"Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36058 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ҰБДҚ) қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.".

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Білім беру ұйымының басшысы жыл сайын ҰБДҚ толтыру және өзектендіру үшін жауапты адамдарды мынадай тәртіппен айқындайды:

      1) "Тіркеу мәліметтері/Білім беру процесі туралы негізгі мәліметтер/Білім беру объектісі туралы негізгі мәліметтер/Қосымша мәліметтер/Контингент" бөлімдерін директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;

      2) "Қызметкерлер" бөлімін штат кестесінде болған жағдайда кадр мәселелері жөніндегі инспектор толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;

      3) "Материалдық-техникалық база" бөлімін директордың шаруашылық ісі-жөніндегі орынбасары толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;

      4) "Кітапхана" кіші бөлімін кітапханашы толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;

      5) "Компьютерлендіру" кіші бөлімін директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, жүйелік әкімші толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;

      6) "Жатақхана/интернат" кіші бөлімін жатақхана меңгерушісі, директордың шаруашылық ісі-жөніндегі орынбасары толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі