БҰЙЫРАМЫН:
1. "Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30868 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Тізілімдер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша қалыптастырылады және жүргізіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, ғылым саласындағы уәкілетті органдарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: "Биологиялық қауіпсіздік саласындағы тізілім"
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-РББ
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20____ жылғы _________ (айы).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: субъектілер, аумақтық бөлімшелер, тиісті реттеу саласындағы мемлекеттік және уәкілетті органдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
аумақтық бөлімшелер тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін өзектендірілген тізілімдерді тиісті мемлекеттік органдарға жібереді;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік органдар тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін жиынтық тізілімдерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: қағаз немесе электронды форматта
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы тізілім
№ | ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектінің атауы | ЫҚБО-ның тиесілігі және орналасқан жерінің нақты мекенжайы |
Осы ЫҚБО-да жұмыс істеуге рұқсат етілген патогендігі I және II топтардағы ПБА | ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсаттың нөмірі мен күні |
Патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсат етілген мамандар | Кадр резерві | |||||
ТАӘ | Лауазымы | Биологиялық қауіпсіздік саласындағы сертификаттау курсы туралы куәліктің, біліктілікті арттыру туралы құжаттың нөмірі мен күні | Патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсат беру туралы бұйрықтың нөмірі мен күні |
ТАӘ | Биологиялық қауіпсіздік саласындағы сертификаттау курсы туралы куәліктің, біліктілікті арттыру туралы құжаттың нөмірі мен күні | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |
Атауы _________________________________ |
Мекенжайы ___________________________ |
Телефоны ________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________
Орындаушы _______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ____________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды
қоспағанда) ______________________
"Биологиялық қауіпсіздік саласындағы тізілім" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (индекс: 1-РББ, нысанның кезеңділігі: өсу қорытындысымен тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Биологиялық қауіпсіздік саласындағы тізілім" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер толтырады және биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, ғылым саласындағы уәкілетті органдарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.
3. Нысан мынадай мерзімдерде беріледі:
аумақтық бөлімшелер тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін өзектендірілген тізілімдерді тиісті мемлекеттік органдарға жібереді;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік органдар тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін жиынтық тізілімдерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
4. Нысанға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
5. Нысан бір жылдағы өсу қорытындысымен толтырылады және ұсынылады.
6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
7. Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдіктен алынатын улар (уыттар), гельминттер, нематодтар;
2) ықтимал қауіпті биологиялық объект – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын жылжымайтын (стационарлық) немесе орналастырылатын мобильді объект;
3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маман (бұдан әрі – маман) – техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге белгіленген тәртіппен жіберілген жеке тұлға.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1. 1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі.
2. 2-бағанда ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектінің атауы көрсетіледі.
3. 3-бағанда ЫҚБО-ның тиесілігі және нақты орналасқан жерінің мекенжайы көрсетіледі.
4. 4-бағанда осы ЫҚБО-да (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етілген патогендігі I және II топтардағы ПБА көрсетіледі.
5. 5-бағанда ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
6. 6, 7, 8 және 9-бағандарда патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етілген мамандар, оның ішінде: ТАӘ (бар болса); лауазымы; биологиялық қауіпсіздік саласындағы сертификаттау курсы туралы куәліктің, біліктілікті арттыру туралы құжаттың нөмірі мен күні; патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсат ету туралы бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіледі.
7. 10 және 11-бағандарда кадр резерві, оның ішінде: ТАӘ (бар болса); биологиялық қауіпсіздік саласындағы сертификаттау курсы туралы куәліктің, біліктілікті арттыру туралы құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Аббревиатуралар мен қысқартуларды ашып жазу:
ПБА – патогенді биологиялық агент;
ЫҚБО – ықтимал қауіпті биологиялық объект;
ТАӘ. – тегі, аты, әкесінің аты.