""Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 59 және Қазақстан Респу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 93 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 103 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 22 қарашада № 35391 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 59 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 45 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2012 жылғы 8 мамырдағы № 325 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2012 жылғы 15 мамырдағы № 153 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7722 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров
     
      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті