Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 8С-15/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 наурызда № 8722-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 ақпандағы № 8С-40/1 шешімімен.

      Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай ауданында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабы 4-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерлеме мөлшері 4 %-дан 2 %-ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нурпанова