"Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-4/294 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 117-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 маусымда № 36241 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 10.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-4/294 бұйрығының (Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11775 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментіне белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылдың 10 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
Н. Нуржигитов