"Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 15-7 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 шілдеде № 5217-08 болып тіркелді

      Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2808 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасымен айқындалған Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесі келесі тармақтармен толықтырылсын:

      "

Ауданаралық қатынастар

7.

Ойық-Аққұм-Тараз

Ауданаралық

8.

Мойынқұм-Тараз

Ауданаралық

Жамбыл ауданы

7.

Аса-Құмтиын-Өрнек-Құмсуат-Тоғызтарау-Жаңаөткел

Ауданішілік

      ".

      Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы А. Нуралиев