Келес ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 12-105-VIII шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 наурызда № 6498-13 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келес ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - ден 2% - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Келес аудандық мәслихат төрағасы Н. Шаулиев