ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15115 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидалары;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттары.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары (бұдан әрі – Шарттар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын айқындайды.
2. Кpeдиттiк бюроларға ақпарат беру шарттары мен ең төмен талаптары мыналар болып табылады:
1) ақпарат берушінің кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан күннен кейiн екi күндiк мерзiмде жазбаша нысанда кредиттiк бюроға ақпарат беруге жауапты және (немесе) кредиттiк бюромен өзара әрекет етуге уәкiлеттi тұлғалар және оларды ауыстыратын тұлғалар (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефонының нөмірі) туралы ақпарат беруі;
2) Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушінің (кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарды қоспағанда) нақты уақыт режимінде кредиттік бюроға жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін, банктік қарыздың, микрокредиттің сомасы мен мақсатын көрсете отырып, кредиттік тарих субъектісі – жеке тұлғаның банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасуға өтініш бергені туралы ақпаратты ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіпте беруі;
3) Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушінің өзінің кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) электрондық нысанда беруге алған келісімдерін есепке алуы;
4) кредиттік тарих субъектісінің Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімінің болуы.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидалары";
1, 3, 4 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) және кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттік есепті беруге келісімдерін ресімдеу тәртібін айқындайды.";
"3. Кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін және (немесе) кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттік есепті беруге келісімін Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер және кредиттік есептерді алушылар Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарына және құжаттарды сақтау тәртібін айқындайтын ішкі құжаттарға сәйкес сақтауға тиіс.";
"4. Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беруші мен кредиттік тарих субъектісінің арасында қарыз беру туралы шарт не өзге мәміле жасау кезінде кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін (бұдан әрі – ақпарат беруге келісім) алады.";
"7. Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін (бұдан әрі – кредиттік есепті беруге келісім) қарыз беру туралы шарт жасасуға өтінішті не ақпарат беруші мен кредит тарихының субъектісі арасында өзге де мәмілені қарау кезінде алады.
Кредиттік есепті беруге келісім кредиттік тарих субъектісінің қарыз беру туралы шарт не ақпарат беруші мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мәміле жасасуға арналған өтініші шеңберінде ресімделеді және осы өтініш негізінде жасалған, кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруші алдында ақшалай міндеттемелері туындайтын қарыз беру туралы шарттың немесе ақпарат беруші мен кредиттік тарих субъектісі арасындағы өзге де мәміленің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік есептi берудiң қағидалары мен шарттарында:
1 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттары "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және кредиттiк есептi берудiң тәртібі мен шарттарын айқындайды.";
"2-1. Кредиттік есепте нақты уақыт режимінде кредиттік тарих субъектісі – жеке тұлғаның банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілеу не оны алып тастау туралы ақпарат көрсетіледі.".
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және осы қаулының 1-тармағының 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін он бесінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |