Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы №26-7 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 мамырдағы № 20-4 шешімі

      "Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 26-7 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3849 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихат төрағасы М. Шайдаев