"Астана қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 213/26-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 тамызда № 1392-01 болып тіркелді

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1362-01 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімге қосымшада:

      4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар.";

      26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:

      1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;

      2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;

      3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;

      4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;

      5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);

      6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:

      1) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;

      2) ағаш діңін ақтау;

      3) бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;

      4) шөп шабу, арамшөптерді жою;

      5) жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);

      6) бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;

      7) ағаш тәжін тәждеу;

      8) ағаштардың тәжін қалыптастыру;

      9) қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;

      10) апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;

      11) тыңайтқыштарды қолдану;

      12) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;

      13) қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.";

      58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "58. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов