Қонаев қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 наурыздағы № 23-80 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 14 наурызда № 6097-05 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-193 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 25.12.2025 № 56-193 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қонаев қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      С. Нуржанов