Рудный қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 173 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қарашада № 10331-10 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, Рудный қаласы бойынша салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4% - дан 3% - ға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков