"Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 365 бұйрығына өзгеріс енгізу тур

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 қазанда № 35245 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11043 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларында:

      12 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бағыттарды жол бойы алып жүруге арналған күзет нарядының сандық құрамын күзет ұйымы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарды ескере отырып және "Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 711 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35159 болып тіркелген) сан нормативтері шегінде айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі