"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 тамызда № 34935 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт қауіпсіздігіқағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұйым басшысы жобалық құжаттаманың болуын, сәйкестігін және өрт сөндіру және өрт дабылы қондырғылары, өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды хабарлау және басқару жүйелері, түтінге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтау, өртке қарсы жабдық пен өрт техникасы, өртке қарсы есіктер, клапандар мен люктер, өртке қарсы тосқауылдардағы ойықтарды толтыру, ғимараттар мен құрылыстар үй-жайлары, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдары,адамдарды құтқарудың жеке және ұжымдық құралдары, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және сыртқы технологиялық қондырғыларды найзағайдан қорғау құрылғыларының тұрақты жұмыс жағдайында болуын қамтамасыз етеді.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ғимараттарды өртке қарсы қорғаудың техникалық құралдары мен жүйелерінің (өрт дабылы және өрт сөндіру, түтінге қарсы қорғау, өртке қарсы сумен жабдықтау қондырғылары, өрт кезінде адамдарды және қол өрт сөндіргіштерді, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарын, адамдарды құтқарудың жеке және ұжымдық құралдарын құлақтандыру және эвакуациялауды басқару) тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұйым басшысының бұйрығымен өртке қарсы қорғау жүйелерін үздіксіз пайдалануды, алғашқы өрт сөндіру құралдарын сатып алуды, жөндеуді, сақтауды және қолданысқа дайындықты, техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын алу жөндеуін уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз ететін лауазымды тұлға тағайындалады.

      Өрт сөндіргіштерді пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Ұйымдардағы кезекші персоналдың үй-жайларында телефон орнатылған орындарда, эвакуациялау жоспарлары, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар "101" өртке қарсы қызмет пен "112" бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтің телефон нөмірлері көрсетілген тақтайшалар ілінеді.

      Кезекші персонал өзіне жүктелген функцияларға сәйкес ғимараттың барлық есік құлыптарының кілттері жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

      Кілттердің қосалқы жиынтығы ғимараттың бірінші қабатындағы кезекші персоналдың (күзет) үй-жайында сақталады.

      Әрбір кілт оның қай құлыпқа тиесілі екендігі жазылған биркамен қамтамасыз етіледі.

      Кезекші персонал автоматты өрт дабылын қабылдау-бақылау аспабы орналасқан, телефоны бар үй-жайға жайғасады және түнде ғимаратта қалған адамдарды есепке алу журналын еркін нысанда жүргізеді.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Темекі шегуге жол берілмейтін жағдайларды (жарылыс-өрт қауіпті объектілер) қоспағанда, ұйым басшысы темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындарды айқындайды. Темекі шегуге арналған арнайы бөлінген орындар бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, жанбайтын материалдардан жасалған урналармен немесе темекi тұқылын салғыштармен және "Темекі шегуге арналған орын" деген жазумен қамтамасыз етіледі. Бөлінбеген жерлерде темекі шегуге жол берілмейді.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Ғимараттар, үй-жайлар мен құрылыстар ҚР ҚН 2.02-02-2023 "Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы" талаптарында айқындалған объектілер тізбесіне сәйкес өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен қамтамасыз етіледі.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау бойынша орындалатын жұмыстар ҚР ҚН 1.03-00-2022 "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру" талаптарына сәйкес ресімделеді.";

      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Сұйық отынмен жұмыс істейтін аппараттар апаттық төгілу кезінде отын багындағы отынның барлық көлемін сақтайтын металл түпқоймаға орнатылады. Көрсетілген түпқойма құммен немесе басқа жанбайтын адсорбентпен толтырылады, ол отын сұйықтығы сіңгеннен кейін жойылады.";

      112-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Пешпен жылу беруді пайдалану кезінде:

      1) от жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды балалардың қарауына тапсыруға;";

      112-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;

      120-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 130-1-тармақпен толықтырылсын:

      "130-1. Желдету камералары, циклондар, сүзгілер, ауа өткізгіштер, ас үйдің сору жүйелері жанғыш шаңдардан, өндіріс қалдықтарынан және май тұнбаларынан тазартылады.

      Ұйымның басшысы немесе өрт қауіпсіздігі талаптарынының сақталуына жауапты адам желдеткіш камераларды, циклондарды, сүзгілер мен ауа өткізгіштерді, ас үйдің сору жүйелерін жанғыш шаңдардан, өндіріс қалдықтарынан және май тұнбаларынан тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін еркін нысанда тиісті акт жасай отырып айқындайды, бұл ретте мұндай жұмыстар жылына кемінде 1 рет жүргізіледі.";

      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "151. Пәтерлер, жеке тұрғын үйлер және тұрғын бөлмелерде:

      1) балкондар мен лоджияларда тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, газ баллондарын сақтауға;

      2) төсекте темекі шегуге;

      3) балкондардан, лоджиялардан және терезелерден темекi тұқылын лақтыруға;

      4) тұтанған темекіні қалдыруға.

      5) токты тұрақты тұтынуды талап етпейтін электр жабдығын электр желісіне қосылған күйде бақылаусыз қалдыруға жол берілмейді.";

      152-тармақ алынып тасталсын;

      159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "159. Ауылдық елдi мекендердiң, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестерiнiң аумағында:

      1) өрт шыққан жағдайда адамдарға құлақтандыру үшiн дыбыстық сигналдарға арнайы құрылғылар орнатылуы қажет және өрт сөндiру мақсатында су қоры құрылуы тиіс;

      2) көктемгі, жазғы және күзгі маусымда әрбiр тұрғын үй ғимаратының жанында жиынтық су қоры кемiнде 200 литр сыйымдылық орнатылуы немесе өрт сөндiргiш болуы тиіс;

      3) жанғыш қалдықтардың үйiндiлерiн ұйымдастыруға жол берiлмейдi. Пайдаға асырылмайтын қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатақханалардың, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараждардың және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткiзгiшпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарында жабылатын қақпақтары бар металл сыйымдылықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 25 м қашықтықта орнатылады.";

      162 және 163-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "162. Өрт қаупi бар маусымның бірінші онкүндігінде ауылдық елді мекендерде, бау-бақша серіктестіктерінде, саяжай кооперативтерінде және кәсіпорындарда жергілікті атқарушы органдар, бау-бақша серіктестіктерінің, саяжай кооперативтерінің басқармалары, ұйым басшылары тиісінше айрықша өртке қарсы режимді белгілейді және өрттің шығу қауіптілігін төмендету бойынша қосымша шараларды қабылдайды, өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізу, алау жағу, автомотокөліктің орман алқаптарына кіруі бойынша шектеулер енгізеді, халықтың және ерікті өрт сөндіру құралымдарының қоғамдық бірлестігі мүшелерінің күштерімен бастапқы өрт сөндіру құралдарымен елді мекендердің аумақтарын және олармен іргелес орман (дала) алқаптарын патрульдеуді, сондай-ақ өрт сөндіру мақсаттары үшін бейімделген техниканы ықтимал пайдалануға дайындықты ұйымдастырады. Елді мекендердің периметрі бойынша Жергілікті атқарушы органдармен ені кемінде 4 метр қорғаныш минералданған жолақтар орындалады.

      163. Өртке қарсы үзіктер шектерінде жанғыш материалдарды қалдықтар мен қоқыстарды жинап қоюға, көлік тұрағына, ғимараттар мен құрылыстарды, оның ішінде уақытша құрылыстарды салуға (орнатуға) жол берілмейді.";

      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Ғимараттар мен құрылыстарға өтетін жолдарда және кіреберістерде өрт техникасының өтуіне, адамдарды құтқару үшін арнайы техникалық құрылғыларды орнатуға кедергі келтіретін көлік құралдарын, тіркемелерді, тіркеме вагондардың тұрағына және оны қоюға, және уақытша құрылыстарды орнатуға, сондай-ақ өрт гидранттары құдықтарының қақпақтарында көлік құралдарын, тіркемелерді, тіркеме вагондардың тұрағына және оны қоюға, және уақытша құрылыстарды орнатуға жол берілмейді.";

      174 және 175-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "174. Құрғақ, ыстық және желді ауа райы тұрақты болған жағдайда қалаларда, ауылдық елді мекендерде және кәсіпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бау-бақша учаскелерінде от жағуға, көмір, қоқыс, қалдықтар, құрғақ шөпті жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге, сондай ақ стационарлық емес сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін пештерді, ас-үй ошақтарын және қазандық қондырғыларын жағуға жол берілмейді.

      175. Тұрғын үйлердiң қожалық учаскелерiнде ірі жемшөптердi жинау ғимараттарға және аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта орындалады. Көрсетілген қашықтықта ірі жемшөптердi жинау мүмкiн болмаған кезде, жинау орнын кемiнде 500 литр суы бар қосымша сыйымдылықпен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтық 15 метрден 5 метрге дейiн қысқартылады.";

      199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "199. Қонақ үйлердің, мотельдердің, кемпингтердің (глэмпингтердің), хостелдердің үй-жайларында тұрғын қабаттарда қойма және кеңсе үй-жайларын орналастыруға жол берілмейді, сондай-ақ адамдарды жертөле және жертөле үй-жайларында орналастыруға (тұруға) жол берілмейді.";

      221-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "221. Адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде:

      1) кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етілген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда екінші қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;

      2) жаңа жылдық шыршалар тұрақты негізде орнатылады, олармен үй-жайдан шығатын жолдарды үйемелеуге жол берілмейді;

      3) шырша бұтақтары қабырғалар мен төбеден кемінде 1 метр қашықтықта орналасады;

      4) үй-жайда электрмен жарықтандыру болмаған жағдайда мерекелік іс-шаралар тәуліктің жарық уақытында ғана өткізіледі;

      5) иллюминация ЭҚОЕ талаптарын сақтай отырып орындалады. Төмендеткіш трансформаторсыз электр жарықтандыру желісін пайдалану кезінде шыршада кернеуі 12 Вольтқа дейінгі шамдарды тізбектей қосу арқылы ғана гирляндалар қолданылады. Шамдардың рұқсат етілген қуаты 25 Ватт;

      6) иллюминацияда ақау табылған кезде (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқындау) ол дереу токтан ажыратылады;

      7) іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың, өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Іс-шаралар өткізілетін үй-жайлар осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 377-1-тармақпен толықтырылсын:

      "377-1. Қышқылдарды сақтау орындарында абайсызда төгiлiп кеткен қышқылдарды бейтараптандыру үшiн бордың, әктiң немесе соданың дайын ерiтiндiлері көзделеді.";

      339-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "339. Мүгедектігі бар жатқан адамдар мен қарттар оларды барынша жылдам эвакуациялауды қамтамасыз етуді ескере отырып, үй-жайларда орналасады, адамдардың осы санатын жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға жол берілмейді.";

      505-тармақ алынып тасталсын;

      1080-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1080. Бокстарда, паркингтерде, көлік құралдарын қоюға арналған үй-жайларда, өндірістік гараждардың үй-жайларында, көлік сақталатын үй-жайлардың шатыр астында және ашық алаңшаларда:

      1) көлiк құралдарын орналастыру жоспарының нормасынан асып кететін көлік құралдарын орнатуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты төмендетуге; олардың және ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға;

      2) шығу қақпалары мен өту жолдарына заттарды үйіп қоюға; ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағашпен өңдеу жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектердi шаюға;

      3) көлiк құралдарын отын бактарынан, отын өткiзгiштерi мен карбюраторлардан ағу болғанда, сондай-ақ электр жабдығы бұзылған жағдайда отын бактарының қылталарын ашық қалдыруға;

      4) көлiк құралдарына жанар-жағар майларын құюға, сондай-ақ оларды су бұру жүйесіне немесе жақын аумаққа төгуге. Пайдаланылған жанар-жағармай материалдарын, сүзгiлердi, ескi-құсқы нәрселер және басқа да материалдар жинауды жанбайтын материалдардан жасалған, жабылатын қақпақтармен жабдықталған ыдыстарға жинау қарастыру керек;

      5) электромобильдерді қоспағанда, аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген үй-жайларда қайта зарядтау;

      6) қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (алау, шырақтар, дәнекерлеу шамдары, газ жанарғылары), жарықтандыру үшiн ашық от көздерiн пайдалануға;

      7) жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшiн көлiк құралдарын ортақ тқрақтарға қоюға;

      8) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың ыдыстарын сақтауға;

      9) көлiк құралдарын сырлауға, бөлшектерiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға болмайды.";

      мынадай мазмұндағы 1080-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1080-1. Электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын бокстарда, паркингтерде, көлік құралдарын қоюға арналған үй-жайларда, өндірістік гараждардың үй-жайларында, шатырлардың астында және көлікті сақтаудың ашық алаңдарында орналастыру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген талаптарды сақтау қажет.";

      1273-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1273. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі полигондарға қызмет көрсету және тұтануды алдын ала қайтару үшін ұйымдардың басшылары қажетті арнайы техниканың (бульдозер, өзіаударғыш, экскаватор, тиегіш, суару-жуумашинасы, сутаратқыш, су айдауға арналған мотопомпалар) және сусымалы инертті материалдардың қорының болуын қамтамасыз етеді.";

      1367-тармақ алынып тасталсын;

      1573-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1573. Өрт гидранттары жарамды күйде ұсталады, гидранттардың құдықтары бөгде заттар мен жер асты суларынан тазартылады, қысқы уақытта жылы оралады, ал құдықтардың люктері қар мен мұздан тазартылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
Б. Сыздыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Орталық сайлау комиссиясы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және

      ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі