"Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төр

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 5 наурыздағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 наурызда № 35791 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26495 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов