Исатай ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 ақпандағы № 74-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 ақпанда № 5140-06 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 236-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 12.05.2026 № 236-VIII шешімімен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3 бабының 5-тармағына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Исатай ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем кезінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Мәслихат төрағасы А. Рахметов