Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 230-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 маусымда № 36247 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларында:

      2-тармақтың 21) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "21) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік графигі - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі шарттарға сәйкес күнтізбелік әрбір тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін, жүйелік оператор бекіткен құжат;";

      27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "27. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге немесе ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға, тұтынушыларға және цифрлық майнерлерге электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.";

      38-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Алдын ала төлеу шарты энергиямен жабдықтаушы ұйымдар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне қолданылмайды, олар есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) қорытындылары бойынша, факті бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеуді жүзеге асырады".

      58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "58. Осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген төлемнің жарты бөлігі мынадай құрауыштардың қосындысына тең:

      1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар болып табылатын тұтынушыларды, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін энергиямен жабдықтау мақсатында ғана электр энергиясын сатып алудың тәуліктік көлемінің құнын;

      2) тұтынушыларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алынған энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың көлемдерін және осы субъектілер үшін электр энергиясын сатып алуға электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тәуліктік шығыстарын қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің алдын ала төлеу көлемдерінің айырмашылығына байланысты бірыңғай сатып алушының кірістері мен шығыстарының тәуліктік көлемдерінің айырмасының модулін (егер көрсетілген айырма оң болса, бұл құраушы нөлге тең (нөлден жоғары), электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері, операциялық тәулікке электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға тәулік сайын алынбайды, бұл ретте барлық осы субъектілерде алынбау үлесі бірдей.

      Осы тармақта көрсетілген төлемді электр энергиясын бірыңғай сатып алушы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) қорытындылары бойынша есептік кезеңнен (күнтізбелік айдан) кейінгі айдың 45 (қырық бес) күнтізбелік күні ішінде жүйелік оператор бекіткен электр энергиясының тәуліктік өндіріс-тұтыну кестелерін, есептік кезеңге (күнтізбелік айға) жататын түзетулерін ескере отырып есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық тәуліктері үшін жиынтық түрде жүзеге асырады.

      Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыда импорттық электр энергиясын сатып алуға арналған шарттар болған кезде осы тармақтың ережелері электр энергиясын бірыңғай сатып алушының осы шарттарында көзделген төлем шарттарын ескере отырып, электр энергиясының көтерме сауда нарығының тиісті субъектілеріне қолданылады.";

      1-қосымшаның 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Сатып алушының Сатушының атына осы кезеңдегі сағаттарда сатып алынған электр энергиясы үшін есептік кезеңдегі нақты төлем көлемі Сатып алушының есептік кезеңдегі тиісті алдын ала төлемінің мәнінен асып кеткен жағдайда онда бұл айырманы Сатып алушы есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың соңына дейін ақша қаражаты түрінде Сатушының есеп айырысу банктік шотына енгізеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген айырмаға ақы төленбеген жағдайда есепті айдан кейінгі айдың соңына дейін осы айырманың сомасы қолда бар алдын ала төлем есебінен өтеледі.

      Егер осы кезеңде Сатушының атына сатып алынған электр энергиясы үшін Сатып алушының есеп айырысу кезеңіндегі нақты төлем көлемі Сатып алушының есеп айырысу кезеңіндегі тиісті алдын ала төлемінің мәнінен аз болған жағдайда, онда бұл айырма сатып алушының қалауы бойынша оған қайтарылады немесе келесі тәуліктерге оның алдын ала төлемінің құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылатын осы есептік кезең үшін Сатып алушының артық төлемі ретінде қабылданады.

      Осы тармақтың шарттары тұтынушыларды электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алатын энергиямен жабдықтаушы ұйым болып табылатын Сатып алушыға қолданылмайды.".

      2. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      11-тармақтың 2-1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-1) қуаты 35 МВт-тан асатын, стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың тізбесіне енгізілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін, судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салуды 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін жүзеге асыруды жоспарлап отырған заңды тұлғалармен жүзеге асырады. Судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, осы ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұруы бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған техникалық-экономикалық негіздемелер негізінде, кемінде жеті жыл өтеу мерзіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданады.

      Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатуға арналған шарттың қолданылуы нақты өтеу мерзімі ерте болған кезде мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      Осы энергия өндіруші ұйым бүкіл өндірілетін электр энергиясын уәкілетті орган мөлшерлемелерді ескере отырып белгілейтін шекті тариф бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана береді.

      Шекті тарифте осы тармақшаға сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатуға бірыңғай сатып алушымен жасалған шарттың қолданылу кезеңіндегі амортизация мен пайда есепке алынбайды;".

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәскелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі