"Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық дер

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 наурызда № 35768 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығын күші жойылды деп тану (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 26497 ретінде тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге міндетті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов