Қордай ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 18-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қаңтарда № 5146 болып тіркелді. Күші жойылды-Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 52-7 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды- Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 28.11.2025 № 52-7 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Қордай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қордай ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қордай аудандық
      мәслихатының төрағасы Н. Садыков