Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 348-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 тамызда № 34957 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 17 (он жеті) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарна айқындалсын.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 34 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14102 болып тіркелген);

      2) "Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 204-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32544 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева