Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 сәуірде № 35941 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11677 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-қосымшада:

      "Авиакеросиндер" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

АВИАКЕРОСИНДЕР

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын
Газтурбиналы қозғалтқыштарға арналған авиациялық отын

ТС-1, РТ
Джет А-1 (Jet A-1)

КО ТР 013/2011;
МССТ 10227.
КО ТР 013/2011;
ASTM D1655,
(ҚР СТ ASTM D 1655).

      ";

      2) "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11678 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларында:

      2-қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Газтурбиналық қозғалтқыштар мен ҚҚҚ үшін қолданылатын негізгі отындардың маркалары ТС-1, РТ және Джет А-1 болып табылады.

      Осы маркалардың әрқайсысын жеке немесе кез келген үлестегі ТС-1 және РТ маркаларының қоспасын ӘК (оның ішінде шетелдік) бактарында отын қалдығының маркасына қарамастан құюға және үстемелеп құюға рұқсат етіледі.

      ТС-1 и РТ маркалар қоспасы болып табылатын отынды құйған кезде бақылау талонына тиісті жазба енгізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің м.а.
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі