Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № С 20-1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 наурызда № 8737-03 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл ауданында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабы 4-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерлеме мөлшері 4%-дан 2%-ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ақкөл аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы С.Абаханов