"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 наурызда № 35860 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді, педагогтерді оқыту, тағылымдамадан өту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің ЖЖОКБҰ-да немесе оқуды жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-да академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқыту нәтижелерін (модульдерін), оқу бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта есепке ала отырып, басқа ЖЖОКБҰ-ға (ел ішінде немесе шет елге) ауыстыру;";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының оқуын растайтын қорытынды құжат транскрипт немесе болған елдегі оның баламасы болып табылады.

      Транскриптке оқыту бағдарламасы туралы мәліметтер: пәндердің (модульдің) атаулары, бағалар, игерілген академиялық кредиттердің саны енгізіледі.

      Білім алушының тағылымдамадан немесе зерттеулер жүргізуді растайтын қорытынды құжаттың нысанын ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін және бұйрықтын ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек