Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 қыркүйектегі "Ақсу қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" № 69/9 шешіміне өзгеріс

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 118/18 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 сәуірде № 7529-14 болып тіркелді

      Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының "Ақсу қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қосымшаның 4, 6-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген өтініш берілген айдан бастап мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";

      "6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе "электрондық үкімет" веб-порталға Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы М. Омаргалиев