"Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгеріс

Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 159/20-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 сәуірде № 1378-01 болып тіркелді

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған шешімнің қосымшасында преамбуласы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 18-бабының 22) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес әзірленді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Каналимов