БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;";
21- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата – аналары немесе басқа да мүдделі тұлғалар бала туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті (бұдан әрі - туу туралы өтініш) кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не электрондық түрде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес береді.";
42- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Әке (ана) болуды анықтау кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушы туу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып:
баланың ата-анасы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес бірлескен өтініші негізінде қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде әке (ана) болуды анықтау туралы;
өзін баланың әкесі деп таныған тұлға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылған, анасы әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не оның ата-ана құқықтары шектелген, анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда әке (ана) болуды анықтау туралы;
баланың анасы немесе басқа да мүдделі тұлғалар осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде соттың әке болуды анықтау, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы шешімі бойынша өтінішпен жүгінеді.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Ұл (қыз) асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін өтініш беруші кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде туу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес өтініш береді.";
79-тармақтың бірінші абзацын мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, неке қию туралы өтініш береді.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік даулар мен өзге де талаптары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш береді.";
102-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін жұбайы келмеген кезде тіркеуші орган сотқа ұсыну үшін жазбаша жауап береді.";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің, қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш береді.";
143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"143. Азаматтық хал актісі жазбасының күшін жою үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе электрондық түрде портал арқылы осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, жазбалардың күшін жою туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жазбаны жою туралы өтінішпен жүгінеді.";
145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"145. Сот шешімі негізінде азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе электрондық түрде портал арқылы осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаларды жою туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, жазбаны жою туралы өтінішпен жүгінеді.";
4-қосымшада 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) |
1) Мемлекеттік корпорация арқылы: |
17-қосымшада 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: |
20-қосымшада 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: |
22-қосымшада 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) |
1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы: |
26-қосымшада 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: |
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі