"Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) қызметке қабылданумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 сәуірде № 35931 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) қызметке қабылданумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығынның (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26496 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов