"Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 210 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 мамырда № 36177 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларында:

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында нұсқаушылармен жасақталмаған және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құтқару жабдықтарымен және жарақтарымен жарақтандырылмаған құтқару бекеттері жоқ, кезекші медициналық персоналмен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жаймен және қажетті құрал-сайманмен және дәрі- дәрмекпен және балалардың шомылуына арналған учаскелермен (балалар жағажайы) жарақтандырылмаған жаппай демалыс, туризм және спорт орындарын ашуға жол берілмейді;".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов