"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 183-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 13 маусымда № 36268 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесіне, мөлшерлемелер көлеміне және олардың қолданылу мерзіміне:

      "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі" деген 1-бөлімде:

      реттік нөмірлер 1, 2, 3, 4, 5, 6, және 7 деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

4101

Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері

0

2028 жылғы 31 мамырды қоса алғанға дейін

1 тоннасына 200 еуро

2028 жылғы 1 маусымнан бастап

2.

4102

Осы топқа 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері

0

2028 жылғы 31 мамырды қоса алғанға дейін

1 тоннасына 200 еуро

2028 жылғы 1 маусымнан бастап

3.

4103

Осы топтағы 1(б) немесе 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер

0

2028 жылғы 31 мамырды қоса алғанға дейін

1 тоннасына 200 еуро

2028 жылғы 1 маусымнан бастап

4.

5101

Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн

0

2028 жылғы 31 мамырды қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес

2028 жылғы 1 маусымнан бастап

5.

5102

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы

0

2028 жылғы 31 мамырды қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес

2028 жылғы 1 маусымнан бастап

6.

5103

Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары

0

2028 жылғы 31 мамырды қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес

2028 жылғы 1 маусымнан бастап

7.

5104 00 000 0

Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат

0

2028 жылғы 31 мамырды қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес

2028 жылғы 1 маусымнан бастап

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шарушылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі