БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10821 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында:
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) авиациялық оқиға (апат немесе авария) болған күн, уақыт, жіктемесі, авиациялық оқиға ауданы;";
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) авиациялық оқиға болған күн, уақыт, жіктемесі;";
125-тармақ алып тасталсын;
134-тармақ алып тасталсын;
Қағидаларға 1-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Авиациялық оқиға мән-жайы (күні, апта күні, тәулік уақыты, жерүсті оқиғасының уақыты (Астана/Гринвич бойынша), метеорологиялық жағдай). Тергеп-тексеру барысында жерүсті оқиғасының себебіне негіз болған қандай мән-жай анықталды. Жерүсті оқиғасына қатысы бар адамдардың әрекеті. Әуе кемесі және қоршаған орта үшін салдары.".
Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 8-қосымша 2-тармағының 19-тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Нысан
Бекітемін ________________________ (тергеп-тексеру актісін бекітетін лауазымды адамның лауазымы, әскери атағы, инициалдары мен тегі) 20___ жылғы "___" __________ |
Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру актісі
_________________________________________________________________
(авиациялық оқиға түрі, әуе кемесі типі)
__________________________________________________________________
(авиациялық бөлім, мемлекеттік орган атауы)
__________________________________________________________________
(оқиға болған күн, апта күні, тәулік уақыты, оқиға уақыты: Астана/Гринвич бойынша)
__________________________________________________________________ (авиациялық оқиға орны, оның географиялық координаталары)
1. Нақты ақпарат:
1) ұшуды ұйымдастыру туралы деректер:
ұшуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың толықтығы мен уақтылығы;
ұшуды ұйымдастырудың нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар;
2) экипаж туралы деректер:
Р/с № | Экипажда кімнің міндетін атқарды | Штаттық лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні | Сыныптық біліктілігі және ол берілген жыл | Ұшу жұмысы өтілі, жалпы ұшу сағаты, қай уақыттан бері ұшады және осы әуе кемесінде ұшу уақыты | Ұшу тапсырмасын орындауға рұқсат берілген күн |
экипаждың кәсіби даярлығына,оның ұшу тапсырмасын орындауға рұқсат берілген негіздемеге баға беріледі және оның даярлық деңгейінің ұшу тапсырмасына сәйкестігі туралы қорытынды жасалады;
3) әуе қозғалысын басқару органының персоналытуралы деректер:
Р/с № | Штаттық лауазымы | Әскери атағы | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Сыныптық біліктілігі және ол берілген жыл | Басшылық жасау өтілі және соңғы 12 айда ұшуға басшылық жасау саны |
ұшуды басқаратын адамдардың кәсіби даярлығына және ерекше жағдайдың туындауы және өршуі кезіндегі олардың әрекет етуіне баға беріледі;
4) жолаушылар туралы деректер:
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Әскери қызметке тиесілілігі, лауазымы, жұмыс орны | Осы әуе кемесінде ұшуға негіздеме |
жолаушылардың әуе кемесінің бортында болу негізділігіне баға беріледі;
5) жеткізілетін жүктің сипаты туралы деректер:
Р/с № | Жеткізілетін жүктің атауы | Габариті (м) | Салмағы (кг) | Жүктің әуе тасымалы кімнің мүддесінде орындалды |
Ұзындығы, ені, биіктігі | ||||
Жүктің жалпы салмағы | ||||
Ортаға дәлдеу |
ұшу салмағының және ортаға дәлдеудің әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі басшылық талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасалады және әуе тасымалына рұқсат берілген жүктің белгіленген талаптарға сәйкестігіне баға беріледі;
6) авиациялық техника туралы деректер:
әуе кемесі туралы деректер: типі, зауыттық нөмірі, жасаушы зауыт, шығарылған күні, пайдаланылғаннан бастап ұшу уақыты, қону және жөндеу саны, соңғы жөндеу күні, одан кейінгі ұшу уақыты мен қону саны;
қозғалтқыш (қозғалтқыштар) туралы деректер: типі, зауыттық нөмірі, жасаушы зауыт, шығарылған күні, пайдаланылғаннан бастап жұмыс істеуі, жөндеу саны және соңғы жөнделген күні, соңғы жөндеуден кейінгі жұмыс ауқымы;
әуе кемесінің ұшуды орындауға ресурсының (қолдыналу мерзімінің) жеткіліктілігі және әуе кемесін техникалық пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкестігіне баға беріледі;
7) метеорологиялық және орнитологиялық ақпарат:
ұшу және қону әуеайлақтарындағы,ұшу бағыты бойынша және авиациялық оқиға орнындағы ауа райы және нақты метеорологиялық және орнитологиялық жағдайлар туралы деректер келтіріледі;
ұшуды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етуге қысқаша баға беріледі;
8) әуеайлақ (қону алаңы) туралы деректер:
әуеайлақ сыныбы және ұшу-қону жолағының (қону алаңының) сипаттамасы туралы деректер келтіріледі;
әуеайлақтың (қону алаңының) техникалық жай-күйіне және оны пайдалануға қысқаша баға беріледі;
9) ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары туралы деректер:
барысында авиациялық оқиға болған әуе кемесінің ұшуы процесінде пайдаланылған байланыс, навигациялау, қону және ҰҚБ құралдары туралы деректер келтіріледі;
ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын техникалық пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қысқаша баға беріледі;
10) іздестіру-құтқару қызметінің іс-қимылдары:
іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар саны, оларды уақтылы әзірлікке келтіру, іздестіру-құтқару жұмысының нәтижелері көрсетіледі;
жүргізілген іздестіру-құтқару жұмысына және авиациялық оқиғалардың салдарларын жою жөніндегі жұмысқа қысқаша баға беріледі;
11) экипаж мүшелерінің және жолаушылардың авиациялық оқиғадан кейінгі жағдайы:
әуе кемесінің бортында болған адамдардың қаза табуының себептері белгіленеді. Дене жарақатын алған адамдар саны көрсетіледі;
12) басқа да ақпарат:
авиациялық оқиғаның мән-жайларын анықтау және осы оқиғаның себептері туралы қорытынды жасау үшін басқа көздерден алынған қажетті барлық нақты ақпарат келтіріледі.
2. Авиациялық оқиғаның мән-жайлары.
Оқиғалар хронологиясын сақтаумен (мүмкіндігінше) мыналар көрсетіледі:
1) ұшу тапсырмасы, авиация тегінің жауынгерлік даярлық курсы жаттығуының нөмірі (ұшу, жаттығу-ұшу және тағы басқа), кезектілігі бойынша нешінші, ұшу ауысымының қай сағатта және ұшу қандай жағдайларда орындалды;
2) тәулік уақыты, ұшып көтерілу уақыты (жергілікті/Астана/Гринвич бойынша) және әуеайлағы (алаңы);
3) ерекше жағдай ұшып көтерілгеннен кейін қанша уақыт өткеннен кейін, қай жерде (оқиға болған пункт атауы, немесе азимут және оған тән бағдардан арақашықтық), ұшудың қай кезеңінде, кімнің жауапкершілік аймағында, қандай биіктікте және ұшу жылдамдығында, қандай жағдайларда туындады және қалай өрбіді;
4) ерекше жағдайдағы экипаждың әрекет етуі, осы әрекет етудің ұшу нәтижесіне әсер ету дәрежесі;
5) ұшу жетекшісінің (топ командирінің және ұшуды басқаратын басқа да адамдардың) ерекше жағдайда әрекет етуі;
6) әуе кемесінің құлау (қону) сипаты (әуе кемесінің қалпы, құлау бұрышы, жер (су) үсті және басқа да соғылғанға (түйіскенге) дейінгі ұшу траекториясы);
7) экипаждың құтқару құралдарын қолдану жағдайлары (жылдамдық, ұшу биіктігі, әуе кемесінің қалпы, құтқару жүйесі автоматикасының іске қосылуы және т.б.), сондай-ақ құтқару құралдарын қолданбау немесе оларды кешіктіріп қолдану себептері;
8) экипаж мүшелері және жолаушылар үшін салдар;
9) әуе кемесі үшін салдар;
10) авиациялық оқиға орнындағы қоршаған орта үшін салдар.
3. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру кезінде айқындалған кемшіліктер мен қателіктер, олардың ерекше жағдайдың туындауына, өрбуіне және ұшу нәтижесіне әсері.
Жүргізілген зерттеу бағыттары бойынша авиациялық жүйе жұмысындағы барлық ауытқушылықтар, кемшіліктерді көрсете отырып келтіріледі:
1) ұшу қызметін регламенттеуде;
2) ұшуды ұйымдастыруда;
3) әуе қозғалысын басқаруда (ұшуға басшылық жасауда);
4) экипаждың әрекет етуінде;
5) ұшуды қамтамасыз етуде;
6) авиациялық техниканы жобалауда, жасауда, тәжірибе жүргізудежәне жөндеуде;
7) ұшуды қамтамасыз ету құралдарын жобалауда, жасауда және жөндеуде;
8) басқа да кемшіліктер мен қателіктер көрсетіледі.
Кемшіліктер мен қателіктердің ерекше оқиғаның туындауына және өрбуіне және ұшу нәтижелеріне әсер етуі туралы қорытындылар.
4. Қорытынды.
Авиациялық оқиғаның себептері еркін нысанда жазылады. Себептерді тұжырымдау оларды екі мағынада түсіну болмауға тиіс.
5. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары.
Тергеп-тексеру кезінде айқындалған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстар келтіріледі.
Комиссия төрағасы ____________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)
Комиссия төрағасының орынбасары
______________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)
Комиссия мүшелері
______________________________________________
______________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)
6. Авиациялық оқиғаның себептері туралы түпкілікті қорытынды.
Авиациялық оқиғаның себептері туралы түпкілікті қорытынды комиссияның авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытындыларының өзгерістерін негіздеумен сараптамалық қорытындыны ескере отырып жасалады.
Комиссияның 20___ жылғы "___" __________ отырысында қаралды № ____ хаттама |
Ұшқыш кіші комиссиясының тергеп-тергеп-тексеруге байланысты жүргізілген жұмысының нәтижелері жөніндегі есебі
______________________________________________________________
(авиациялық бөлім,
_____________________________________________________________
мемлекеттік орган атауы)
________________________________________________________ болған
(оқиға болған күн және орны)
_____________________________ ұшақтың (тікұшақтың) _____________
(авиациялық оқиға түрі) (түрі)
Кіші комиссия 20___ жылғы ________ – _______ дейінгі кезеңде авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында мыналарды анықтады:
1. Ұшуды ұйымдастыру туралы деректер:
1) ұшуды жасау туралы шешім қабылдау үшін негіздеме (шешім қабылдаған күн, кім қабылдады, қандай мәселелерді шешу үшін, ұшуды қамтамасыз ететін авиациялық бөлімнің басшылық құрамына, авиациялық бөлімдер мен бөлімшелердің командирлеріне тапсырма қашан және қандай нысанда қойылды);
2) ұшуды жасау туралы қабылданған шешім негізінде авиациялық бөлім штабы жүргізген іс-шаралардың толықтығы (ұшуға өтінім беру уақтылығы және олардың қамтамасыз етілуі, әуе кеңістігін, полигондарды пайдалану жөніндегі ұсыныстар дайындау, жоспарлау кестелерін әзірлеу).
3) ұшуды жоспарлау (жоспарланған жаттығулардың ұшуды жасау ниетіне сәйкестігі, жоспарланған жаттығулардың әдістемелік жүйелілігін сақтау, жауынгерлік даярлық курсы белгілеген авиация тегін сақтау (ұшу даярлығы курсы және т.б.), жоспарланған ұшудың саны бойынша нормалар және ұшу ауысымындағы экипаждардың ұшу сағаты, қайталанатын ұшуға әуе кемесін дайындау үшін қажетті уақытты сақтау, барлаушы экипаждарды және ауа райын толық барлаушы экипаждарды, іздестіру-құтқару әуе кемелері экипаждарын анықтау, резервтегі әуе кемелерінің болуы, жедел объективті бақылауды жоспарлау, ұшу нұсқалары бойынша әзірленген кестелер саны және басқа да қажетті деректер);
4) экипажды ұшуға даярлау:
жалпы даярлық: жүргізілген күн, кім ұйымдастырды және кім жүргізді, жүргізу толықтығы, экипаждың ұшуға даярлығын қашан және кім бақылады;
алдын ала даярлау: жүргізген күні, ұшуға тапсырмаларды кім қойды және олардың толықтығы, дербес даярлықты жүргізу сапасы, тренажерларда жаттықтырулар (әуе кемелерінің кабиналарында), ұшуға даярлықты бақылау, экипаждың ұшуға даярлығын қашан және кім бақылады;
ұшуалды даярлығы: медициналық тексеруден өту, ұшуалды нұсқауларының толықтығы, ұшудың нақты шарттары үшін қажетті есептеулерді орындау, авиациялық техниканы қабылдау, қорғаныс жарақтарын дайындау және тексеру, алдағы ұшу тапсырмаларына әуе кемесі кабиналарының жұмыс орындарын дайындау және тексеру;
5) ауа райын барлау:
ауа райына радиолокациялық барлау жүргізу уақтылығы мен толықтығы;
ауа райын әуеден барлау деректері, қауіпті ауа райы құбылыстарының болуы;
6) ұшуды ұйымдастырудың толықтығы және нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар.
2. Ұшуды ұйымдастыруға, орындауға және оған қызмет көрсетуге қатысатын негізгі адамдар туралы деректер:
1) авиациялық бөлім командирі туралы деректер:
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған жылы, жалпы және әскери білімі (қашан және қандай оқу орындарын бітірді);
лауазымға тағайындалған күн;
негізгі лауазымдарда қызмет өткеру мерзімдері;
осы бөлімге қашан келді;
оған бағынысты авиациялық бөлімшеде, бөлімде бұрын авиациялық оқиғалар болды ма, олардың себептері;
осы авиациялық оқиға болған сәтте болған жері мен әрекет етуі;
2) экипаж командирі (әкету немесе бақылап ұшуды орындау жағдайында деректер нұсқаушыға немесе ұшқышқа толтырылады, ал топпен ұшуды орындау кезінде – егер олардың әрекет етуі ерекше жағдайдың өрбуі және оның нәтижесіне ықпал етсе – жетекшіге және жетектегіге) және әрекет етудің ерекше жағдайдың туындауына және өрбуіне әсер еткен экипаж мүшелері туралы деректер (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні, айы және жылы, жалпы және әскери білімі, берілген сыныптық біліктілігі (күні, бұйрық нөмірі, әуе кемесінің қандай типінде), ұшқыш лауазымдарында қызмет өткеру мерзімдері, берілген әуе кемесінің осы типінде қай уақыттан бастап ұшады, әуе кемесінің осы типінде қайта оқытып-үйретуден қашан және қайдан өтті);
3) қоса берілген кестеге сәйкес ұшу сағаты туралы деректер (жауынгерлік және оқу-жаттығу жауынгерлік әуе кемелері үшін бөлек):
Әуе кемесінің типі | Ұшу сағаты | ||||||||||
Жалпы | Күндіз | оның ішінде | Түнде | оның ішінде | |||||||
Бұлыңғыр күндері |
Күрделі | Бұлттарда | Теңіз үстінде | Бұлыңғыр күндері | Күрделі метеожағдайларда | Бұлттарда | Теңіз үстінде | ||||
Кестенің жалғасы
Қону жүйесін қолданумен қону (қонуға беттеу) саны | |||
күндіз | түнде | ||
Барлығы | Белгіленген ауа райы минимумы кезінде | Барлығы | Белгіленген ауа райы минимумы кезінде |
Барлығы ұшу:
оның ішінде соңғы 12 айда____________;
соңғы 5 жылда жылдар бойынша жалпы ұшу сағаты__________________;
4) соңғы 12 айда ұшуда жаттыққандығы туралы деректер (айлар бойыша бөле отырып):
Күні, метеожағдай, | |||
Ұшу (сағ. мин.): |
5) тренаж өткізу туралы деректер:
Тренажерда | Әуе кемесінің кабинасында | |||||
Жалпы ұшу сағаты | Ұшу саны | Авиациялық оқиғағабайланысты ерекше жағдай бойынша (саны, соңғы тренаж күні) | Ерекше жағдай бойынша соңғы тренаж | Ұшудағы ерекше жағдай бойынша(саны) | Авиациялық оқиғаға байланысты ерекше жағдай бойынша (саны, соңғы тренаж күні) | Экипаждың ұшуға басшылық жасау топтарымен қарым-қатынасын пысықтау бойынша (саны, соңғы тренаж күні) |
6) соңғы 12 айда ұшуда тексерудің белгіленген барынша аз мерзімдерін сақтау туралы деректер (жауынгерлік (ұшу, оқу-жаттығу ұшу) курсына сәйкес авиация тегін даярлау, күні, тәулік уақыты, метеорологиялық жағдай, тексеруді кім жүзеге асырды, бағасы):
ұшуды басқару техникасы бойынша;
жауынгерлік қолдану бойынша;
әуе навигациясы бойынша;
нұсқаушы үшін – сынақ-әдістемелік ұшу;
жетекші (жетектегі) үшін – саппен ұшуды басқару техникасын тексеру үшін бақылап ұшу;
7) парашюттік даярлық туралы деректер:
парашюттен оқу-жаттықтыру секіру: саны (жалпы/соңғы 12 айда), соңғы секірген күні;
жердегі катапульттеу: саны, соңғы жаттықтырған күн;
арнайы тренажерлардағы тренаж: тренажер түрі, жаттықтыру саны, соңғы тренаж күні;
құтқару құралдарын пайдалану бойынша кешенді тренаж: тренаж түрі, саны, соңғы тренаж күні;
8) авиациялық оқиға болған ұшу даярлығы түрі бойынша ұшудағы үзілістерден кейін қатарға қосу әдістемесін сақтау туралы деректер (соңғы 12 ай үшін);
9) ұшуға тапсырмаларды орындау толықтығы, ұшуды басқару техникасының және авиациялық техниканы пайдаланудың ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық (экипажға нұсқаулық) және алдыңғы 10 ұшуда объективті бақылаудың борттық және жерүсті құралдарының деректері бойынша авиация тегін жауынгерлік даярлау курсы нормативтері талаптарынан ауытқушылықтар туралы деректер;
10) соңғы 12 айда мыналардың болуы:
авиациялық оқиғалар, олардың себептері;
авиациялық оқыс оқиғалар, олардың себептері;
тәртіптік жазалау, қандай және не үшін;
11) отбасы жағдайы, балалар саны, олардың жасы;
12) тұрғын-үй жағдайы;
13) дәрігерлік-ұшу комиссиясы және соңғы кезеңдік қарап-тексерген күн және қорытынды. Комиссия аралық кезеңдегі науқастанулары.
Ұшуалды медициналық тексеру нәтижелері: жүргізілген күн, тамыр соғысы, қан қысымы, температурасы, ұшуға жіберу туралы қорытынды;
14) кезекті демалыс және соңғы екі жылдағы профилактикалық демалыс уақыты мен өткізу орны туралы деректер.
Ұшу күні қарсаңында және ұшу күніндегі денсаулық жағдайы және эмоционалдық жай-күйі, еңбек және демалыс режимі, ұшу жүктемесінің денсаулық және жеке төзімділік жағдайына сәйкестігі, жеке тұлғаға тән ерекшеліктер.
Қысқаша ұшқыш мінездемесі.
Ұшу даярлығы деңгейі туралы қысқаша қорытындылар және оның ұшу тапсырмаларына сәйкестігі;
15) ұшуға басшылық жасау тобының персоналы туралы деректер (ұшу жетекшісі туралы – барлық жағдайларда, басқалар туралы – егер олардың әрекет етуі ерекше жағдайдың туындауына және өрбуіне әсер еткен жағдайда):
лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған жылы, сыныптық біліктілігі (оны беру туралы бұйрық нөмірі және күні);
білімі (қашан және не бітірді);
негізгі лауазымдарда қызмет өткеру мерзімдері;
ұшу жұмысын қашан аяқтады (жылы және әуе кемесінің қандай типінде);
ұшуға басшылық жасауға даярлықты қашан және қайда өтті;
ұшуға басшылық жасауға кім, қашан және қандай рұқсатнама берді (қандай құраммен, қандай метеожағдайда, күндіз, түнде);
соңғы 12 ай үшін ұшуға басшылық жасау практикасын қашан және кім, қандай жағдайларда тексерді, тексеру толықтығы мен оның сапасы;
ұшуға басшылық жасауда рұқсат етілгеннен асатын үзілістер кезінде қалай қатарға қосылды;
соңғы 12 айда ұшуға басшылық жасау жиілігі (айлар бойынша):
Ай | Күні | Күн/түн | Метеожағдай | Әуе кемелерінің саны |
ұшуға басшылық жасауға даярлық: кім және қашан міндет қойды, даярлықты ұйымдастырды және бақылауды жүзеге асырды;
ұшу жетекшісінің болатын жері және оның ұшуда ерекше жағдай туындаған сәттегі әрекеттері;
бұдан бұрын ұшуды басқару кезінде авиациялық оқыс оқиғаларға жол берді ме, олардың себептері;
өткен кезеңде ұшуға басшылық жасау кезінде авиациялық оқиғалар болды ма, олардың себептері;
ұшуға басшылық жасау алдында медициналық қарап-тексеру деректері (тамыр соғысы, қан қысымы, температурасы, ұшуға басшылық жасауға жіберу туралы қорытынды);
ұшу күні қарсаңындағы және ұшу күніндегі денсаулық жағдайының және эмоционалдық жай-күйінің қысқаша сипаттамасы, еңбек және демалыс режимі;
кәсіби даярлық деңгейі туралы қысқаша қорытындылар.
3. Нақты ақпарат:
1) ұшу тапсырмасының мазмұны, оның экипажды даярлау деңгейіне және ұшуды орындау жағдайларына сәйкестігі;
2) ерекше жағдай туындаған кезеңде ұшу ауданындағы әуе және навигациялық жағдай;
3) ұшуда ерекше жағдай туындаған кезеңде нақты метеорологиялық, гидрологиялық және орнитологиялық (қажет болған кезде) жағдай;
4) қолда бар ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары және оның уақытында авиациялық оқиға болған ұшу процесінде пайдаланылған құралдар туралы деректер;
5) ерекше жағдайдың туындау және өрбу сипаты.
Ұшу жағдайының күрделенуі сипаттамасы. Олардың күрделі жағдайға айналуына қандай факторлар әсер етті (күрделенген жағдай ұшуға көтерілуден кейін қандай уақытта, ұшудың қандай кезеңінде, әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде пайда болды, осындай жағдайда экипаждың, ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының іс-қимылдары, бұл немен расталады).
Күрделі жағдай сипаттамасы. Оның авариялық жағдайға айналуына қандай факторлар әсер етті (пайда болу уақыты, ұшудың қандай кезеңінде, әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде, осындай жағдайда экипаждың, ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының іс-қимылдары, бұл немен расталады).
Авариялық жағдай сипаттамасы. Оның өрбу сипаттамасы (пайда болу уақыты, ұшудың қандай кезеңінде және әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде пайда болды, осындай жағдайда экипаждың, ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының іс-қимылдары, бұл немен расталады).
Апаттық жағдай сипаттамасы. Туындаған уақыты, ұшудың қандай кезеңінде және әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде туындады, осындай жағдайда экипаждың, ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының әрекет етуі, бұл немен расталады;
6) ұшу нәтижесі:
экипаж үшін салдар (кімнің қаза тапқаны, жараланғаны, табылмағаны, сау екені көрсетіледі, немен расталады);
жолаушылар үшін салдар (қаза тапқандар, жараланғандар, табылмағандар, саулар саны көрсетіледі, немен расталады);
әуе кемесі үшін салдар (қирау, зақымдану дәрежесі, немен расталады);
қоршаған орта үшін салдар (авиациялық оқиға орнында қаза тапқандар, жараланғандар саны, құрылысқа, орман алабына, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерге, су тоғандарына және басқа да объектілерге келтірілген залал, немен расталады);
7) объективті бақылау құралдарын талдау:
кеңістіктегі әуе кемесі қозғалысының траекториясын және экипаждың басқару органдарымен іс-қимылдарын сипаттайтын тіркелетін параметрлер шифрларын ашу нәтижелері;
басқару пункттерімен радиоалмасу магнитофондық жазбаларының шифрларын ашу нәтижелері (хронологиялық жүйелікте ұшуда ерекше жағдайдың туындауын және өрбуін растайтын сөздер көрсетіледі);
экипаж мүшелерінің сөйлесулерін магнитофондық жазбасының шифрларын ашу нәтижелері (хронологиялық жүйелікте ұшуда ерекше жағдайдың туындауын және өрбуін растайтын сөздер көрсетіледі);
радиолокациялық құралдар индикаторлары экрандары фототүсіруінің шифларын ашу нәтижелері (уақыт, азимуттар, радиолокациялық станция экрандарында белгілердің жоғалып кетуіне дейін әуе кемесінің орналасу қашықтығы);
әуе кемесінің авариялық ұшуын растайтын басқа да құралдар шифрларын ашу нәтижелері.
Объективті бақылау материалдарын талдаудан туындайтын қорытындылар.
4. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру кезінде айқындалған кемшіліктер, және олардың авариялық жағдайдың туындауына, өрбуіне және ұшу нәтижесіне әсер етуі.
Жүргізілгензерттеу бағыттары бойынша авиациялық персоналдың жұмыс істеуіндегі барлық ауытқулар нені және кімнің бұзу фактілері тізбесімен бірге көрсетіледі:
ұшуды ұйымдастыруда;
әуе қозғалысына қызмет көрсетуде (ұшуды басқаруда);
экипаж әрекет етуінде;
ұшуды қамтамасыз етуде;
ұшу жұмысын регламенттеуде;
басқа да ауытқуларда.
Ерекше жағдайдың туындауына және өрбуіне әкеп соқтырған кемшіліктерді талдаудан туындайтын қорытындылар.
5. Қорытынды.
Жүргізілген зерттеу және олардың нәтижелерін талдау негізінде кіші ұшқыш комиссиясы мүшелерінің пікірі бойынша авиациялық оқиғамен себепті байланыстағы қауіпті факторлар туралы қорытындылар жасалады немесе авиациялық оқиға себебі ұшу факторларымен байланысты еместігі көрсетіледі.
6. Тергеп-тексеру кезінде анықталған қауіпті факторларды жою жөніндегі ұсынымдар.
Тергеп-тексеру кезінде анықталған қауіпті факторларды жою жөніндегі ұсынымдар келтіріледі.
Кіші комиссия төрағасы ________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)
Кіші комиссия мүшелері ________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)
Есепке қосымшалар:
ұшудың жоспарлы кестесінен үзінді-көшірме (көшірме);
кіші комиссия жұмыс топтарының материалдары;
өзінің растауын таппаған авиациялық оқиға нұсқаларын сипаттау;
ұшуды ұйымдастыруға, оларға қызмет көрсетуге және орындауға қатысқан лауазымды адамдардың баянаттары.
Комиссияның 20___ жылғы "___" __________ отырысында қаралды № ____ хаттама |
Инженерлік-техникалық кіші комиссияның тергеп-тексеруге байланысты жүргізілген жұмысының нәтижелері туралы есеп
________________________________________________________________
(авиациялық бөлім,
________________________________________________________________
мемлекеттік орган атауы)
__________________________________________________________ болған
(оқиға болған күн және орны)
_____________________________ ұшақтың (тікұшақтың) _____________
(авиациялық оқиға түрі) (түрі)
Кіші комиссия 20___ жылғы ________ – _______ дейінгі кезеңде авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында мыналарды анықтады:
1. Авиациялық техника туралы деректер:
1) _________әуе кемесін ____________________ кәсіпорны 20___ ж. "____" ________________________ __________жыл ішінде ресурсын _______________ сағат, бірінші жөндеуге дейін ресурсын ____________ сағат, қолданылу мерзімін___________жыл деп белгілеп шығарған.
Кепілдік берілген ресурс ________жылда _______________сағат.
Пайдаланылғаннан бастап ұшу уақыты______ сағат_____ мин., қону _____.
_________________ әскери бөліміне 20____жылғы "____" __________ пайдалануға қабылданда.
Белгіленген ресурс (қолданылу мерзімі) 20___ж. "____"_______ сағат, _______жылға дейін ұзартылды.
Бірінші жөндеуге дейінгі ресурс _______________________негізінде 20___жылғы "____" ___________ ____cағат дейін ұзартылды.
Әуе кемесі мынадай жөндеуден өтті:
Жөндеудің реттік нөмірі | Жөндеу ауқымы | Жөнделген күн | Кім жүргізді және жөндеу жүргізген орын | Пайдаланылғаннан бастап ұшу уақыты | Жөндеуден кейінгі ұшу уақыты |
Жөндеуден кейінгі белгіленген |
Соңғы жөндеуден кейінгі ұшу уақыты _______сағат, қону__________.
Кезекті жөндеуге дейін қалған ресурсы (қолданылу мерзімі) ____сағат,____жыл;
2) қозғалтқыштар бойынша мәліметтер:
Қуат қондырғысы бойынша мәлімет | Бірінші | Екінші | Үшінші | Төртінші |
Типі | ||||
Зауыттық нөмірі | ||||
Жасаушы зауыт | ||||
Шығарылған күні | ||||
Ұшаққа орнатылған күні | ||||
Белгіленген ресурс | ||||
Жөндеуаралық ресурс | ||||
Кепілдік ресурс | ||||
Пайдаланылғаннан бастап атқарымы | ||||
Жылу-кернеу режимдерінде: | ||||
Жөндеуден өтті: | ||||
Реттік нөмірі | ||||
Жөндеу себебі және ауқымы | ||||
Күні | ||||
Жөндеу орны | ||||
Реттік нөмірі | ||||
Жөндеу себебі және ауқымы | ||||
Күні | ||||
Жөндеу орны | ||||
Соңғы жөндеуден кейін жөндеуаралық ресурс белгіленді | ||||
Соңғы жөндеуден кейін кепілдік ресурс белгіленді | ||||
Соңғы жөндеуден кейінгі атқарымы | ||||
Жылу-кернеу режимдерынде: | ||||
Қалдығы жөндеуаралық ресурс |
Ұшуды орындау үшін әуе кемесі ресурсының (қолданылу мерзімінің) жеткіліктілігі туралы қорытынды.
2. Әуе кемесін дайындауға қатысатын инженерлік-техникалық құрам туралы деректер.
Техникалық есеп құрамы:
Р/с | Штаттық лауазымы | Әскери атағы | Тегі, аты, әкесінің Аты (бар болған кезде), туған жылы | Сыныптылығы | Бұйрық нөмірі мен осы типтегі әуе кемесіне қызмет көрсетуге рұқсат берілген күн | Атқаратын лауазымдағы жұмыс өтілі |
Әуе кемесін ұшуға дайындау үшін техникалық есептоп күштерінің жеткіліктілігі туралы қорытындылар. Мамандардың жұмысты орындауға әзірлігін бағалау. Авиациялық техникада өздігінен жұмысқа авиациялық персоналды жіберу бойынша кемшіліктер, қателіктер.
3. Әуе кемесінде жүргізілетін жұмыстар туралы деректер:
1) ұшуға даярлық:
Ұшуға даярлық түрі | Дайындық күні, даярлқтың басталу және аяқталууақыты | Даярлықты жүргізу орны | Әскери атағы,тегі және инициалдары | |
Даярлдықты орындайтын мамандар | Даярлықты бақылайтын мамандар | |||
Ұшудан кейінгі даярлық | ||||
Алдын ала даярлық | ||||
Ұшуалды даярлығы | ||||
Қайталап ұшуға даярлық |
әуе кемесін ұшуға дайындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;
2) кезеңдік жұмыстар: орындалған күні, жұмыс түрлері.
Кезеңдік жұмыстарды орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;
3) регламенттік жұмыстар: 20___ж. "____" _____________ пайдаланылғаннан бастап әуе кемесінің ұшу уақыты______сағат кезінде, соңғы жөндеуден кейін ______сағат, алдыңғы _______ регламенттік жұмыстарды орындаудан кейін (соңғы 24 айлық регламенттік жұмыстардан кейін _____ айдан соң) ______сағат (ай) соң әуе кемесінде _______регламенттік жұмыстар орындалды.
Соңғы регламенттік жұмыстар орындалғаннан кейін ұшу уақыты ______ сағат, күнтізбелік мерзім ________ай.
Соңғы регламенттік жұмыстардан кейінгі қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) атқарымы _____сағат.
Регламенттік жұмыстарды орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;
4) мақсатты қарап-тексеру мен тексеру: орындалған күні, қарап-тексеру мен тергеп-тексеру түрлері.
Авиациялық техниканы пайдалану мәселелері бойынша нұсқаулардың, директивалар мен өкімдердің орындалу толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар;
5) жазғы (қысқы) пайдалануға дайындық: 20____ж. "____"____________ бастап 20____ж. "____"______________ дейінгі кезеңде әуе кемесінде оны жазғы (қысқы) пайдалануға дайындау бойынша жұмыс тізбесі орындалды.
Әуе кемесін жазғы (қысқы) пайдалануға дайындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, қателіктер;
6) сақтау кезіндегі жұмыстар (ұшуда ұзақ үзілістер кезінде): жұмыстарды орындау түрлері мен мерзімдері.
Оны сақтау кезіндегі әуе кемесінде жұмыстарды орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;
7) әскери жөндеу: әскери жөндеу қашан, қайда, қандай ауқымда орындалды. Жөндеу себебі, зақымдалу сипаты. Әскери жөндеу орындалғаннан кейінгі ұшу.
Жөндеу сапасы және әуе кемесін жөндеуден кейін ұшуда пайдалануға жіберу заңдылығы туралы қорытындылар, кемшіліктер, қателіктер;
8) бюллетеньдер бойынша жұмыс: жұмыстың орындалу тізбесі мен мерзімдері.
Әуе кемесінде бюллетеньдер бойынша жұмыстың орындалу уақтылығы, толықтығы және сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;
9) әуе кемесінің айналып ұшуы: талап етілетін әуе кемесінің айналып ұшуы қашан, қайда жүргізілді. Айналып ұшу себептері.
Айналып ұшуды жүргізу толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, әуе кемесін одан әрі пайдалануға жіберу негізділігі, кемшіліктер, бұзушылықтар;
10) әуе кемесінің және қозғалтқыштардың ресурсын ұзарту бойынша жұмыс: орындау үшін негіздемелерді, орындалған күнін көрсету.
Жұмысты орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар;
11) парктік күн: соңғы парктік күн өткізілген күн.
Жұмысты орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;
12) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету толықтығы мен сапасы туралы қорытынды.
4. Авиациялық оқиға болғанға дейін авиациялық техниканы пайдалану кезеңіндегі оның жай-күйі:
1) соңғы 12 айда айлар бойынша әуе кемесінің ұшу уақыты;
2) соңғы 12 айда әуе кемесінің ақаусыздығын бағалау: авиациялық оқыс оқиғалар және әуеде істен шығу, авиациялық оқыс оқиғалар болған және істен шыққан күн мен мән-жайы, істен шығуды жойған күн мен әдістері;
3) әуе кемесін жерде және әуеде пайдалану, сұрыпталмаған ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарын, жанар-жағармай материалдарын, арнайы сұйықтықтарды, газдарды және оқ-дәрілерді қолдану қағидаларын бұзу жағдайлары, агрегаттарды, жабдықтарды белгіленген ресурстар, қолданылут мерзімдері шегінен тыс пайдалану (соңғы 12 айға көрсетіледі).
Әуе кемесі жүйесінің қолданылу қабілеті туралы қорытындылар және соңғы 12 айда оны пайдалану;
4) авиациялық оқиға алдындағы 10 ұшуда ұшу параметрлерін борттық тіркеу құрылғылары материалдары бойынша әуе кемесі жүйелерінің қолданыс қабілетін бағалау;
5) осы ұшу күні әуе кемесі ұшуының саны мен ұзақтығы. Ұшу ауысымының алдыңғы ұшуындағы әуе кемесі жүйелерінің жұмысы бойынша ескертулер;
6) әуе кемесінің жүйелеріне жанар-жағармай материалдарын, газды, арнайы сұйықтықтарды құю (толтырып құю), атауы мен мөлшерін көрсете отырып, ұшу алдында оқ-дәрілерді зарядтау (аспа) туралы деректер. Ұшаққа құйылған жанар-жағармай материалдары, газ, арнайы сұйықтықтар бақылау сынамасының зертханалық талдауы нәтижелері, зарядталған (ілінген) оқ-дәрілердің паспорттық деректері;
7) борттық ұшу деректерін тіркеу құралдары материалдары бойынша соңғы ұшуда әуе кемесі жүйесінің қолданыс қабілетін бағалау. Авиациялық техниканың істен шығу белгілерінің болуы, экипаждың белгіленген тәртіпті және авиациялық техниканы пайдалану қағидаларын бұзуы кезінде әуе кемесі жүйесінің жұмысын және экипаж әрекет етуін нақты талдау;
8) әуе кемесі жүйелерінің қолданыс қабілетін және оны соңғы ұшуда пайдалану туралы қорытынды.
5. Әуе кемесінің авиациялық оқиғадан кейінгі жай-күйі.
Планердің және оның жүйелерінің, қозғалтқыштардың, агрегаттар мен авиациялық және радиоэлектрондық жабдық коммуникацияларының, авиациялық қару-жарақ пен оқ-дәрілердің, құтқару құралдарының, оларды бекітудің және біріктірудің жай-күйі, тұтқалардың, крандардың, штурвалдардың, ауыстырып қосқыштардың және әуе кемесін басқарудың басқа да агрегаттарының орналасуы, басқару бетінің орналасуы және аспаптар көрсеткіштері сипатталады.
Әуе кемесінің конфигурациясы, оның қирауы сәтінде сыртқы аспалардың болуы айқындалады. Авиациялық техниканың ұшудағы қолданыс қабілетін сипаттайтын белгілер көрсетіледі. Әсіресе авиациялық оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін авиациялық техника ақаулары (зақымдалулар) егжей-тегжейлі сипатталады.
Авиациялық оқиғадан кейін жанар-жағармай материалдарының, газдың, арнайы сұйықтықтардың және оқ-дәрілердің болуы, олардың сәйкестігі (сынамалар санын және олардың мөлшерін, қандай жүйелерден алынғанын көрсету) айқындалады. Олардың болмауы жағдайында әуе кемесі жүйесіне май құю жүргізілген май құю құралдарынан іріктелген сынамаларды зертханалық талдау нәтижелері жанар-жағармай материалдарының, газдардың және арнаулы сұйықтықтардың техникалық шарттарға сәйкестігі бағаланады. Авиациялық зақымдау құралдарының сәйкестігі паспорттық деректер және оларды сақтау және пайдалануға дайындау шарттарын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша бағаланады.
6. Соңғы ұшуда әуе кемесі жүйесінің қолданыс қабілетін бағалау бойынша зерттеу.
Авариялық әуе кемесінде кіші комиссия жүргізген зерттеу сипатталады. Зерттеу нәтижелері, пысықтауға қабылданған авиациялық оқиға нұсқаларын және әрбір нұсқа бойынша кіші комиссияның жұмыс нәтижелері, авиациялық техниканың істен шығуларының себеп-салдарлық байланыстары схемасы, істен шыққан жүйенің құрылымдық-фунционалдық схемасы (егер әуе кемесінің соңғы ұшуында оның істен шығуы болса).
Ұшатын ғылыми-зерттеу зертханасы қандай зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындылары.
Ғылыми-зерттеу ұйымдарына не және қашан зерттеуге жіберілді. Зерттеу нәтижелері.
Әуе кемесі жүйелері істен шығуының немесе ақауының себебі, ол неге әкеп соқтырды (әкеп соқтыруы мүмкін) және бұл немен расталады.
Ұшуда істен шыққан агрегаттар бойынша деректер (осы есептің 1-бөлімінің талаптарына сәйкес көрсету).
Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында белгіленген әуе кемесінің конструкциясындағы, оны жасаудағы, пайдаланудағы және жөндеудегі барлық кемшіліктерді, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз етудегі кемшіліктерді талдау (кемшіліктерді және олардың істен шығу себебіне ықпал ету дәрежесін көрсету).
7. Қорытынды.
Жүргізілген зерттеу және олардың нәтижелерін талдау негізінде инженерлік-техникалық кіші комиссия мүшелерінің пікірі бойынша авиациялық оқиғамен себепті байланыста болған авиациялық техниканың әуеде істен шығуларымен байланысты қауіпті факторлар туралы қорытынды жасалады, немесе авиациялық оқиғаның себебі авиациялық техниканың істен шығуымен байланысты емес екені көрсетіледі.
8. Ұсынымдар.
Белгіленген себептер және тергеп-тексеру барысында анықталған қауіпті факторлар бойынша авиациялық өнеркәсіп, ғылыми-зерттеу ұйымдары, пайдаланушылар мен жөндеу кәсіпорындары үшін авиациялық оқиғаларды болғызбау жөнінде ұсынымдар жазылады.
Кіші комиссия төрағасы ______________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)
Кіші комиссия мүшелері ______________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)
9. Ғылыми-зерттеу ұйымдарында авариялық техниканы зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды.
Авариялық техниканы зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды келтіріледі, оған кім және қашан қол қойды (комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды алған жағдайда толтырылады).
Есепке қосымша:
жұмыс топтарының есептері;
әуе кемесін ұшуға дайындауға қатысатын лауазымды адамдардың баянаттары, авиациялық оқиға куәгерлерінің жазбаша көрсетулері;
әуе кемесін ұшуға дайындауды жүргізу және пайдалану кезінде пайдаланылған жанар-жағармай материалдары, авиациялық-техникалық мүлік, әскери жарақтандыру қоймаларын, зарядтау-аккумуляторлық станцияны, ұшуды қамтамасыз етудің жерүсті құралдарын тексеру актілері;
ұшатын ғылыми-зерттеу зертханасында зерттеу жүргізуге тапсырмалар;
ғылыми-зерттеу ұйымдарында зерттеу жүргізуге тапсырмалар.
Комиссияның 20___ жылғы "___" __________ отырысында қаралды № ____ хаттама |
Әкімшілік-штабтық кіші комиссияның тергеп-тексеруге байланысты жүргізген жұмысының нәтижелері жөніндегі есеп
________________________________________________________________
(авиациялық бөлім,
________________________________________________________________
мемлекеттік орган атауы)
__________________________________________________________ болған
(оқиға болған күн және орны)
_____________________________ ұшақтың (тікұшақтың) _____________
(авиациялық оқиға түрі) (түрі)
Кіші комиссия 20___ жылғы ________ – _______ дейінгі кезеңде авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында мыналарды анықтады:
1. Әуе тасымалын ұйымдастыру
1) жолаушылар туралы деректер:
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Әскери қызметке қатысы. Лауазымы, жұмыс орны | Осы әуе кемесінде ұшу үшін негіздеме | Жолаушылар үшін салдар (қаза тапты, жараланды, дені сау, табылмады) |
жеткізу құжаттарының болуы, олардың атауы, толтырылған күні;
жолаушылар санының осы әуе кемесінде адамдарды жеткізуге рұқсат берілген жолаушылар санына сәйкестігі;
жеткізуге мәлімделген жолаушылар жүгінің және қолжүгінің салмағы;
әуе кемесінің бортына жолаушыларды, жүкті және қолжүкті орналастыру;
2) жеткізілетін жүктің сипаты туралы деректер:
Р/с | Жеткізілетін жүк атауы | Габариті (м) | Салмағы (кг) | Жүкті әуеде жеткізу кімнің мүддесінде орындалды | |||
ұзындығы | ені | биіктігі | |||||
Жүктің жалпы салмағы | |||||||
Ортаға дәлдеу |
әуе кемесінің бортына жүкті орналастыру, оны бекіту әдісі;
жалпы жүктеме (сонымен қатар шектеулі жол берілетін жүктемені көрсету);
әуе кемесін ортаға дәлдеу;
авиациялық оқиға орнында жеткізілетін жүктің жай-күйі (сынды, жанып кетті, жанар-жағармаймен бүлінді, табылмады және т.б.).
әуе тасымалын ұйымдастыру туралы қысқаша қорытынды.
2. Іздестіру-құтқару жұмыстары:
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің атыәкесінің аты (бар болған кезде) | Әскери қызметке қатысы. Лауазымы, жұмыс орны | Осы әуе кемесінде ұшу үшін негіздеме | Жолаушылар үшін салдар (қаза тапты, жараланды, сау, табылмады) |
1) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылған кұштер мен құралдар құрамы;
2) авиациялық оқиға туралы іздестіру-құтқару күштері кезекшілерін хабардар ету уақыты;
3) әуе кемесін іздестіруді бастау уақыты және оны табу уақыты;
4) іздестіруді қысқаша сипаттау: іздестіру ауданының шекаралары, іздестіру уақыты, іздестіру биіктігі, іздестіру нәтижелері;
5) жерүсті іздестіру-құтқару командаларын хабардар ету және олардың жиналған уақыты және авиациялық оқиға орнына келу уақыты;
6) авиациялық оқиға орнынан әуе кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелерін эвакуациялау уақыты мен тәсілдері. Зардап шеккендерді емдеу мекемесіне (қандай көрсетілсін) жеткізу уақыты;
7) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде авиациялық оқиға болған әуе кемесі экипажы мүшелерінің әрекет етуі;
8) өрт сөндіру үшін тартылған кұштер мен құралдар, оны жоюға кеткен уақыт;
9) борттық объективті бақылау құралдарын іздеу нәтижелері;
10) авиациялық оқиға орнын күзету үшін қабылданған шаралар (қандай күштермен, кім, күзетуді бастау және аяқтау уақыты);
11) іздестіру-құтқару жұмысын жүргізу кезіндегі метеожағдайлар;
12) жерүсті іздестіру-құтқару командалары келгенге дейін авиациялық оқиға орнынан эвакуацияланған әуе кемесінің қаза тапқан және жарақаттанған жолаушылары және экипажы мүшелері саны;
13) жерүсті іздестіру-құтқару командаларының авиациялық оқиға орнынан эвакуациялаған әуе кемесі жолаушылары және экипажы мүшелері саны;
14) қаза тапқандардың жеке басын анықтау;
15) патологоанатомиялық зерттеу үшін қаза тапқандардың мәйіті жіберілген мекеме;
16) іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді қысқаша бағалау.
3. Авиациялық оқиға куәгерлерінен сұрау деректері.
Анықталған және сұрау жүргізілген адамдардың тізімі.
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің атыәкесінің аты (бар болған кезде) | Сұрау жүргізілген күн | Авиациялық оқиға сәтінде адамның болған жері | Тұрғылықты орны |
Сауал жүргізілген адамдардың жауаптарын жинақтаудан туындайтын деректер.
4. Әуеайлақ туралы деректер.
Әуеайлақ сыныбы, ұшу-қону жолағының сипаттамалары, жабын жай-күйі, әуеайлақ ауданында және әуеден қонуға беттеу жолағында жасанды және табиғи кедергілердің болуы.
Әуеайлақты техникалық пайдалануға қысқаша бағалау.
5. Авиациялық оқиға орнынан авариялық әуе кемесін эвакуациялау туралы деректер.
Авиациялық оқиға орнынан радиоактивтік элементтерді алу және оқ-дәрілерді қатерсіздендіру бойынша жүргізілген жұмыстар: күні, тартылған күштер мен құралдар.
Әуе кемесін авиациялық оқиға орнынан эвакуациялау бойынша жұмыстың басталған және аяқталған күні, бұл жұмысты жүргізу үшін тартылған күштер мен құралдар.
Авариялық әуе кемесін жеткізу орны.
6. Авиациялық оқиғаға қатысты құжаттарды, материалдарды алу туралы деректер.
Алынған және комиссияға берілген құжаттар тізбесі.
Комиссияның қосымша сұрау салған құжаттарының атаулары.
Комиссия үшін қажетті авиациялық оқиғаға қатысты материалдардың сақталуы.
7. Авиациялық оқиғадан келген экономикалық шығынды бағалау.
Жоғалған авиациялық техника құны ___________(мың теңге).
Жоғалған жүк құны___________(мың теңге).
Авиациялық оқиғаға тергеп-тексеру жүргізуге шығындар________ (мың теңге).
Тергеп-тексеруге ұшатын зертхана мамандарын тартуға шығындар____ (мың теңге).
8. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде анықталған кемшіліктер.
Жолаушыларды және жүкті әуеде тасымалдауды ұйымдастырудағы кемшіліктер.
Іздестіру-құтқару және эвакуациялық жұмысын жүргізудегі кемшіліктер.
9. Қорытынды.
Әуе тасымалын ұйымдастыруда лауазымды адамдардың әрекет етуін, жүктеме нормаларын және ортаға дәлдеуді сақтауға, жолаушылар мен жүкке жеткізу құжаттарын ресімдеуге, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмысының тиімділігіне баға беріледі. Егер олар әуе тасымалын ұйымдастырудағы және орындаудағы кемшіліктерге байланысты болса, авиациялық оқиға себептері көрсетіледі.
10. Ұсынымдар.
Анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсынымдар келтіріледі.
Кіші комиссия төрағасы ______________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)
Кіші комиссия мүшелері ______________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)
Есепке қосымшалар:
әуе тасымалына байланысты жеткізу құжаттарының, шарттардың және басқа да материалдардың көшірмелері;
кіші комиссия жұмыс топтарының материалдары;
жүргізілген іздестіру-құтқару жұмысы бойынша есеп;
өзінің растауын таппаған әуе тасымалына байланысты авиациялық оқиға нұсқаларының сипаттамасы;
экономикалық залалбағасын есептеу материалдары;
әуе тасымалын ұйымдастыруға, іздестіру-құтқару жұмысын ұйымдастыруға және орындауға қатысқан лауазымды адамдардың баянаттары, аивициялық оқиға куәгерлерінің куәлік етуі.