"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арн

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 18 сәуірде № 35993 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған бұйрыққа 1 қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Тізбесінде:

      1-бөлімде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар:

      реттік нөмірі 17 - жол алып тасталсын;

      3- бөлімде Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар:

      реттік нөмірлері 2, 3, 11, 12, 14, 15, 16, 18, 21, 22, 23, 24 - жолдарда алып тасталсын;

      4-бөлімде 18 жасқа дейінгі балалар үшін амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік өнімдер:

      реттік нөмірлері 5, 7, 8, 13, 14, 15, 20, 21, 22, 25, 28, 29, 30, 36, 38, 39, 43, 44, 45 - жолдарда алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова