"Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 236-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 маусымда № 36274 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Генерацияның маневрлік режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) бір жақты аукцион – аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың сараланған тізімінен аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін дәйекті іріктеу жолымен жеңімпазды және жеңімпазға үміткерді (бұдан әрі – үміткер) анықтауға бағытталған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру нысаны;";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Аукциондық сауда-саттықта бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемін сатып алады.

      Тиісті жылдың аукциондық сауда-саттығында сатып алынатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган айқындаған генерациялаудың маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға енгізу мерзімдеріне қарай Тұлғалар тобының тізіліміне кірмейтін тұтынушыларға тиесілі ҚР БЭЖ жүктемесінің үлесіне түзетілген Базаға тең немесе одан аспайтын (кем) мән бойынша осы сауда-саттыққа шығарылады.

      Егер аукциондық сауда-саттықтың Екінші және (немесе) Үшінші түрлерінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің көлемі осы аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша толық іріктелмеген жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің тиісті іріктелмеген көлемі тиісінше осы түрлер бойынша келесі аукциондық сауда-саттықтардың Графигінде көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлеміне толықтырылуға жатады.";

      29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия шешіміне қарсылықтар болған кезде комиссия мүшесі комиссия шешіміне қоса берілетін ерекше пікірді жазбаша түрде білдіреді.

      Ерекше пікір тікелей комиссия отырысы барысында мәлімделеді және қалыптастырылады. Комиссия мүшесінің ерекше пікірінің мәтіні Комиссия хатшысына комиссия отырысынан кейінгі келесі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-ден кешіктірілмей беріледі.

      Комиссия хатшысы комиссия мүшесінің ерекше пікірінің бар екендігін және комиссия шешімін қалыптастыру кезінде оның берілген күнін көрсетеді.";

      53-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "53. Аукциондық сауда-саттықтың Үшінші түрінің құжаттамасы:

      1) ұқсас жобалардың алдын ала ТЭН-і және (немесе) аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түріне сәйкес жүргізілген ұқсас жобалар бойынша аукциондық сауда-саттықтың нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тариф;

      2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алудың 15 (он бес) жылға тең мерзімі;

      3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемі;

      4) ҚР БЭЖ-дегі реттеуші электр қуатының тапшылығы аймағы;

      5) беру алдында ҚР БЭЖ тиісті аймағында электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйымдар уәкілетті органның атына График жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей электр желілеріне қосылудың ықтимал нүктелері туралы ақпарат беретін электр желісіне қосылуға арналған алдын ала техникалық шарттар ескеріле отырып дайындалады.

      Қосылу нүктелерін уәкілетті органға тиісті ақпарат жібере отырып, электр желісіне қосылуға техникалық шарттар берілген сәтке дейін энергия беруші ұйымдар резервке қояды.

      Электр желілеріне бір қосылу нүктесіне бірнеше өтініш алған кезде энергия беруші ұйым әрбір өтініш берушіге алдын ала техникалық шарттар береді.";

      54-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін, олардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) басталғанын растайтын және Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеуді ескере отырып, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;";

      78-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "78. Өтініш берушінің банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив түрінде енгізген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету бірыңғай сатып алушының банкке (банктерге) тиісті хат жіберуі арқылы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде тиісті аукциондық сауда-саттық өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылады (босатылады):

      1) қатысушы аукциондық сауда-саттық қорытындыларына сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпазы болмады (көрсетілген жағдай үміткерге қолданылмайды);

      2) аукциондық сауда-саттық жеңімпазы немесе үміткері электр қуатын сатып алу шартын жасасты және электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемін енгізді.";

      80-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "80. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету аукциондық сауда-саттық өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн қолданылу мерзіміне ресімделеді және қайтарып алынбайтын болып табылады.

      Үміткердің электр қуатын сатып алу шартын жасасу ниеті болған кезде үміткердің аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету мерзімі тиісті аукциондық сауда-саттық аяқталған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде кемінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күн мерзімге ұзартылады.";

      88-1-тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "88-1. Үміткерді айқындау аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың қорытынды сараланған тізімінде жеңімпаздың өтінімінен кейінгі өтінімді таңдау жолымен жүзеге асырылады.

      Осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және шарттарда аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазы электр қуатын сатып алу шартын жасаспаған және (немесе) аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазы осы Қағидалардың 95-тармағына сәйкес электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемін ұсынбаған кезде шарт жасасу осы Қағидалардың 92- және 93-тармақтарына сәйкес үміткермен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф ретінде жеңімпаздың қатысуына соңғы сұранысқа ие өтінім белгіленеді.";

      90-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "90. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі тиісті Графикке сәйкес аукциондық сауда-саттықтың соңғы түрі өткізілгеннен кейін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының интернет-ресурсында жарияланады.

      Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімінде аукциондық сауда-саттықтың әрбір түрі үшін мынадай ақпарат көрсетіледі:

      аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы (жеңімпаздары), үміткер;

      аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған тариф (тарифтер);

      аукциондық сауда-саттық шеңберінде іріктеу көлеміне толық кіретін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі.";

      96-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "96. Кестеде көрсетілген электр қуатын сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтің (теңге/МВт*ай), 15 (он бес) жылға тең электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің және Графикте көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің (МВт-та) туындының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызына тең көлемде айқындалады.".

      119-тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "119. Аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздары ай сайын уәкілетті органға генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың салыну барысы туралы ақпаратты ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында ресми орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов