндары аурулары – үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруы, миксоматоз.

      9. Ит және мысық аурулары – ет қоректiлердiң обасы.

      10. Балық аурулары – тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы, описторхоз.

      11. Бал арасының аурулары – варроатоз, аскофероз.