Қазақстан Республикасы Су кодексінің 36-бабының 6-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес су объектiлерi мен су ресурстарының мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидалары бекiтілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 9 маусымдағы № 115-НҚ Бұйрыққа 1-қосымша |
Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы су объектілері мен су ресурстарына мемлекеттік мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 36-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында су объектілері мен су ресурстарына мемлекеттік мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторингі (бұдан әрі – мемлекеттік мониторинг) су объектілері жай-күйінің көрсеткіштеріне қатысты алынған деректерді байқаудың, өлшеудің, жинаудың, жинақтаудың, сақтаудың, есепке алудың, жүйелеудің, қорытудың, өңдеудің және талдаудың мемлекет қамтамасыз ететін кешенді жүйесін білдіреді.
3. Мемлекеттік мониторинг мынадай:
1) су ресурстарының саны мен сапасын есепке алу, бағалау және болжау;
2) су ресурстарын қорғау мен пайдалануды жоспарлау;
3) судың зиянды әсерінің алдын алу және жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау;
4) су ресурстарын жылдың сулы болуына және су шаруашылығы жағдайына қарай пайдалануды жедел реттеу;
5) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы басқа да мақсаттарда жүргізіледі.
4. Мемлекеттік мониторинг:
1) жерүсті су объектілері түбінің, жағалауының, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жай-күйіне;
2) жерүсті және жерасты су объектілері су ресурстарының сандық және сапалық сипаттамаларына;
3) су ресурстарының пайдаланылуына жүргізіледі.
5. Мемлекеттік мониторинг үшін:
1) мемлекеттік және жеке байқау желілерінің байқау пункттеріндегі жүйелі байқаулардың;
2) су объектілерін далалық зерттеулердің;
3) Жерді қашықтан зондтаудың;
4) Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүргізетін гидрологиялық мониторинг пен басқа да мониторинг түрлерінің;
5) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтің;
6) жер қойнауына мемлекеттік мониторингтің;
7) төтенше экологиялық ахуал аймақтары мен экологиялық зілзала аймақтарындағы экологиялық жағдайға мониторингтің;
8) сел және көшкін жағдайына мониторингтің;
9) су объектілері мен су ресурстары туралы архив деректерінің;
10) су объектілері мен су ресурстарының сандық және сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтердің нәтижелері ақпарат көзі болып табылады.
6. Мемлекеттік мониторингті жүргізу қағидаларын су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітеді.
7. Уәкілетті орган мемлекеттік мониторинг субъектілерінің қызметін үйлестіруді, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген субъектілерден алынған мемлекеттік мониторинг деректерін жинауды, қорытуды, талдауды және бағалауды, деректер базасын жүргізуді және заңнамада белгіленген тәртіппен мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібі
8. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мониторингті жүзеге асыратын субъектілер:
1) уәкілетті орган;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;
3)халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган;
4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;
5) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган;
6) су пайдаланушылар.
9. Уәкілетті орган мемлекеттік мониторинг бөлігінде:
1) мемлекеттік мониторинг субъектілерінің қызметін жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;
2) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қарамағындағы су шаруашылығы жүйелері мен гидротехникалық құрылыстардағы су объектілерінің мониторингін, оның ішінде олардың техникалық жай-күйінің мониторингін ұйымдастырады;
3) жер асты суларының мемлекеттік мониторингін, жерасты су объектілерінің жай-күйі туралы деректерді өңдеуді, жинақтауды, сақтауды және қорытуды жүргізеді;
4) су пайдаланушылар ұсынатын деректер және арнайы су пайдалануға рұқсаттар негізінде су ресурстарын пайдалану мониторингін ұйымдастырады;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жер асты суларының мониторингі бойынша жалпыланған деректерді өтеусіз ұсынады;
6) Осы тармақтың 2) және 4) тармақшалары бойынша мониторинг деректерін жинауды, өңдеуді, талдауды, жинақтауды, сақтауды және олардың су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етеді;
7) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген ақпаратты Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.
10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет арқылы жер үсті су объектілерінің мемлекеттік мониторингі бөлігінде мыналарды:
1) жер үсті су объектілерінде станциялар мен бекеттердің мемлекеттік бақылау желісін құру және дамыту, сондай-ақ жер үсті суларының гидрологиялық режимін, сандық және сапалық (физикалық, химиялық, гидробиологиялық) көрсеткіштерін бақылауды ұйымдастыруды;
2) ақпаратты жинауды, өңдеуді, қорытуды, жинақтауды, сақтауды және таратуды ұйымдастыруды, жер үсті сулары мониторингінің деректер банкін жүргізуді;
3) мемлекеттік органдарға, су пайдаланушыларға жер үсті су объектілерінің ластану деңгейі және оны өзгерту мүмкіндігі туралы ақпарат, ластану деңгейінің күрт өзгеруі туралы шұғыл ақпарат беруді;
4) осы Қағидаларға 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органның ведомствасына және су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларға (бұдан әрі - БСИ), азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне болжамдық, жедел гидрологиялық ақпаратты өтеусіз беру қамтамасыз етеді.
11. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес ауыз су, шаруашылық-тұрмыстық және рекреациялық су пайдалану үшін пайдаланылатын жерүсті су объектілерінің және ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жүйелерінің су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыруды;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және уәкілетті органға санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтің жалпыланған деректерін өтеусіз беруді қамтамасыз етеді.
12. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) сел және көшкін жағдайларына мониторинг жүргізуді;
2) уәкілетті органның ведомствосына, БСИ және Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке сел және көшкін бойынша ақпаратты олардың сұраулары бойынша беруді қамтамасыз етеді.
13. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган:
1) су объектілерінің (су бетінің ауданын, мұз бен қар жамылғысын, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жай-күйін бағалауды қоса алғанда) мемлекеттік мониторингі мақсатында Жерді қашықтықтан зондтауды жүргізуді қамтамасыз етеді.
14. Арнайы су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушылар:
1) су ресурстарының пайдаланылуын есепке алуды жүргізуге, су шаруашылығы құрылысжайларының су тартқыштарын, су жібергіштерін және сарқынды сулар мен дренаждық суларды ағызу құрылысжайларын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықтауға;
2) Кодекстің 67-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сулардың бастапқы есебін жүргізуге;
3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына барлық авариялық жағдайлар және су пайдаланудың технологиялық режимінің бұзылуы туралы дереу хабарлауға міндетті.
Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Уәкілетті орган ведомствосының бассейндік су инспекциясының ұлттық гидрометеорологиялық қызметке, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына және аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын жедел гидрологиялық ақпараттың тізбесі
№ р/с | Су қоймасының атауы | Ақпарат түрі | Кезеңділігі |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ақмола облысы | |||
1 | Астана | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
2 | Астана су реттегіші | су реттегішінің деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су реттегішінің ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
3 | Сілеті | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су реттегішінің ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
4 | Шағылы | су қойманың деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су реттегішінің ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
Ақтөбе облысы | |||
5 | Ақтөбе | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су реттегішінің ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
6 | Қарғалы | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су реттегішінің ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
7 | Сазды | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су реттегішінің ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
Алматы облысы | |||
8 | Бартоғай | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
9 | Күрті | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
10 | Қапшағай | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
Жамбыл облысы | |||
11 | Тасөткел | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
12 | Теріс-Ащыбұлақ | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
Ұлытау облысы | |||
13 | Жезді | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
14 | Кеңгір | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
Қарағанды облысы | |||
15 | Самарқанд | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
16 | Топар | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
17 | Шерубайнұра | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
Қостанай облысы | |||
18 | Жоғарғы Тобыл | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
19 | Желқуар | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
20 | Қаратомар | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
Түркістан облысы | |||
21 | Бадам | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
22 | Бөген | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
23 | Шардара | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | |||
Солтүстік Қазақстан облысы | |||
23 | Сергеев | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын | ||
24 | Петропавл | су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер | күн сайын |
су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер | күн сайын |
Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің уәкілетті орган ведомствосына және бассейндік су инспекцияларына ұсынатын режимді-анықтамалық ақпараттардың тізбесі
Келесі гидрологиялық бекеттер бойынша өткен жылғы орташа айлық және орташа жылдық су шығыны: | |
Ақмола облысы | |
1 | Есіл өзені–Вологодоновка ауылы |
2 | Есіл өзені–Түрген ауылы |
3 | Жабай өзені–Атбасар қаласы |
4 | Жабай өзені–Балкашино ауылы |
5 | Қалқұтан өзені–Қалқұтан ауылы |
6 | Мойылды–Николаевка ауылы |
7 | Нұра өзені– Р.Қошқарбаев ауылы |
8 | Нұра өзені – Теңгіз көлі (Қорғалжын қорығы) |
9 | Сілеті өзені–Изобильное ауылы |
10 | Сілеті өзені–Приречное ауылы |
11 | Шағалалы өзені–Павловка ауылы |
Ақтөбе облысы | |
12 | Қарағалы өзені–Қарғалы ауылы |
13 | Қарақобда–Алпасай кенті |
14 | Қосістек өзені–Қосістек ауылы |
15 | Ор өзені–Бөгетсай ауылы |
16 | Темір өзені–Ленинский кенті |
17 | Темір өзені–Сағашилі ауылы |
18 | Ойыл өзені-Ойыл ауылы |
19 | Үлкен Қобда өзені–Қобда ауылы |
20 | Ырғыз өзені–Шеңбертал ауылы |
21 | Ілек өзені–Ақтөбе қаласы |
Алматы облысы | |
22 | Ақсу өзені–Матай темір жол станциясы |
23 | Басқан өзені–Екіаша ауылы |
24 | Бұтақ өзені–Бұтақ ауылы |
25 | Быжы өзені–Қарамсақ ауылы |
26 | Есік өзені–Есік қаласы |
27 | Көксу өзені–Көксу ауылы |
28 | Көктал өзені–Аралтөбе ауылы |
29 | Күрті өзені–Ленин көпірі |
30 | Кіші Алматы–Алматы қаласы |
31 | Кіші Алматы өзені–Мыңжылқы метеобекеті. |
32 | Кіші Алматы өзені–Сарысай өзені сағасынан төмен |
33 | Қараой өзені–Текелі қаласы |
34 | Қаратал өзені–Ақжар ауылы |
35 | Қарқара өзені–Таудан шыға бере |
36 | Қаскелең өзені–Қаскелең қаласы |
37 | Лепсі өзені–Лепсі ауылы |
38 | Проходная өзені–саға |
39 | Сарықан өзені–Сарқанд қаласы |
40 | Текелі өзені–Текелі қаласы |
41 | Текес өзені–Текес ауылы |
42 | Тентек өзені–Төңкеріс шатқалы |
43 | Терісбұтақ –саға |
44 | Түрген өзені–Таутүрген ауылы |
45 | Үлкен Алматы–Проходная өзені сағасынан 2 километр жоғары |
46 | Шарын өзені–Сарытоғай шатқалы |
47 | Шыжың өзені–Текелі қаласы |
48 | Шілік өзені–Малыбай ауылы |
49 | Іле өзені–Добын айлағы |
50 | Іле өзені–Қапшағай СЭС 164 километр жоғары |
51 | Іле өзені–Қапшағай шатқалы |
Атырау облысы | |
52 | Жайық өзені–Махамбет кенті |
Батыс Қазақстан облысы | |
53 | Жайық өзені–Күшім ауылы |
54 | Күперанқаты өзені–Алғабас ауылы |
55 | Күшім каналы–Күшім ауылы |
56 | Шаған өзені–Чувашинское аулы |
57 | Елек өзені–Шыңғырлау ауылы |
Жамбыл облысы | |
58 | Асса өзені–Маймақ темір жол станциясы |
59 | Құрағаты өзені–Аспара темір жол станциясы |
60 | Мерке өзені –Ұлбұтой қыст. |
61 | Талас өзені–Жасөркен ауылы |
62 | Теріс өзені–Нұрлыкент ауылы |
63 | Шу өзені–Қайнар ауылы |
64 | Шу өзені–Тасөткел ауылы |
65 | Шу өзені, Кіші Арна тармағы–Ұланбел ауылы |
66 | Шу өзені, Үлкен Арна тармағы–Ұланбел ауылы |
Қарағанды облысы | |
67 | Мойынты өзені–Киік темір жол станциясы |
68 | Нұра өзені–Ақмешіт ауылы |
69 | Нұра өзені–Балықты темір жол станциясы |
70 | Нұра өзені–Бесоба ауылы |
71 | Нұра өзені–Шешенқара ауылы |
72 | Сарысу өзені–№ 189 разъезд |
73 | Талды өзені–Новостройка ауылы |
74 | Тоқырауын өзені–Ақтоғай ауылы |
75 | Шерубайнұра өзені–Қарамұрын разъезді |
Қостанай облысы | |
76 | Аят өзені–Варвинка ауылы |
77 | Дәмді өзені–Дәмді ауылы |
78 | Желқуар өзені–Чайковский атындағы совхоз. |
79 | Қамысты – Аят өзені–Свердловка кенті |
80 | Қара-Торғай өзені–Үрпек кенті |
81 | Обаған өзені–Ақсуат ауылы |
82 | Сарыторғай өзені–Екідің кенті |
83 | Тобыл өзені–Гришенко ауылы |
84 | Тобыл өзені–Қостанай қаласы |
85 | Тоғызақ өзені–Тоғызақ ауылы |
86 | Торғай өзені–Түсім құмы |
87 | Үй өзені–Үй ауылы |
Қызылорда облысы | |
88 | Сырдария өзені–Жосалы кентінің Қараөзек тармағы |
89 | Сырдария өзені–Керікелмес разьезді |
90 | Сырдария өзені–Қазалы қаласы |
91 | Сырдария өзені–Қаратерең ауылы |
92 | Сырдария өзені–Тасбөгет кенті |
93 | Сырдария өзені–Төменарық темір жол станциясы |
Түркістан облысы | |
94 | Ақсу өзені–Сарқырама ауылы |
95 | Арыстанды өзені–Алғабас ауылы |
96 | Ашылған өзені–Майдантал ауылы |
97 | Бадам өзені–Қараспан ауылы |
98 | Болдырбек өзені–Мем. қорық кордонында |
99 | Боралдай өзені–Боралдай ауылы |
100 | Бөген өзені–Екпінді ауылы |
101 | Жабағылысу өзені–Жабағлы ауылы |
102 | Келес өзені–саға |
103 | Қарашірік өзені–Хантағы ауылы |
104 | Қаттабүтін өзені–Жарықбас ауылы |
105 | Көкбұлақ өзені–Пістелі ауылы |
106 | Сайрам өзені–Тасарық ауылы |
107 | Сырдария өзені–Келес өзені сағасынан жоғары |
108 | Сырдария өзені–Шардара су қойм. төменгі бьефі |
Павлодар облысы | |
109 | Ертіс өзені–Прииртышское ауылы |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
110 | Аққанбұрлық өзені–Ковыльное ауылы |
111 | Аққанбұрлық өзені–Возвышенка ауылы |
112 | Есіл өзені–Долматова ауылы |
113 | Есіл өзені–Тоқсанби ауылы |
114 | Есіл өзені–Петропавловск қаласы |
115 | Иманбұрлық өзені–Соколовка ауылы |
116 | Шағалалы өзені–Северное ауылы |
Шығыс Қазақстан облысы | |
117 | Бестеректі өзені–Мойылды ауылы |
118 | Бұқтырма өзені–Лесная пристань ауылы |
119 | Бұқтырма өзені–Барлық ауылы |
120 | Күршім өзені–Вознесенка ауылы |
121 | Қалжыр өзені–Қалжыр ауылы |
122 | Қара Ертіс–Боран кенті |
123 | Левая Березовка өзені–Средигорное ауылы |
124 | Нарын өзені–Үлкен Нарын ауылы |
125 | Оба өзені–Шемонайха ауылы |
126 | Үлбі өзені–Үлбі Перевалочная ауылы |
127 | Үлкен Бөкен–Жұмба ауылы |
Абай облысы | |
128 | Аягөз өзені–Аягөз қаласы |
129 | Аягөз өзені–Тарбағатай ауылы |
130 | Ертіс өзені–Семиярка ауылы |
131 | Емел өзені–Қызылту кенті |
Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің уәкілетті орган ведомствосына және бассейндік су инспекцияларына, Стратегиялық жоспарлау және жедел - басқару командалық орталығына және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын болжамдық және гидрологиялық ақпараттың тізбесі
Р/с № | Ақпарат түрі | Кезеңділігі | Ақпаратты беретін ұйым | Ақпаратты алатын ұйым |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстанның бассейндеріндегі 1 ақпандағы деректер бойынша су қорының жиналуы және су тасуы және суару кезеңінде күтілетін өзен сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (алдын ала болжам) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметі | Уәкілетті органның ведомствосы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
2 | Қазақстанның бассейндеріндегі 1 наурыздағы деректер бойынша су қорының жиналуы және су тасуы және суару кезеңінде күтілетін өзен сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметі | Уәкілетті органның ведомствосы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
3 | Мұздан ашылу мерзімінің болжамы (Ертіс, Сырдария) | Жылына бір рет (қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметі және оның филиалдары | Уәкілетті органның ведомствосы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
4 | Жүзбе мұздың пайда болуының және мұз құрсаудың анықталуының болжамы (Ертіс, Сырдария, Іле) | Жылына бір рет (қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметі және оның филиалдары | Уәкілетті органның ведомствосы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
5 | Түркістан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінің бассейндеріндегі 1 сәуірдегі деректер бойынша ылғал қорының жиналуы туралы консультациялық анықтама және суару кезеңіндегі сулылыққа болжам | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметі және оның филиалдары | Уәкілетті органның ведомствосы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
6 | Қазақстан Республикасы бойынша күн сайынғы гидрологиялық бюллетені | Күн сайын (демалыс және мерекелік күндерін қоспағанда) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметі және оның филиалдары | Уәкілетті органның ведомствосы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
7 | Сырдария өзенінде мұзқұрсау кезеңіндегі су-мұз жағдайы туралы анықтама | 1 желтоқсаннан бастап тұрған мұздың бұзылу күніне дейін күн сайын (демалыс және мерекелік күндерін қоспағанда) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметі және оның филиалдары | Уәкілетті органның ведомствосы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
Ақмола облысы | ||||
8 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметтің Ақмола филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік су инспекциялары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
9 | Өзендер бойынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
10 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасқыны кезеңінде күн сайын | ||
Ақтөбе облысы | ||||
11 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Ақтөбе филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының Ақтөбе бөлімі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
12 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
13 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасқыны кезеңінде күн сайын | ||
Алматы және Жетісу облыстары | ||||
14 | Өзендер мен су қоймаларындағы су балансы: | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметтің Алматы филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы | |
Балқаш көлі бойынша | Жылына бір рет | |||
Қапшағай су қоймасы бойынша | Айына бір рет | |||
15 | Ай сайынғы және 2 және 4-тоқсандардағы Қапшағай су қоймасына ағып келген судың болжамы | Ай сайын, 1 наурыздағы және 1 сәуірдегі деректер бойынша жылына бір рет | ||
16 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Күн сайын | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі | |
17 | 1 наурыздағы деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам) | ||
18 | 1 сәуірдегі деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
Атырау облысы | ||||
19 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметтің Атырау филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
20 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
21 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасқыны кезеңінде күн сайын | ||
Батыс Қазақстан облысы | ||||
22 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Батыс Қазақстан филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының Батыс Қазақстан бөлімі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
23 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
24 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасқыны кезеңінде күн сайын | ||
Жамбыл облысы | ||||
25 | 1 наурыздағы деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам) | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Жамбыл филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Шу-Талас бассейндік су инспекциясы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
26 | 1 сәуірдегі деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
27 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Күн сайын | ||
Қарағанды және Ұлытау облыстары | ||||
28 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметтің Қарағанды филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік су инспекциясы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
29 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
30 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасқыны кезеңінде күн сайын | ||
Қостанай облысы | ||||
31 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметтің Қостанай филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
32 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
33 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасуы кезеңінде күн сайын | ||
Қызылорда облысы | ||||
34 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Күн сайын | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметтің Қызылорда филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
Маңғыстау облысы | ||||
35 | Каспий теңізінің деңгейі туралы гидрологиялық деректер | Ай сайын | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметтің Маңғыстау филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының Маңғыстау бөлімі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
Түркістан облысы | ||||
36 | 1 наурыздағы деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметтің Түркістан филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясының Түркістан бөлімі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
37 | 1 сәуірдегі деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
38 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Күн сайын | ||
Павлодар облысы | ||||
39 | 1 наурыздағы деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметтің Павлодар филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су инспекциясының Павлодар бөлімі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
40 | 1 сәуірдегі деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
41 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасуы кезеңінде күн сайын | ||
Солтүстік Қазақстан облысы | ||||
42 | Өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметтің Солтүстік Қазақстан филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік су инспекциясының Солтүстік Қазақстан бөлімі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
43 | Өзендер бойынша барынша жоғарғы су деңгейінің болжамы | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
44 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Су тасуы кезеңінде күн сайын | ||
Абай және Шығыс Қазақстан облыстары | ||||
45 | Бұқтырма су қоймасына ағып келген судың айлардағы және тиісті тоқсандағы болжамы | Ай сайын, тоқсанына бір рет | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметі және оның Шығыс Қазақстан филиалы | Уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшесі |
46 | Шүлбі су қоймасына ағып келген судың айлардағы және тиісті тоқсандағы болжамы | Ай сайын, тоқсанына бір рет | ||
47 | Оба және Үлбі өзендерінің жалпы ағынының болжамы | Табиғатты қорғау су тастаулар жүргізу кезеңінде күн сайын | ||
48 | Табиғатқорғау су тастаулар жүргізу кезеңіндегі Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына ағып келген судың нақты деректері | Табиғатты қорғау су тастаулар жүргізу кезеңінде күн сайын | ||
49 | 1 наурыздағы деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам) | ||
50 | 1 сәуірдегі деректер бойынша суару кезеңіндегі өзендердің күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (1 сәуірге берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | ||
51 | Өзендердің гидрологиялық деректері (су шығысы, деңгейі, температурасы, мұз құбылысы) | Күн сайын | ||
Су тасуы кезеңінде күн сайын |
Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің уәкілетті органға, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына және аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын жедел гидрологиялық ақпараттың тізбесі
Күнделікті гидрологиялық бюллетень: | ||
№ п/п | Гидробекеттер атауы | Ақпарат түрі |
1) су объектілерінің режимі туралы мәліметтер | ||
1 | Арыс–Арыс | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
2 | Андижан* | Ағызылған су |
3 | Бозсу–Устье* | судың орташатәуіліктік шығыны |
4 | Бұқтырма–Лесная пристань | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
5 | Ертіс–Боран | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
6 | Ертіс–Өскемен су электр станциясы | Ағызылған су |
7 | Ертіс–Семей | судың деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
8 | Ертіс–Семиярское | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
9 | Ертіс–Павлодар | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
10 | Есіл–Петропавл | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
11 | Ертіс-Прииртышское | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
12 | Жайық -Орал | судың деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
13 | Жайық –Күшім | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
14 | Жайық –Махамбет | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
15 | Жайық –Атырау | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
16 | Келес–Устье | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
17 | Күшім–канал | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
18 | Кіші Алматы–Алматы | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
19 | Қайраққұм* | Ағызылған су |
20 | Қарадария–Үштепе* | судың шығыны |
21 | Нарын–Үшқорған* | суың шығыны |
22 | Оба–Шемонаиха | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
23 | Сырдария–Ақжар* | судың шығыны |
24 | Сырдария–Көкбұлақ Келес өзені сағасынан жоғары | судың шығыны, деңгейі |
25 | Сырдария–Көктөбе | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
26 | Сырдария–Қазалы | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
27 | Сырдари–Қаратерең | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
28 | Сырдария–Надежденский* | судың шығыны |
29 | Сырдария–Тасбөгет | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
30 | Сырдария–Төменарық | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
31 | Сырдария–Шардара | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
32 | Сырдария–Чиназ* | судың шығыны |
33 | Талас–Жасөркен | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
34 | Үлбі–Перевалочная | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
35 | Шарбақ су қоймасы* | Ағызылған су |
36 | Шу–Қайнар | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
37 | Шу–Белбасар | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
38 | Чирчик–Чиназ* | судың шығыны |
39 | Іле–Добын | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
40 | Іле–164 километр Қапшағайдан гидроэлектростанциянан жоғары | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
41 | Іле–Қапшағай | судың шығыны, деңгейі, температурасы, мұз құбылыстары |
2) су қоймаларын толтыру жағдайы | ||
42 | Андижан* | су көлемі |
43 | Бадам | су көлемі |
44 | Бартоғай | су көлемі |
45 | Бөген | су көлемі |
46 | Бұқтырма | су көлемі |
47 | Іріклі* | су көлемі |
48 | Құрты | су көлемі |
49 | Қайраққұм* | су көлемі |
50 | Қапшағай | су көлемі |
51 | Сергеев | су көлемі |
52 | Тасөткел | су көлемі |
53 | Чарвакское* | су көлемі |
54 | Шардара | су көлемі |
55 | Шүлбі | су көлемі |
Ескерту* - шектес мемлекеттердің ұлттық гидрометеорологиялық қызметі ұсынатын мәліметте.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 9 маусымдағы № 115-НҚ Бұйрыққа 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718 "Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12109 болып тіркелді).
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі № 220 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718 "Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14194 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21077 болып тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі № 220 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718" суларды мемлекеттік есепке алуды және оларды пайдалануды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы "Бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33121 болып тіркелген).